Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалау жүйесінің шет елдердегі озық тәжірибелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, иновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттаржүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылықтары тұлғаның,қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бағалау жүйесінің шет елдердегі озық тәжірибелері

Махмутова Акнур Ермуханбетовна

Ақмешіт колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы


Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, иновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттаржүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылықтары тұлғаның,қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс.

Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты- өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Аталған мақсатты жүзеге асыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жаңарту қолға алынды.

Бағалау үдерісін қайта қараудың өзектілігі білім берудің қазіргі заманғы стратегиялық міндеттерімен, халықаралық жетістіктер аясында білім деңгейін көтеру қажеттіліктерімен, оқыту нәтижелерінің обьективтілігін және мектеп түлектерінің елімізден сырт жерлерде де бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттіліктерімен анықталады.

Бағалау жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ көп функционалды ету қажет. Ол оқушыны оқу материалын қаншалықты табысты меңгергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға; оқушылардың танымдық қызметтің түрлі салаларындағы табыстылықтың динамикасын көрсетуге мүмкіндік беруі тиіс, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандыратын, дамытатын, ықпал ететін механизмнің болу керек, сондай-ақ мұғалім-оқушы, ата-ана-топ жетекші, әкімшілік-педагогикалық ұжым байланысынқарастыру қажет. Бұл оқу үрдісінің қалыптасуына жүйелі тәсілді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Осы бағытта алыс және жақын шетелдердің білім берудегі бағалау жүйесін зерделеудің маңызы зор.

Шетелдердегі оқушылар білімін бағалау жүйесін қарастырайық. Беларусь, Грузия, Литва,Латвия, Молдова бағалаудың 10 балдық жүйесін тәжірибеге енгізген. Германия мен Польшада бағалау жүйесінің 6 балдық, Голландия мен Жапонияда 100 балдық, Италияда 30 балдық жүйесі қолданылады. Франция және оның бұрынғы бірқатар отар елдерінде 20 балдық жүйе пайдаланылады. АҚШ-та 5 балдық жүйе қабылданған, бірақ санның орнына әріптер қолданылады.

АҚШ-тың бірқатар колледждері мен орта мектептерінде оқушылардың оқу үлгерімін бағалауда әріптік жүйені қолданады: А-тамаша,В-жақсы,С-қанағаттанарлық,Д-нашар,Ғ-өте нашар. Солай болғанымен, әр жарты жыл сайын өтетін қорытынды тест жұмыстары пайыздық жүйе арқылы бағаланады. Дұрыс жауаптардың пайызына қарай мынадай өлшемдер бойынша балл қойылады: 90-100%-А, 80-89%-В,70-79%-С, 65-69%-Д, одан төмен болса-Ғ.

Канадада баға пайыз есебімен қойылады. Мысалы, 50-60%-қанағаттанарлық, 65-75%-жақсы,80-90%-«өте жақсыға» жақын, 100% алу өте қиын. Бұл көбінесе математика және нақты ғылымдарда мүмкін. Барлық пәннен алынған бағалар негізінде орташа балл шығарылады. Келесі жылға көшіру үшін 50%-дан жоғары болуы тиіс. Орташа балл 80% -дан асқан жағдайда емтиханнан босатылып, мақтау қағазы беріледі.

Жапония мектебінде оқушылардың білім деңгейі жеке бағаланбайды. Білім сапасының жалпы пайызы анықталып, тұтас сыныпқа орташа балл шығарылады. Десе де, орта және жоғары мектеп оқушылары пайыздық жүйе бойынша бағаланатын әр триместрдің аяғында және бірінші, екінші триместрдің ортасында емтихан тапсырады.

Францияда білімді 20 балдық жүйе бойынша бағалайды. Осыған байланысты, жоғары баға-18 балл. Француздар 20 балды тек Жаратқан ие ғана алады деп санайды, ал 19 балл мұғалімге беріледі. 10-ға дейін және одан жоғары балл «жақсы»деп саналады. «Төртке» оқитын француздықтардың көпшілігі 12-14 балл алады. 14-16 балл алу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Бельгияда 1988 жылға дейін білім сапасын бағалаудың франциялық 20 балдық жүйесі қолданылған. Қазіргі таңда бағалаудың әртүрлі шкаласы қолданылады. Франкотелді қауымның орта білім беру жүйесінде 10 балдық шкала қолданылады, ондағы 10 балл- жоғары баға, 1 балл-төмен баға. Осыған байланысты, келесі сыныпқа көшу балы 5 немесе 4 деген баға болып табылады. Оны белгілі бір аттестаттау кезеңі үшін білім беру мекемелерінің басшылығы дербес белгілейді.

Фламандық қауымның орта білім беру жүйесінде 20 балдық жүйе қолданылады: 20 балл-өте жоғары, 10 нан 20-ға дейінгі аралықтағы балл-жақсы, ал 10 балл-шекті деңгейден «өту» аймағы болып есептеледі. Жоғарыда аталған екі қауымның жоғары мектебінде бағалаудың пайыздық-сандық жүйесі қолданылады. Мұнда 80% және одан жоғары болса-«өте жақсы», 70-80%-жақсы, 60-70%-қанағаттанарлық,ал 60% «өтпелі»аймақ болып табылады.

Испаниядағы білім беру жүйесінде оқушылардың білім сапасын бағалаудың сапалық және сандық түрлері қолданылады. Бірінші жақдайда мынадай сапалық сипаттамалар қолданылады: Sobresaliente- өте жақсы, Notable-жақсы, Aprobado-қанағаттанарлық, SuSpenso-қанағаттанарлықсыз. Білім сапасын бағалаудың сандық жүйесі 10 балдық жүйе: 9-10-өте жақсы,7-8-жақсы,5-6-қанағаттанарлық,1-4-нашар.

Польшада 6 балдық жүйе қолданылады. Сонымен қатар, оқу мекемелері оқу процесін ұйымдастыруда өз бетінше жұмыс істеудің белгілі бір үлесін алды. Осыған байланысты әрбір мектептің өз қызметі аясында оқушылардың үлгерімін бағалаудың «ішкі»шкаласы аталатынартықшылығы бар. Алайда,басқа оқу мекемелеріне берілетін мектеп құжатындағы бағалар бағалаудың сыртқы жүйесінің жалпы қабылданған шеңберінде болуы тиіс.

Германиядағы орта білім беру жүйесінде де бағалаудың 6 балдық жүйесі қолданылады, бірақ керісінше жүргізіледі:

1-өте жақсы,2-жақсы,3-жеткілікті,4-қанағаттанарлық,5-қанағаттанарлықсыз, 6-өте нашар.

«Бір» деген баға өте сирек қойылады. Өйткені, Германияда жоғары оқу орындарына түсу үшін емтихандар болмайды; мұнда басты қызметті орташа бағаны атқарады; ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқуға түсу мүмкіндігі мол. Орташа бағаны шығару үшін бағаны балға мынадай қатынаста қайта айналдырып есептейді: 1-15 балл; 2-12 балл;3-9 балл; 4-6 балл;5-3 балл;6-0 балл

Ұлыбританияда бағалаудың әріптік жүйесі қабылданған (А*-дан U-ға дейін).

А*-өте жоғары баға, өте сирек қойылады; А-өте тамаша; В-өте жақсы; С-жақсы; Д-жеткіліксіз; Е-нашар; Ғ-өте нашар; N-аттестациядан өтпеді; U-өте алмау.

Қағаз жүзінде тек Uдеген баға емтихан тапсырма алмады дегенді білдіреді. Десе де тәжірибеде Е-ден төмен бағалар «екілік»бағасына барабар.

Аргентина мектептерінде 10 балдық жүйе қолданылады. 10-өте жоғары нәтиже. Өткен материалдар бойынша тексеру, тәжірибелер және қорытынды жұмыстар жүргізіледі. Олардың нәтижесі әр триместрдегі орташа арифметикалық бағаны шығаруға ескеріледі. Орташа арифметикалық баға 7-ден көп немесе оған тең болса, осы курсты табысты аяқтады дегенді білдіреді; баға 7-ден төмен болған жағдайда оқу жылында өткен барлық материалдар бойынша емтихан тапсыруға тура келеді. Оқушы екі пәнді тапсыра алмаса, емтиханды қайта тапсыру арқылы келесі сыныпқа көшеді.

Израильдегі орта мектептерде 10-0 немесе 100-0 масштабындағы сандық баға қолдланылады. Жоғары балл 10 немесе 100 балл болып табылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2022
2614
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11