Материалдар / «Бәйгеторы» повесіндегі өмір шындығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бәйгеторы» повесіндегі өмір шындығы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бәйгеторы» повесіндегі өмір шындығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2024
423
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия









Зерделеу жоба жұмысы

Тақырыбы:

«Бәйгеторы» повесіндегі өмір шындығы


Бағыты: сүйіспеншілік

Орындаған: Ғалам Дана

Класы: 10

Пән жетекшісі: Сулейменова Акшолпан Жиенеевна














Ақтөбе – 2023


Жоспары.



Кіріспе .........................................................................................

5-6

Негізгі бөлім. Повестің көркемдік ерекшелігі..........................

7-9

2.1.Шығармадағы психологизм.................................................

9-11

2.2.Бәйгеторының тағдыры........................................................

11-16

Қорытынды..................................................................................

17-18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................

19





















Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Болашаққа тәуелсіз мемлекет ретінде қадам басқан қазақ жастарын, келешекті тәрбиелеуде, Ә.Кекілбаев шығармашылығы орасан зор ықпалын тигізеді деп білеміз. Сондықтан да, «Бәйгеторы» повесіндегі өмір шындығы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу – ғылыми жобамыздың басты мақсаты болып табылады. Осы арқылы ұлттық болмысты аша отырып, сүйіспеншілік бағытын зерделеп; адами қарым-қатынастың озық үлгілері арқылы сүйіспеншілікті жан-жақты талдамақпыз. Біз өзіміздің ғылыми жобамызда жазушының «Бәйгеторы» туындысын алып қарастырмақпыз. Ал айтулы қаламгердің романдарын талдауды болашақтың еншісіне қалдыратындығымызды ескертуді жөн санадық. Сонымен, ғылыми жобаны жазудағы басты мақсатымыздан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Ұлттық болмысты ашатын повестің көркемдік ерекшелігін анықтау;

  • Қаламгердің шығармасындағы адамгершілік, сүйіспеншілік, табиғатпен етене жақын халық мінезін ашу мәселесін жан-жақты көрсете білгеніне сараптама жасау;

  • Шығармасында нағыз адами құндылық пен оған жат қылықтарды шебер ұштастырған жазушының баяндау шеберлігін талдау, өмір шындығын айқын көрсету.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ жазба әдебиетінен бастау алған бай әдеби дәстүрді игерген Ә.Кекілбаевтың прозалық туындыларындағы қазақ халқының ұлттық табиғаты бедерленген туындысына жан-жақты, толыққанды талдау жасалынып, төмендегідей мәселелер шешімін тапты:

  • Ә.Кекілбаевтың прозасындағы халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, ат баптау өнерінің сыры арқылы ұлт болмысын танытудағы рөлі байыпталды;

  • Ұлттық мінезде сол ұлт өкілдерінің болмыс-бітімі жататыны сараланды;

  • Ат тағдыры арқылы сүйіспеншіліктен алшақтап жатқан адамдар туралы шындық ашылды;

  • Сауалнама нәтижесі бойынша жазушы мұраларының насихатталу деңгейіне гипотеза жасалды.

Ғылыми жобаның құрылымы. Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



























кіріспе

Қай кезеңде өмір сүрсек те халық өткен тарихы мен ұлттық табиғатын әдебиет арқылы таниды. Жазушы Ә.Кекілбаевтың төл туындылары ұлттық болмыс пен халық тұрмысының айна қатерсіз бет-бейнесін оқырмандарына шынайы қалпында жеткізді. Энциклопедиялық білімі бар сөз шебері Әбіш Кекілбаев сынды қазақтың талантты тұлғасы не жазса да тереңнен толғап, дәлелдеп, кешегі мен бүгінгінің байланысы, келешегі жайлы талдап жазды. Ә.Кекілбаевтың сөзі әр қазақтың ойына ой қосты, көкірегіне сара бағыт дарытты, биіктік пен тереңдіктің қандай болатынына айғақ болды. Сондықтан да, Әбіш Кекілбаев өз дәуірінің шынайы шежіресін жасап кетті деп білеміз.

Қазақ халқының тарихи тұлғасына айналған Ә.Кекілбаев туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Әбекең өзінің қаламгерлік дарынын ешқашан қоғамның тыныс-тіршілігінен бөлек қойып көрмеп еді. Шығармаларының көпшілігін жауапты және жоғары мемлекеттік қызмет лауазымдарымен қатар алып жүріп жазды. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Ол үлкен абыроймен атқарған қызметтердің қатарында Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы сияқты лауазымдардың болуының өзі көп жағдайларды аңғартады деп ойлаймын» [1. 56 б.] - деп жазды. Иә, Н.Назарбаев айтса айтқандай, қоғамдық қызмет пен әдеби шығармашылық жұмысты қатар алып жүріп, теңдесіз талантын таныта білген Ә.Кекілбаев шығармашылығын зерттеуді біз аса өзекті деп санаймыз. Сондықтан да, біздің зерттеу нысанасына алған ғылыми жобамыздың тақырыбы «Бәйгеторы» повесіндегі өмір шындығы» деп аталды.

Әбіш Кекілбаев - адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез- құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді.

Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді. "Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас", - деп Қуаныш Сұлтанов "Кекілбаев кеңістігі" атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. [2]



























ІІ. Повестің көркемдік ерекшелігі

«Бәйгеторы» повесі - халқымыздың атбегілік өнеріне арналған ескерткіш. Қазақ жазушылары ішінде тұлпарлар тарихын жазбаған жазушы немесе ақын жоқ шығар, сірә! «Бәйгеторы» сол тақырыпты толықтырған туынды. Қазақ халқының ұлттық психологиялық ерекшеліктерін айқындау барысында өнер түрлерін жан-жақты білу аса қажетті. Соның бірі - атбегілік. Эстетикалық құндылығы жағынан жоғары сатыда тұрған осы өнердің иесі Сейіс жағымды образ ретінде суреттелгенімен, өзі баптаған атқа Ақандай мейірленбейді.

Бәйгеге қосатын атты баптау, оны құлын кезінен тани білу өз ісінің маманы, нағыз атбегінің қолынан ғана келетін дүние. Атбегінің қолынан келген барша қазақтың қолынан келмесі анық. Атқа ықыласы ауған халықтың ішінде бұл - өте қастерлі іс.

Егер күтімі болмаса кез-келген жануардың азып-тозары анық. Ал тұлпарды дұрыс бағалай білмеген, бабын таба білмеген адамның тұлпар бағын қайтарары тағы анық. Мұндай тарихты бастан кешірген тұлпарлар жайлы баяндар қазақ әдебиетінде молшылық. Дегенмен Әбіш Кекілбаевтың «Бәйгеторы» повесінің орны ерекше.
«Бәйгеторының» көркемдік ерекшелігіне тоқталар болсақ, басты кейіпкері -Бәйгеторы. Адам жанын теңдесіз шеберлікпен суреттейтін қаламгер бұл жолы аттың жанына үңіледі, аттың «екі аяқтылар» туралы ойы мен іс-әрекетіне берген бағасы арқылы жаңаша бояумен шығарманы әрлендірген. Бәйгенің алдын бермей адамдардың қуанышы мен мақтаныщына айналған торының өзі «ойланады», «еске түсіреді». Әлемдік әдебиетте тараған ерекше әдісті Ә.Кекілбаев қазақ танымына жақын суреттейді.

«Бәйгеторы Сейісті бірден таныды. Сейіс бірақ осы ауылдың бота тайлағына таланып, жал-құйрықтан атымен ада боп сүңкі кеткен бұны қапелімде тани алмады». [3] «Бәйгеторы» повесі жүйрік аттың аянышты тағдырын осылай хабарлаумен басталады. Төрт түліктің ішінде қазақ үшін қадірлі деп танылған есті жануар бұрынғы иесін танығанымен, иесі бұған бұрылып та қарамайды. Өз қолымен жемдеген, таң асырған, қамау терін алып, талай-талай бәйгелерге қосқан Сейістің қанша жылдан соң кездескенде танымай, қаннен қаперсіз үй ішіне кіріп кетуі Бәйгеторының кеудесінде қамалған шер-шеменді сыртқа лықсытады.

Шығармада жылқының иіс сезуі, дәм сезуі, айналасын тануы, ал­ғаш ана құрсағынан қағанағын жа­рып шыққан ең аяулы сәтінен бас­­тап жалғыз көзді кәрі лақсаға айналған шағына дейінгі қым-қиғаш тіршілігі оның өз «пайымымен» бедерленген. Оқырман кәрі жүрегі тоқтауға айналған Бәйгеторымен бірге оның жан әлеміне саяхат жасап шығады. Оң көзін ағызып, тағдырын теріс арнаға бұрып жіберген тапал сарыға ашуланады. Тағдыры адам қолындағы байғұс жануардың жан әлемін жылытып тұрған сезімдер қандай шынайы! Ол да бір кездері сүйкімді болды. Бәйгенің алдын бермеді. Кеудесін кере тыныс алып, мәреден құйғытып шауып өтетін. Соңындағы қалың нөпірден оқ бойы озық келіп жүргенде сүйсіне қарап, мұнымен бірге суретке түсуге құштар болған көпшіліктің ықыласымен қанаттанған. Бірақ кейін келе мұ­ны­мен қатарласа шауып, сосын мұның алдында келуді шығарған көк айғыр пайда болғанда бәйгенің сират көпірден өтер жалғыз аяқ жол екенін, онда басы артық соқпақ болмайтынын аңғарған. У-дуды жарататын көпшіліктің де тек ең алдында келген атқа ықыласты болатынын байқаған. Содан бастап мұның көзінен ақталған тары мен сүт бұлбұл ұшып, мойнына арпа салынған дорба ілінген.

Шығармадағы жексұрын тапал сарының психологиясы толық ашыл­ған. Ол қораш. Ол кекшіл. Оның жан сезімі жетілмеген. Мүмкін тапалдығын өз бойына мін көреді, мүмкін басқалай да себептері бар шығар, әйтеуір ол жылқының қадірін білмейді. Басқа бір жабағыны баптауға әкелген күні бәйгеторыны мазақ қып, екі сау­са­­ғының арасынан бас бармағын шығарады. Кеше ғана Бәйгеторы үшін тары іздеп, сүт әкеліп, қатындарға сәндеп жабу тіккізіп жүрген күндер есте жоқ. «Бірінші болсаң ғана құр­меттеймін» дейтін сұмпайы тілек, қорашта болатын мүгедек сана-сезім жылқыны қорлатқызады. Бәйгеге қосып, жанкүйер боп жүрген тапал сары дырау қамшымен оң жақ жанарын ағызып түсіріп, мұның бүтін әлемін жартыкеш кепке түсіреді.

Қаламгер психологиялық параллелизм әдісіне сүйеніп жазғаны белгілі. Бұл тек жылқының тағдыры емес. Сана-сезімі мүгедек қораш адамдар тек жылқыларды ғана қорламайды. Бәйгенің алдын бермеген талай тарланбоздың тағдыры жартыкеш кепке түскенін кім санай қойсын. Қысқасы, Бәйгеторының көз жасы мына әлемде қиянаттың мерейі үстем екеніне дәлел. Ішкі монолог арқылы аттың жан сыры ақтарылып, оқырманды адамдардың оспадар мінезінен аулақ болуға шақырады.



2.1.Шығармадағы психологизм

«Әдебиеттану терминдер сөздігінде» Г.Пірәлиева былайша түсінік берген: «Ішкі монолог – кейіпкердің ішкі ойы, өзіне өзі қарата айтылған арнауы. Көңіл күй сырын білдіретін, эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құралдың бір түрі. Әлеуметтік-психолгиялық романдарда жиі кездеседі, автордың көрінбей араласуы арқылы жүзеге асады. Психологиялық анализ түрінде беріледі. Ол шығармашылық әдіске орай әртүрлі көркемдік әсер туғызады». [4.371]

Есті жануар Бәйгеторы екі аяқтылардың әрекетін бағамдай қарап, үнемі оларды бақылады.

Мына жұрт осыншама неге топырлайды? Әне бір алдына темір таяқ шанышқан адам, таяқтың басындағы жұдырықтай қара темірге аузын төсеп, неге өзеурейді? Үстіндегі бәйге бала тізгінін қайта-қайта тарта бергені несі?

«Алдында ат жоқ. Жалғыз келеді. Көк желкесінде күшті дүсір бар екен. Артына түскен екі аттан әлі алыстай қоймапты, құлақтың түбінен шым-шым мұздай тер шыққанын енді байқады. Міне бәйге төбемен қапталдасты. Соңындағы екі аттың дүсірін тыңдап құлақ түріп келеді. Артынан ат емес, бәрі қуып келе жатқандай қатты қорықты. Екі аяқтыларда ес жоқ. Жан ұшырып айқайлап жатыр. Қызыл жалау көтергендердің тұсынан ағып өтті.

Елдің айқай-шуында есеп жоқ. Бәйге бала бұны анадай оқшауға апарып суытқалы қыдыртып жүр еді, қара нөпір халық жолдағы қолына қызыл байлаған көк жағалы адамдардың есін кетірді. Ат мінгендердің бәрі алынып-берініп бұған ұмтылғандардың жолына тосқауылға тұрды. Не істегелі жүргендерін анық білмегенмен, бұл жолы олардан бұрынғыдай сескенген жоқ. Мынау ызы-қиқы, қым-қуыт, айқай-шу да, алабажыр топ та бұрынғыдай басын даң қылмады. Қайта құлағына жағып бара жатқан сияқты...

Мұның үстіне көзінде көлтабандай көзілдірігі бар бір жуан қарын қос қолтығынан төрт жігітке деметіп, ырсылдап күрсілдеп зорға мінді. Бармақ мұрт оны да бір шырт еткізді. Одан кейін әлгі келте шашты келіншекті бір еркек лып еткізіп көтеріп әкеп, ер үстіне қондыра қойды. Жылтырақ темір тағы да шырт етті. Бір машина адам бірінен соң бірі мініп түсіп жатыр. Жылтырақ темір де үсті-үстіне шыртылдай береді.

Бұл жалығып кетті. Тыпыршып, Сейіске қарай бір оқыранып қойып еді. Екі аяқтылар да қызық халық қой, құдды әкесі ақырып, жасқаншақ боп қалған балалардай бұдан қымсынып, кейін шегіне берді. Бұның бәйгеден озғанына қуанбаған кісі жоқ». [5]

Осы үзіндіде автор адамдардың мінезін аса шеберлікпен жанама мінездеме арқылы дөп басады.

Қазақ прозасындағы психолизмнің табиғатын зерттеген профессор Г. Пірәлі оның ең басты үш ерекшелігін атап өткен болатын: «Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды» [6; 10].

«Бәйгеторы» шығармасындағы жағымсыз образ тапал сарының ішкі әлемі дұрыс қалыптаспаған бейне ретінде өте жақсы сипатталған. Бойы өспей қалған адамның жанашырлық қасиеті де бойынан әрі аспағанын көріп отырып, іштей қынжыласың. Атақ, дақпырт үшін жанын беруге бар тапал сары дәурені өткен аттың тағдырын кемтар қылғаны кім кімді болмасын ашуландырады. Екіжүзділікті бойына жиған тапал сары бастапқы кезде атпаз кісі көрінгенмен, соңында жүрегі тас, мейірімі жоқ адам ретінде бір қамшы арқылы өзін дәлелдейді. Бәйгеторының бір жағын су қараңғы әлемге сүңгіткен тапал сарыны ақтауға еш себеп жоқ.

Ал Сейіске келер болсақ, мейірімі мен жұмсақ алақанын ат баптауға арнағанымен, жан жылуының шуағы көрінбейді. Есті жануар иесін танығанымен, ол теріс бұрылып жүре береді. Бұл орайда, адамдардың болмысы бүкпесіз көрінеді. Жақынын жаттай көре алатын екі аяқтылардың ісі оқырманға ой салары анық.

Бәйгеторының жан қиналысы мен тән қиналысы әлемде қиянаттың үстем екеніне дәлел. Г.Пәрілиева айтпақшы, «кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады» дегендей, мұндағы кейіпкерлердің тура, жанама мінездемелері өмір шындығын айқын ашып беріп тұр. [5]


2.2. Бәйгеторының тағдыры

Ақын Е.Дүйсенбай: «Құдай берген дарын –қабілеті арқасында ұстазы Әуезовтің ілтипат-ықыласын аударған Кекілбаев суреткердің әп дегеннен-ақ өз шығармаларына ел тағдырын, жер тағдырын, халық бейнесін, алтын арқау, асыл өзек желі еткеніне , тіпті де, таңдануға болмас. Өз түйсінуімше, осы тұрғыда ол ұлттық әдебиеттегі сирек құбылыс ғана емес, әлемдік деңгейдегі Толстой, Шекспир сынды титандармен үндес те, рухтас та деп ойлаймын,»[7]- деп, Ә.Кекілбаевқа өз бағасын беріп өткен болатын. Әлемдік деңгейдегі классиктерден қалыспайтын прозаиктің ірілі-ұсақты қай шығармасын алып қарасаңыз да халық бейнесі, тұрмысы шынайы суреттелген. Сөз саптауы мен оқиға сюжетін қиюластырып құрастыруда өзіндік стилі қалыптасқан.

«Бәйгеторы» шығармасы қойшы ауылда сүріні кетіп жүрген аттың қасқыр алып, бәйге атына жаратылғаны оқиғасынан бастау алып, кәрі жүректің дүрсілін тыңдап жатар кемтар аттың баянсыз тағдырымен аяқталады.

«Кейінгі кезде бір көктеңбіл ат қырына ілікті. Бәйгеторыны ақыры құртқан сол көктеңбіл ат. Бәйге қызықтаушыларда ес жоқ. Көктеңбілге лап қойды.

Бұл жолы бәйгеторының қасында бәйге бала мен Сейістен басқа жан қалмады. Тапал сары екеш тапал сары да көк теңбілге кимелеген жұрттың иығынан мойынын асырғысы кеп, өкшесін көтеріп, кеңірдегін созып, өліп барады.

Бәйге жолы сират көпірден өткен сыңар аяқ сын жолы екен; онда қатар келер, қосар жүрер басы артық соқпақ атымен жоқ боп шықты. Бәйгені қызықтап, қыз-қызға құмартатын жұрттың тек топ жарған дараға ғана жаны қалмай, былайғыны қанша асыл болсаң да көзге ілмейтінін де сол жолы бір жолата біліп кетті; бұрын ду көргенде тықыршып тұра алмайтын, ағын судай асып-тасатын көңілі енді жиын көрсе жан шыдатпай шамырқанатын мәңгілік шор жара түйіп кетті».

Бұл Бәйгеторының трагедиялық тағдырының басы болатын-ды. Кезінде қошемет пен мадаққа іліккен аттың өз биігінен түсуі оған да, иесіне де оңай болмады. Иесі демекші, тапал сарының мұрты қисаймады, басқа көк ала тайға көңілі кетті. Өз кезегінде жүлдесін, марапатын алып, дәурені өткен атын басқа бір тепті. Бұл жерде адамдық қасиеттің бір нышанын да байқай алмайсыз.

«Сол күні атқораға әкеп қамады. Кешқұрым Сейіс сыртына бұрқырап шаңы ұшқан қаудырлақ жем дорбаны мойнына ілді. Бұл қыс түскенше ат қорада қала берді.

...Тапал сары көк ала тайды байлап тастап, ыржалақтап бұның қасына келді. Бұл мекіреніп тұмсығын ұсынып еді, тұмсығына қолын тосты. Екі саусағының арасынан әлденені қылтитты. Тәтті нәрсе әкелген екен деп, асап қалып еді, тісі кірш ете қалды. Тапал сары бажылға басты. Соның арасынша оң жақ шекесін қамшы көме жөнелді. Бір жақ көзі анадай жерге ұшып кеткендей болды. Естен танып, миы зеңіп қиралаңдап жығыла берді. Көз алдын қан жуды. Сол жығылғаннан қанша жатқанын білген жоқ. Есін жиса, Сейіс күп боп ісіп кеткен оң көзін жуып отыр екен».

Атбегі Сейістің қамқорлығы Ақанның Құлагеріне деген махаббаты сияқты көрініс береді. Жылы жұмсағын беру, жалынан сипау, жарасын жуу, Бәйгеторының одан жылулық іздеуі т.б. әрекеті тапал сарының қасында Сейісті біршама жоғары деңгейге шығарады. Алайда торыны еркелете тұрып, көк ала дөненге кетіп қала беруі тапал сарыдан артық еместігін айғақтағандай болады. Сейістің әрекетіне ішің жыли отырып, суып кетесің.

Қалай болғанда да бұл жердегі құрбандық Бәйгеторы сүйіспеншілік пен адамның аялы алақанына зәру екендігін түсінесің. Иелеріне, ат баптаушыларына іштей күйінесің. «Шашты» әңгімесіндегі Кенжебектің Қыпшақбозды қалай аялағанын көргенде, бұл аттың тағдыры тіпті аянышты. Бар жазығы – өзінің қадіріне жететін адамның қолына түспегені. Қойшының қолында қалған бурыл тәрізді бұл да сол жақта қалғанда, мұндай күйге түспес пе еді, кім білсін?..

«...Содан қайтып Сейісті көріп тұрғаны осы. Содан бері бұның оң жақ қапталы су қараңғы қара түнек. Көзі жоқ жағынан сыбдыр шықса, қасқыр шап бергендей зәре-құты қалмай, тұла бойы шімірігіп кетеді. Содан бері аспандағы ай мен күн де жартыкеш, аяғының астында жарқырап жатқан айдын көл де жартыкеш, бұрын қанша шапса да шегіне шыға алмайтын байтақ әлем де жартыкеш, тіпті қыбыр-қыбыр жүрісі де, өмір емес, жай әншейін жартыкеш жанбағыс, итшілеген құр әуре-сарсаң. Содан бері бүл кімнің тақымына түспеді! Ең әуелі бір егінші мінді. Сосын қорықшы мініп, мал қайырды. Шикі кірпіш соғатындарға саз балшық басып та көрді. Ең соңында почта тасып еді, почташы жуырда осы ауылдың тұсынан өтіп бара жатып, жол-жөнекей машинаға отырып, бұны тастап кетті.

Үйден шай ішіп, қызара-бөртіп Сейіс шықты. Оған ілескен екі-үш адам көк ала дөненнің қасына келді. Ар жақ-бер жағына алма-кезек шығып қарап, ауыздары жалп-жалп етеді. Бұлардың не істегелі жүргенін білмей көк ала дөнен дірілдеп тұр. Сейіс атының тізгінінен ұстап, қызықтаушыларға күлімсірей қарайды. Бұл оқыранып қойды. Сейіс жалт қарады. Тұрды-тұрды, сосын барып таныды. Қасына келді. Бұ да ұмтылып мойнын созды. Сейістің әр күс, әр мүйізіне дейін таныс аялы алақаны маңдайын, құлақ шекесін, жағын, жалының орнын сипап көрді. Өзі қартаяйын деген бе, әлде бұның мына түрін көріп, көңілі бұзылып кетті ме, тодырайып тұрған соқыр көзінің тұсына келгенде қолы қалтырап кетті. Көптен бері бұның етіне тиген аялы алақан. Бәйге торы қимай тұр. Бірақ Сейіс бұның жағынан еркелете қақты да, көк ала дөненге қайтып барды. Тұсауын алып, атына мінді. Сосын бұл жаққа бір қарады да жүріп кетті.

Көк ала дөнен суреттей. Мүсінді жылқы екен. Тойнақы денесін ұйыған қатықтай дірілдетіп, аяғын да сұлу алады. Ауылдан былай шыға аяңға басты. Бұл қылт-қылт жүрісті, сұлу көк дөненнің соңынан сүйсіне де, мүсіркей де қарап біраз тұрды. Көк дөнен көкжиекке барып сіңді. Бәйгеторы құлағындағы дүбірдің не дөң асып кеткен бәйге дөненнің дүсірі екенін, не күннен-күнге меңіреу тартып бара жатқан, қалжыраған кәрі жүрегінің дүрсілі екенін ажырата алмады». [5]

Құлагерді қаскөйлер қолдан мертіктірсе, ал мұнда өз иесі атына қиянат жасайды. Екі шығармада да бәйге аттарының аянышты тағдыры баяндалған. Осы шығармалар арқылы қазақ халқының арасында айналасына аярлықпен қарайтын тасжүрек адамдардың бар екеніне көз жеткіземіз. Олардың әрекетіне ешкім

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!