жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бағалау
Баяндама
Тақырыбы: Бағалау
Жоспар:
Бағалау ұғымы.
Критериалды бағалау мен дәстүрлі бағалаудың айырмашылығы.
Өлшемдік технологиялар.
Баға – оқыту үдерісіндегі қозғаушы күші. Пәнге деген қызығушылығы артады, осыған қарап, біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз. Осыдан білім берудегі басты қозғаушы күш екені анық.[3]
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. [3]
Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жобда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау көбінесе, баға қоюдың синтездік түр (1-5 дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі. Бағалаудың екі аспектісі бар. Біріншісі оқуды бағалау (жиынтық бағалау), екінші аспектісі оқыту үшін бағалау(формативтік бағалау) болып табылады. Модуль мұғалімдерге:
•Бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
•Бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
•Бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;
•Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.
“Бағалау” термині “жақын отыру” дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, бақылауы болып табылады.
Бағалау қамтиды:
•Қадағалау;
•Алынған мәліметтердің интерпретациясы;
•Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке “сәйкес/сәйкес емес” деген нысанда жасалады.
Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісінреттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізгеннәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс.
Оқыту үшін бағалау (ОҮБ) – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұға- лімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы қажет.
Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы. Бұл құрал білім берудің сапасын, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін анықтауға, білім беру саласындағы заманауи міндеттерге сәйкес болмаған жағдайда оны білім беру стратегиясы мен тактикасы бойынша нәтижейлі шешімдерді қабылдауға, білім берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау – бұл үдеріске қатысушылардың барлығына , нақты белгіленген оқушылардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес критерийлері бар оқушылардың жетістігін салыстыруға негізделген үдеріс. [1,7]
Критериалды бағалау – оқушылардың оқужетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнынасәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анағажәне мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.[1,7]
Белгілі бір мерзім ішіндегі нақты білім көрсеткішін көрсетеді (қортынды тест, емтихан, сынақ, бақылау кеспелері т.б.) Бағалау әдістерін мұғалім жоспарлап, күнделікті тәжірибеде қолданылады. Міндетті түрде оқушымен кері байланыс орнатылу керек. Мұғалімге сыныптың түсіну, ілгерілеу деңгейін көрсетеді Оқытуды жақсартудың 3 басты шарты:
1.Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету
2.Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы
3.Оқушылардың өзін өзі бағалауы
Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды жәнепедагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудыңағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді). [1,7]
➢Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым. [2]
➢Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. [2]
➢Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.[2]
➢Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік жәнет.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.[2]
➢Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекеткеарналған жауап, пікір.
Психолог Б.Г.Ананьевтің* зерттеу жұмысына сәйкес: «Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болыптабылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісіншебағыт бермейтін әсер, адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».[2]
Бағалаудың критериалды жүйесі формативтік бағалаудан (ағымдағы бағалаулар) және қорытынды бағалаудан (оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша бағалау, тоқсандық және жылдық қорытынды бағалау) тұрады. Формативтік бағалау оқушьгаың білімді, білікгі және дағдыны сыныпта немесе үйде күнделіктік жұмыстың барысында инәтижерілу деңгейін анықтау үшін арналған. Ол әр түрлі формада іске асырылады және мұға- лімгежәне оқушыға өздерінің жұмыстарын сәйкесінше түзетіп алуға және қорытынды бағалауға дейін мүмкінболар кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Тоқсандық бағаны және оқушының қорытынды жұмыстары үшін бағаны қою барысында оның формативтік бағалары ескерілмейді. Қорытынды бағалау оқу тақырыбының бөлімін оқып болған соң білімнің және оқу дағдыларының қалыптасудеңгейін анықтауға арналған. Қорытынды бағалау әр түрлі қорытынды жұмыстардың (тесттер, бақылау жұмыстары) нәтижелері бойынша жүргізіледі. Қорытынды жұмыстарға қойылған бағалар пән (курс) бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін негіз болып табылады.Бағалаудың екі түрін есепке алғанда нақты құзыреттіліктердің қалыптасу нәтижелері қандай бағалау түрімен жүргізілетіндігін анықгап алу қажет. Пәндік нәтижелер белгілі дәрежеде дәстүрлі болып табылатындықтан формативтік бағалау да және де қорытынды бағалау да бойынша анықтала алады. Қорытынды бағалауда критерийлер бойынша қойылады. Қорытынды бағалаудың критерийлеріменде оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушы, мұғалім, ата-аналар) таныса алады. Бағалаудың критерийлері формативтік бағалаудың міндетті құрама бөлігі болып табылады. Формативтік бағалау барысында бағалаудың критерийлері оқу материалының нақты бір фрагментіне (тақырыпқа немесе бөлімге) бағытталады. Ал суммативтік бағалау барысында олар кеңірек болады. Дәстүрлі сабақта көбіне механикалық есте сақтау арқылы алынған. Ары қарай терең ойлау үрдісі іске асырылмайды. Бес балдық жүйеде мақсаттар бағаларын салыстырмалы түрде ғана алынады. Тек ал сындарлы оқытуда керісінше, басты басымдылық оқушыға беріледі.[5, 31]
Мұғалім өз сабақтарын оқушы идеясы, білім біліктілігін дамытуға етіп ұйымдастырута- лап етіледі. Бұнда міндеттер мақсаттар оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, өз ойын білдіре алады. Жаңа оқытудың «кембридж» жүйесі бойынша тәсіл біршама өзгерді. Бұл бағдарламаның 7 модулі мектеп тәжірбиесінде мұғалімдердің өз тәжірбиелерін шындап, табысты меңгеруде өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл модулдер:
- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
-сыни тұрғыдан ойлау
-бағалау және оқуды бағалау
- оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
- дарынды балаларды оқыту
- жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Бағдарламаға енгізілген жаңа тәсілдерді мектептің мұғалімдері үйреніп пайдалануда. Жеті модулдің бірі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушының білім деңгейін анықтау, оқушы еңбегін мадақтау,оқу- шының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу және айтар оймен санасу. Біз осы кезге дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік. Бұл бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылуда. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру арқылы ары қарай оқытуда жетелеу. Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмайқалған тұстарын нақты көрсетіп, толықтырылып қайта оқуға бағыттау.[4]
Критериалды бағалау көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.Заманауи мектепте білім алушылардың білімділік жетістіктерін бағалауға критериалды көзқараспен келу талапқа ие, себебі ондай көзқарас білім беру процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерийлерді және білім беру нәтижелерін көруге мүмкіндік беретін кері байланысты орнатуға көмегін тигізеді. Бағалау жүйесінің маңызды сипаттамасы қатарында оның тек баға қою кезінде ғана қолданылмай, мұғалім, білім алушылар және ата-аналар арасында білім беру процесінің сәттілігі бойынша қадағалаушы-диагностикалық байланысты тұтас жүзеге асырады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулібалалардың білімділік жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың арақатынасы мәнді болады. Қазіргі кезеңде мектепті ішкі басқарудың теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері байқалады. Бақылаудың барлық түрлері бағалаудың жасалған критерийлерінің негізінде іске асырыла алды. В.П.Беспальконың критериалды-бағытталған оқьггу технологиясы критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі болып табылады. [6,4]
Критериалды бағытталған оқьггу технологиясының адами ұстанымдары барлық мақсаттар міндетті критерийлердің белгілеген нәтиже деңгейлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол тапсырмаларды түрлендіру, олардың бірнеше үлгілерде болуы арқылы жасалады. Оқушыға мұғалім бұл деңгейлердің осы замандағы мәдениетке сай жеке түлға ретінде дамуы барысында ары қарай жетістіктерге жетуі үшін қажет екендігін түсіндіреді. КБО моделі мына элементтерден тұрады.Тақырыптың игерілуі бойынша критерийлер нақты анықталады; бүл оқытудың нақты (бағдарлама бойынша талап етілетін) тізімінде көрсеті- леді. Әр бір фрагмент оқу материалының тұтас бөлімі ретінде беріледі. Бақылау әр бір оқу бірлігінің мақсатының орындалғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы тестердің негізгі қызметі – оқу барысындағы кейбір кемшіліктерді айқындау және түзету. Материалды оқу әдістері тандалады, оқу тапсырмалары құрастырылады. Тест сұрақгарының әр бір үлгісі бойынша басқа түзетуші және толықтырушы материалдары жасалады. КБО технологиясының басты мақсаты толық игерудің критерийін анықгау және жасау. [5,20]
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата- анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсатыбағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
- Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
- Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
- Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
- білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
- мұғалімдернәтиже білім алушылардың ілнәтижерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы
туралы ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін мақсаттар өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушылар- ды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Бағалаудың жаңа түрі сапалы оқу нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін критерийлерді жасауға мүкіндік береді:
- өзінің қызметін талдау және жоспарлау үшін жұмыс ақпаратын алуға;
- сабақ өту сапасын жақсартуға жеке қабілеттерін ескере отырып әр оқушының жеке білім алу траекториясын түзуге;
- бағалаудың әр түрлі құралдарын және тәсілдерін пайдалануға;
- оқу бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Оқушыларға өзінің түсінуін көрсету үшін оқудың алуан түрлерін, ойлау қызметінің және қабілетінің түрлерін пайдалануға; нәтижені болжау үшін бағалаудың критерийлерін білугежәне түсінуге, табыстың критерийлерін түйсінуге өзін және құрбы-құрдастарын бағалай отырып, рефлексияға қатысуға нақты міндеттерді шешу үшін білімдерін пайдалануға, әр түрлі көзқарасты білдіруге, критериалдық ойлауға мүмкіндік береді. Ата-аналарға баланың білімінің деңгейі туралы дәлел алуға баланың оқуындағы оң өзгерістерді қадағалауға; оқу үрдісінде балаға көмек беруге мүмкіндік береді. Критериалдық бағалау технологиясы оқушының мектептегі қорқынышын төмендетуге, оқушыда өзіндік бағалаудың қалыптасуына, өзінің еңбегінің нәтижелері үшін жауаітгы болуға мүмкіндік береді. Олай болса, осы оқу технологиясын қолдану әр бір оқушының, бүкіл сыныптың, бүкіл мектептің, қоғамның білімдерінің және тәрбиелік деңгейінің жоғарлауына әкеледі. Бағалау жүйесіндегі айырмашылықтарына тоқталсам, дәстүрлі оқу форматында мұғалім бағаны өз шешімі бойынша қоятын болса, критериалды бағалау жүйесінде мұғалім бағаны критериалды бағалау негізінде қояды. Бұрынғыдай енжар оқушы емес, керісінше белсенді оқушы тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік көбейеді.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - алған білімдерін жай ғана біліп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуі болып табылады.
Білім берудің өлшемдік технологиясын Б.Блум 1956 ж. жалпы сипаттамасын жасаған болатын. Блум таксаномиясы 6 деңгейден тұрады.Олар: білу (нақты материал, терминология, фактілерді, анықтамаларды, критерийлерін және т.б.); түсіну (түсіндіру, сыртқа тарату); қолдану; талдау (өзара байланыстарды, құру принциптерін); синтез (жоспарын әзірлеу және ықтимал іс-қимыл жүйесін, алу жүйесін абстрактілі қатынастар);бағалау (пікір қолда бар деректер негізінде, пайымдауды негізінде сыртқы өлшемдерін). Ал, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды бағалау Блум таксаномиясының білу, түсіну, қолдану деңгейлерінде ғана жүзеге асырылады.[1,20]
Қорытындылай келе, жаһандану заманның талабына сай жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында қиындықты анықтап оны шешуге, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға бейімдеу болып табылады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттырып, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Өзін бағалап, жетістікке жетуіне мүмкіндік туғызады. Сапалы білім нәтижеге бастар жол екендігі анық. Жаһандану заманында жаңартылған цифрлық инновациялық технологияларды пайдаланып, дүниежүзілік білім көкжиегіне өтіп, елімізді дамытатын жастарды тәрбиелеу ұстаздардың басты мақсаты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жусупова Д.Ж., «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні бойынша практикум/ Д.Ж. Жусупова. - Костанай: ҚМПУ 2020 7-105 б.
https://melimde.com/lekciya-tairibi-bafalaudi-olshemdik-tehnologiyalari-ou-peni-re.html
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Урмашев Б. А.,Критериалды бағалау технологоиясы: Оқу құралы/ Б. А. Урмашев-Алматы: «ССК» баспасы, 2016.-140 б.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 26 маусымдағы 5 хаттамасы).
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген