"Бала бойына ұлттық рухты сіңіру-басты міндетіміз" атты мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала бойына ұлттық рухты сіңіру-басты міндетіміз" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бала бойына ұлттық рухты сіңіру-басты міндетіміз" атты мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала бойына ұлттық рухты сіңіру-басты міндетіміз

Халықтық тәлім-тәрбиенің асыл қағидаларын жан-тәнімен сезініп, өмірге енгізіп жатқандар-қатардағы педагог тәрбиешілер. Баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу- бұл жауапты да күрделі міндет. Бүгінгі ұрпағымыздың бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, қайырымдылық, үлкенді және ата-ананы сыйлау, құрметтеу қасиетін дарыту- олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу біздің, яғни «Айназ» жекеменшік балабақшасының басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында балабақшамызда іс-шара болып өтті.
Мақсаты: Балалардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, ұлттық сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Шара барысында киіз үйдің керегесі құрылып,ішіне көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық мұраларымыз қойылып( домбыра, текемет, самаурын, торсық, қамшы, ұлттық ою-өрнектер) балаларға жеке-жеке түсінік берілді. Қамшы өріп, асықты жіпке тізіп, керегеге байлағанды балалар сондай қызығушылықпен орындады.
Қазақ халқы өмірге дені сау,шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына үлкен де бай мұра қалдырған. Соның бірі ұлттық ойындар.Халқымыздың ойындарға тек балаларды алдандыру,ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Балабақшамыздың педагогтары Урманова Зинахан мен Аралбаева Құртқа қазіргі таңда қолданылмайтын, ерте кезде таудың тасымен ойналған «Бес тас» ойынының ережесімен таныстырып, ойнап көрсетті. Ұлдарымыз асық иіріп ойнап, қыздарымыз жүн түтіп, педагогтар ұршық иіріп, тоқыма жіптің қалай алынатындығын түсіндірді.
Ата-бабамыздан келе жатқан арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларын біліп, қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміздің құнарлы топырақ, нәрлі қайнарына айналдыру – өмір қажеттілігі, адамзаттық, перзенттік парызымыз.



«Айназ» жекеменшік балабақшасының әдіскері Ізберген.А

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2018
499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі