БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Педагогикалық идеялар панорамасы» орта білім ұйымдарына арналған бейне сабақтар мен бейнедәрістер Республикалық конкурсы өңірлік кезеңінің «Орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары» бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аталым бойынша конкурсқа қатысуға пән мұғалімдері қатысу өтінімдері мен ереже талаптарына сай бейнесабақтарын жіберді. Байқауға облыстың 16 аудан 3 қаласынан бейнесабақтар келіп түсті. Көптеген сабақтар мазмұндық және техникалық жағынан бейнесабақтар байқауының сынынан өте алмады.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына келіп түскен бейне-сабақ, бейне-дәрістерді талдай келе, сараптама мүшелері аға оқытушы, PhD доктор Касенова С.А., аға оқытушы, Орманбекова Л.Ж., аға оқытушы Абдыкалыкова Б.Т. қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің байқауға жоғары деңгейдегі дайындықпен қатысқандарын атап өтті. Дегенмен, конкурстың талаптарын ескере отырып, сараптау кеңесі байқау талаптарына сай жауап беретін 3 жұмысты таңдап алды.


Бейнесабақтар байқауының «Орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары» бағытының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің №4 аталымы бойынша 1-орынға Алматы облысы Қарасай ауданы Әл-Фараби атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп-гимназияның мұғалімі Елшиманова Гулдана Нурдинқызы , 2-орынға Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының мұғалімі Жамансариева Еңлік Асылбекқызы, 3-орынға Іле ауданы №38 мектеп-гимназияның мұғалімі Кауменова Меруерт Туктарбекқызы ие болды.
Аталған мұғалімдердің бейнесабақтары «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңіне қатысады.
Орманбекова Л.Ж., кафедраның аға оқытушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Педагогикалық идеялар панорамасы» орта білім ұйымдарына арналған бейне сабақтар мен бейнедәрістер Республикалық конкурсы өңірлік кезеңінің «Орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары» бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аталым бойынша конкурсқа қатысуға пән мұғалімдері қатысу өтінімдері мен ереже талаптарына сай бейнесабақтарын жіберді. Байқауға облыстың 16 аудан 3 қаласынан бейнесабақтар келіп түсті. Көптеген сабақтар мазмұндық және техникалық жағынан бейнесабақтар байқауының сынынан өте алмады.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына келіп түскен бейне-сабақ, бейне-дәрістерді талдай келе, сараптама мүшелері аға оқытушы, PhD доктор Касенова С.А., аға оқытушы, Орманбекова Л.Ж., аға оқытушы Абдыкалыкова Б.Т. қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің байқауға жоғары деңгейдегі дайындықпен қатысқандарын атап өтті. Дегенмен, конкурстың талаптарын ескере отырып, сараптау кеңесі байқау талаптарына сай жауап беретін 3 жұмысты таңдап алды.


Бейнесабақтар байқауының «Орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары» бағытының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің №4 аталымы бойынша 1-орынға Алматы облысы Қарасай ауданы Әл-Фараби атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп-гимназияның мұғалімі Елшиманова Гулдана Нурдинқызы , 2-орынға Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының мұғалімі Жамансариева Еңлік Асылбекқызы, 3-орынға Іле ауданы №38 мектеп-гимназияның мұғалімі Кауменова Меруерт Туктарбекқызы ие болды.
Аталған мұғалімдердің бейнесабақтары «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңіне қатысады.
Орманбекова Л.Ж., кафедраның аға оқытушысы
шағым қалдыра аласыз













