«Бабаларға мың тағзым»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бабаларға мың тағзым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқанымызға көп болған жоқ. Дамудын алдыңғы сатыларынан өтіп келеміз. Ата - аналарымыз үшін ең алғаш тәуелсіздік алған күніміз кешегі күн секілді. 1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз өз тәуелсіздігін алды. Тәуелсіздік - Құдайдың біздің Отанымызға берген үлкен сыйы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бабаларға мың тағзым»

Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқанымызға көп болған жоқ. Дамудын алдыңғы сатыларынан өтіп келеміз. Ата - аналарымыз үшін ең алғаш тәуелсіздік алған күніміз кешегі күн секілді. 1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз өз тәуелсіздігін алды. Тәуелсіздік - Құдайдың біздің Отанымызға берген үлкен сыйы. Бұл сыйға биыл 29 жыл толды. Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгеріп, аз уақыт ішінде еліміз көркейіп, көптеген жаңа белестерді бағындырып үлгерді.

Қазіргі таңда барлығымыз бейбіт әрі гүлденген ел - Қазақстанда тұрамыз. Халқымыз небір қиын кезеңдер мен ауыр жағдайларды басынан өткізді. Аштық, соғыс, 70 жыл бойы кеңес одағының қарамағында болды, 70 жыл бойы өз ана тілімізде сөйлеуге де тыйым салынды, қазақ ақын - жазушыларын өлімге қиды. Осының балдығын біздің қазақ жұртымыз басынан өткізді.

Жазық даланың батырлары мен аялы аналары көзінің қарашығындай қорғаған елімізді қорғау әрқайсымыздың міндетіміз деп білемін. Отанды сүю оның ірбір тасы мен талын сүйуден басталады. Бұны патриоттық сезім деп білемін.

Патриот болу дегенді әркім әртүрлі түсінеді. Бірі Отаны үшін жанын беріп, елін бар жан тәнімен сүю деп білсе, басқасы патриотпын деп жүріп елін мазақ етіп жүреді. Мұны күнделікті өмірде өзіміздің айналамыздағы адамдардан байқауға болады. Отанын сүйе алмаған адам өз отбасын да шын ниетімен сүйе алмайды деп ойлаймын. «Отан отбасынан басталады» деген сөзді де мен осылай түсінемін. Отанын сыйламаған адам – отбасының да қадірін түсінбес, отбасын қадірлемеген адам - отанының да қадірін білмес деймін. Отбасыңның сені құрметтегенін күтсең, өз құрметіңді отаныңнан баста, Отаныңды сүй, қадірле. Сонда ғана осындай керемет әрі тәуелсіз мемлекетте тұрып жатқаныңа лайық боласың.

Отанға деген шексіз махабатты, қандай заң, қандай жағдай болсын өшіре алмайды. Қазір біз өзіміздің елімізге қолдау көрсетіп, басқа елдің алдында еліміздің абыройын асқақтатып жүруіміз керек. Себебі, біздей терең тарихымыз бар елді шетел асып, он сегіз мың ғаламды шарлап келсең де таппайсың.

Міне, тәуелсіздік алғанымызға жиырма тоғыз жыл болыпты. Осы уақыт ішінде бізді бүкіл әлем танып, Қазақстанды тәуелсіз ел деп мойындады. Осының барлығы біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында. Елбасымыз өзінің салиқалы саясатының арқасында көптеген істі бітіріп, елімізді көркейтті, жастарға көп мүмкіндік берді.

Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ атты жолдауының арқасында еліміз елу елдің қатарына кірді. Ендігі біздің мақсатымыз отыз елдің қатарына кіру және бұл біздің қолымыздан келеді деген ойдамын.

Біз еліміздің патриотымыз! Еліміздің патриоты ретінде Отан үшін отқа да,суға да, түсіп жанымызды беруіміз керек. Себебі, мен үшін туған жер туып - өскен жер ғана емес, тарих пен даналықтың, рухани құндылықтардың мекені. Қазақстан әрдайым менің жүрегімде.

Біздің еліміздегіндей батырлар, ақын – жазушылар, батыр да қайсар аналар, көрікті қыздарымыз бен байсалды ұлдарымыз табылмайды. Осындай елді әр азамат алақанында аялап, ел намысына шаң жуытпауы керек деп ойлаймын. Әр қазақстандықтар батыр бабаларымызға мың тағзым жасаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі