Материалдар / Бала - біздің болашағымыз

Бала - біздің болашағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өмірдің ең бір қызығы, ол – тәлім – тәрбие беру». Әл-Фараби Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мергенбаева Аяулым Оспанқызы

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі



Бала - біздің болашағымыз


«Өмірдің ең бір қызығы, ол – тәлім – тәрбие беру».
Әл-Фараби


Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - десе, Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында: « Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Ал тәрбие дегенге М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен. Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс. Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз - қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым - профессор Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» - деген мәтел бар.

Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек»- деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін - алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі - тәрбиенің ең басты шарты. Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап, ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «... Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата - аналарымның бейнесі елестейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әке - шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ.» деп балалық шағын тебірене еске алуы тегін емес.

Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң - солын таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып, мектепте берілетін тәрбиемен қалай қабысады. Енді соған келейік.
Бірінші Алтын бесігі - отбасы болса, екінші алтын ұясы балабақша. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, балабақшада ақылы мен зейінін толыстырып, жан - жақты жетілген, өз ісін түсінетін адам етіп мектепке шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат - мүддесі ортақ, міндеті - біреу. Демек қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Педагогикалық іс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті талап етеді. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені - бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезе алмайтындарда»деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздарды өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған. Балаға тән азығы – тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай түпкі мақсат ешқашан орындалмайды.
Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз – алдымыздағы
бүлдіршіндеріміз. Олар – біздің бүкіл тәрбиешілік өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек артық айтпағандық болар. Қазақта «Ана мейірі мен ұстаз мейірі егіз»деген тамаша мәтел бар. Халық айтса қалт айтпайды. Мейірімін ана мейірімен теңестірген ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керек.
Біріншіден, біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз - қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан - шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Екіншіден, біз баланы түсіне білуіміз керек. Балалар өздеріне әрдайым көмекке келетін, табыстарына қуанатын, сәтсіздікке ұшыраған сәтте көңілдерін көтеретін
тәрбиешімен қарым - қатынас жасау соншалықты қызықты екенін сезінуі тиіс. «Балаларды түсіну - мұның өзі «олардың кейпін кию»олармен бірге қуанып, бірге күйініп, олардың өмірін кешу»- деген болатын Н. К. Крупская. Балаларды түсіну дегеніміз - оларға өктемдік көрсетпей, олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне отырып, тәрбиеші баянды тәрбиеге қол жеткізе алады.
Үшіншіден, біз өзіміздің педагогикамызға, тәрбиенің жасампаздық күшіне сенуіміз керек. Қайсыбір педагогтың жекелеген балалардың қыңыр мінезі алдында қол қусырып «бұдан түк шықпайды»деуі олардың жарқын болашағын жерлеумен бірдей.
Төртіншіден, біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі - жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн.
Тәрбиеші – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Ұлы жазушы, әрі ғұлама М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген нақылы еліміздің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз. Жас ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, ел ертеңі. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болады»деп А. Байтұрсынов айтқандай мемлекетіміз де ұрпақ тәрбиесіне барынша назар аударып келеді. Себебі бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Еліміздің - ажары мен базары.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Бүлдіршіндеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін.

Мағжан Жұмабаевтың: «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» - деген асыл сөзін қағида етіп ала отырып, әр бала тәрбиесіне айрықша мән береміз.
Баланың жеке тұлғасы бастау алатын бұл кезең әрі маңызды, әрі қызықты. Бала балабақшаның табалдырығын аттағаннан бастап ересектер мен балалардың өмірі айтарлықтай өзгереді. Біз балалардың бақшаға бейімделгеннен кейін олардың даму қарқынының жылдамдайтынын байқаймыз. Балалардың өз бетінше жасайтын әрекеті жетіле түседі, тілі дамиды, тәрбиешімен, өзге балалармен сенімді қарым-қатынас жасай бастайды. Балаларымыз ата-аналары келгенде өздері жаңа алған білімдерін, дағдыларын көрсетуге асығып жатады.
Қазіргі таңда ата-ана мен балабақша арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екенің бәріміз жақсы білеміз. Ата-ана үшін бала оның үміті, өмірінің жалғасы, мақтанышы, болашағы болса, балабақшадағы тәрбиешілер үшін еңбегінің жемісі. Сондықтан да бала тәрбиесі баршамызға ортақ. 
Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, әрбір отбасында балалар саны артып, алдымызда гүлденіп, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін! Тәрбиешілерімізге зор денсаулық, мол бақыт және шығармашылық табыстар тілеймін.

ЖИ арқылы жасау
15 Желтоқсан 2017
706
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі