«Бала біздің болашағымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала біздің болашағымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бала біздің болашағымыз»
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бала біздің болашағымыз»

Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайық қылып шығару керек» дегендей бала тәрбиесімен отбасының да, бала-бақшаның да, мектепің де мақсат мүддесі біреу ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі-баршаның ісі.Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат мүддесі біреу ол-заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. «Балалар біздің болашағымыз» сондықтан балабақша баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Ата-бабаларымыз айтқандай: баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні-мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуінде балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.Балабақша одан кейін мектеп адамның қоршаған орта жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады.Қазақ халқында: «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сырлас» -деген тамаша сөз бар. Бұл мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Адам мінезі бес жасқа дейін қалыптасады деседі. Ендеше жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Әрине, бала тәрбиесі отбасынан басталады, дегенмен тәрбие құралы ретінде балабақшаның алатын орны ерекше.Кейбір ата-аналар баланы аса әлпештеп, үлде мен бүлдеге орап киіндіріп, оның жеке басына қажетті нәрселердің бәрін өздері қамтамассыз етіп, жанын салып еңбектенуге араша түсіп, ыстықтың табын, суықтың ызғарын елемей, қамқорлық жасаумен ғана айналысады. Мұндай балада өзімшілдік, бейімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасады.Бұл қасиеттер баланың мінез-құлқы мен психологиясына әсер етіп, оның еңбекке енжар, өмірге икемсіз, тәкаппар, дөрекі болып өсуіне әсер етеді. Сондықтан баланың болашақтағы дұрыс азамат болып тәрбиеленуіне балабақшадағы тәрбиеші мен отбасындағы ата-ана тәрбиесінің орны ерекше.Баланың бойындағы адамгершілік қасиеттердің негізгі баспалдағы балабақша мен отбасы тәрбиесі екені бәрімізге мәлім.Әсіресе, ата-ананың аялы алақаны, туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады.Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек.Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.Өмір ағысында отбасылық тәрбие ата-анадан балаға, баладан оның ұрпағына беріліп, тоқтаусыз жалғасын табады. Сондықтан, отбасындағы ата-ананың өзара сыйласымды қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы, бос уақытын дұрыс пайдалана білуі, жинақтылығы, талап-талғамы, жауапкершілігі бәрі де бала үшін үлгі-өнеге.

Тәрбиеші: Боранбаева Гүлшат Калмуратовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі