Материалдар / «Бабаларға мың тағзым»

«Бабаларға мың тағзым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Біздер Тәуелсіз, болашағы зор, еркін және құдіретті елдің азаматтарымыз. Ата - бабалардың қасық қанымен, найзаның ұшы, білектің күшімен бүгінгі ұрпаққа аманат еткен туған өлке тарихымен танысу, танып - білу арқылы бабалар сыйын болашаққа тұтастай аманат ету бүгінгі жас ұрпақтың міндеті болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бабаларға мың тағзым»


Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!


Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Біздер Тәуелсіз, болашағы зор, еркін және құдіретті елдің азаматтарымыз. Ата - бабалардың қасық қанымен, найзаның ұшы, білектің күшімен бүгінгі ұрпаққа аманат еткен туған өлке тарихымен танысу, танып - білу арқылы бабалар сыйын болашаққа тұтастай аманат ету бүгінгі жас ұрпақтың міндеті болмақ.

ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егеменді елдігіміз марқайып келеді...


Ел тарихы жер тарихы өзіміз!

Болашақтың қасиеті кезіміз.

Барлық ұлтпен бауырласын жетелеу,

Ақ, қараны тіліп тұрса тіліміз.


Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Міне, мен осындай тәуелсіз Қазақстан азаматы болғаныма қуанып, мақтан етемін.

Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігіміздің ұзақ уақыт жасағанын қаласақ, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қай заманда да әр адамның санасындағы аса маңызды және құрметті мәртебиеге ие ұстаным - отансүйгіштік, яғни париоттық сезім екені ақиқат.

Туған елдің құндылықтарын, әсіресе тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарын басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге таратуда отансүйгіштіктің белгісі. Туған халқымыздың тарихына көз жүгіртсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егемен ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата - бабаларымыздың арқасы. Батыр бабаларымыздың арқасы десем артық емес. Жүректегі Қазақстанмен өмір сүру қазақ мемлекетін отаным деп сезіну басқа ұлттардың қазақ халқына сый құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болуы. Мен өзімді Қазақстан азаматымын деп мақтана айта аламын, өйткені мен оның тілін, мәдениетін, тарихын, салтдәстүрін білемін. Келешекте менде өзімнің еліме көп еңбек сіңіруге тырысамын. Біздің бабаларымызға мың тағзым айтамыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ