1-қосымша:
Б
айқоңыр
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында
орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж.
қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті.
Б
айқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден
келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын.
Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен
дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі
берілген көше және ескерткіштер бар.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңырдан алғаш қазақ азаматы Т.Әубәкіров ұшты.Ол 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан. Ғарышта ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынған. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды, аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өткен. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Союз TMA-13 ұшырылуға дайындық
Б
айқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып
табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717
шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Байқоңыр ғарыш кешені
Байқоңыр ғарыш кешені
|
Пәні: Қазақ тілі Күні: |
Сыныбы: 8 Мұғалімнің аты-жөні: Касимова Рахатгул Зейнигапаровна |
||||||||||||||||||||||
|
Бөлім тақырыбы |
Ғарышты игеру жетістіктері |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Байқоңыр ғарыш кешені |
||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
8.1.6.1 - Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу; 8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (тезис) жазу; |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Оқушылардың барлығы орындай алады: «Байқоңыр ғарыш кешені» мәтініндегі ақпарат бойынша ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. «Байқоңыр ғарыш кешені» мәтіні бойынша тезис жазады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Байқоңыр ғарыш кешені қызметіне өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың кейбірі орындай алады. Байқоңыр ғарыш кешенінің Қазақстанға маңызы мен зиянын көрсетеді. |
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Ойын дәлелді, жүйелі жеткізуде терминдер, ғылыми деректерді қолданады; Тезисте мәтіндегі ақпараттарды жинақтайды; Өз көзқарасын білдіруде ғарыш кешеніне баға береді; Маңызы мен зиянын көрсетуде, өмірден мысал келтіреді. |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларды дамыту: Тыңдалым мен айтылым, жазылым. Үштілділік: Дәлелдеу, жүйелілік, тезис, мәтін, термин, дерек, ақпарат. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Протон, орбита, экватор, полигон, экология: Талқылау сұрақтары: Ғарыш кешенінің қазақ халқы үшін маңызы қандай? |
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды қалыптастыру |
Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК, ӨҢІРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕЖАҺАНДЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАТЫСУЫ Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. |
||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Байқоңыр ғарыш кешені фотолары, мәтіндер, таратпа материалдары, ғаламтор, |
||||||||||||||||||||||
|
Оқыту |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Саралау тәсілдері |
Қалыптастырушы бағалау тәсілдер |
||||||||||||||||||||
|
Сабақ басы 7 минут |
Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуал тудыру, топқа бөлу. Қима парақтарда берілген суреттер: Байқоңыр, ғарыш, Марс.
Тапсырма: «Сұрақ» әдісі. Мақсаты: сабақ тақырыбын болжату - Таңдаған суреттеріңіздің бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар? - Сабақ мақсатымен танысыңыздар да бағалау критерилерін болжаңыздар - Сабақтың бағалау критерилерімен салыстырыңыздар. |
Бұл тапсырмаларды орындау топтық болғандықтан оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. |
Бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалімнің кері байланысын алады. |
||||||||||||||||||||
|
Сабақ ортасы 5 минут 10 минут 10-минут 5 минут 5 минут
|
Тапсырма: «Сөзмаржан» – сөздік жұмысы Мақсаты: мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын ашу, мәтінді түсінуге дайындау. Органайзерді толтырыңыз:
Тапсырма: «Суреттер сөйлейді» әдісі. Мақсаты: «Байқоңыр ғарыш кешені» мәтініндегі ақпарат бойынша ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
Дескриптор: - берілген тақырыпты сурет негізінде ашады; - ойын дәлелдеу үшін аргументтер келтіреді; - суреттердегі ақпараттарды құрылыммен (жүйелі) жеткізеді. Тапсырма: «Түйін» әдісі Мақсаты: «Байқоңыр ғарыш кешені» мәтіні бойынша ақпараттарды жинақтап тезис жазу. Оқушыларға тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық жазыңыз. Дескриптор жазыңыз. Тапсырма: «Ашық алаң» әдісі: Мақсаты: Байқоңыр ғарыш кешені қызметіне өз көзқарасын білдіреді. Берілген сұрақтарды топта талқылап, жауаптарын дайындаңыздар; «Ашық алаңда» өз жауаптарыңызды ұсыныңыздар да, қай аргумент күштірек екенін анықтаңыздар. КСРО кезіндегі ғарыш айлағының Қазақстан жерінде салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай? Байқоңыр ұшу трассасын Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созу себебі неде деп ойлайсыз? 1957ж. 4 қазанан бастап қазіргі кезге дейінгі Қызылорда облысының экологиялық жағдайында қандай өзгерістер болды? Не себептен Байқоңырдан алғаш қазақ азаматы Т.Әубәкіров тек 1990 жылы аттанды? Не себептен ғарышта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі? Жасанды жер серіктерінің қызметі қандай деп ойлайсыздар? Байқоңыр ғарыш алаңын Ресей Федерациясына жалға беруге не себеп болды деп ойлайсыз? Дескриптор: Өз ойын аргументтермен дәлелдейді. Тапсырма: «5 минуттық эссе» әдісі: Мақсаты: Байқоңыр ғарыш кешенінің Қазақстанға маңызы мен зиянын көрсетеді. Байқоңыр ғарыш кешенінің Қазақстанға маңызы мен зиянын көрсетіп, ойтолғау жазыңыз: Дескриптор - Көзқарасын аргументтермен дәлелдейді. - Ойын жүйелі жеткізеді. |
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Және де ресурстар (терминологиялық сөздік, кесте) арқылы қолдау алады. Бұл тапсырманы топта орындайды. Осы арқылы оқушылардың бір-біріне қолдау жасауларына мүмкіндік жасаймын, ресурстар (суреттер) арқылы қолдау алады. Бұл тапсырмалар- ды орындауда ресурс (мәтін) арқылы қолдау көрсетіледі. Бұл тапсырманы топта орындау арқылы қолдау көрсетіледі. Деңгейі жоғары оқушылар таңдауы бойынша орындайды. |
Оқушылар өз болжамдарының дұрыстығын не бұрыстығын сөздіктегі нұсқасымен салыстыра отырып, өздерін өздері бағалайды. Оқушылар «Өкіл» әдісі арқылы бір-біріне кері байланыс береді. Дескрипторлар арқылы бағаланады.
.
«Қарлы кесек» әдісімен дескриптор бойынша бағаланады. Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. Дескрипторлар арқылы бағаланады. Оқушылар мұғалімнен кері байланыс алады. Дескрипторлар арқылы бағаланады |
||||||||||||||||||||
|
Сабақ соңы 3 мин |
6. Рефлексия « Зымыран сұрақтар»
Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша ауызша түйінді ойларды бекіту. Сабақ барысында ұсынылған ақпарат бойынша бар білгенімен бөлісу. Төмендегі сұрақтарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беріңіздер.
|
|
|
||||||||||||||||||||
1-қосымша:
Б
айқоңыр
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында
орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж.
қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті.
Б
айқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден
келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын.
Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен
дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі
берілген көше және ескерткіштер бар.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңырдан алғаш қазақ азаматы Т.Әубәкіров ұшты.Ол 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан. Ғарышта ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынған. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды, аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өткен. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Союз TMA-13 ұшырылуға дайындық
Б
айқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып
табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717
шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
шағым қалдыра аласыз
















