Бала бойындағы агрессивтілік деңгейін төмендету жұмыстары
Көбінесе агрессиясы шектен шыққан бала топтық қудалауды бастамалап немесе жеке өзі құрбанын қорлауға кіріседі, бұған айналасындағылар көз жұма қарайды. Әйтпеген жағдайда ұрыншақ баланы құрбылары жақтырмайды, өйткені ол өз есесін жібермейді, алайда ешкіммен келісуді білмейді. Шабуылдаушы-агрессор бала отбасымен және басқа балалармен қатынастар орнатуда үнемі қиындық көреді. Ол басқа балалардан ашушаңдығымен, бірбеткейлігімен, мінезінің әрқилылығымен, адуындылығымен, кекшілдігімен ерекшеленеді. Ол өзіне аса сенімді, алайда айналасындағы адамдардың сезімі оны еш толғандырмайды. Көшбасшылық қасиеттерге ие, ересектердің ақыл-кеңесіне қарсы шығатын, айналасындағылардың бәрін өз ырқына көндіруге ұмтылатын балалар көбінесе агрессияға бейім тұрады. Эмоциялық қанағаттанбаушылық (отбасындағы қиындықтар, оқудағы сәтсіздіктер) балалар басқалардың жанын ауыртып, оларды қинағаннан кейін басылады (мысалы, жануарларды азаптайды, басқа балаларды мұқатып, оларды сөзімен де, іс-қимылдарымен де қорлайды). Тек осындай жолмен ғана ішкі тепе-теңдікке ие болады. Мұндай балалардың құрбандарына олардан әлдеқайда әлсіз, өзін қорғай алмайтын балалар айналады. Кейде өзіне таңдап алған құрбанының тарапынан табанды қарсылыққа тап келген жағдайда, агрессор кейін шегінеді. Алайда агрессияға бейім балаларды қолпаштап, олардың артынан «шашбауын көтеретін» жағымпаз балалар ілеседі, олар осылайша өздерін агрессиядан қорғайды немесе жалғыздықтан арылғысы келеді.
Шетке шығарылған агрессор бала дау барысында өзінің мүдделерін қорғай алмайды, дәйекті аргумент іздеп таба алмайды, сондықтан айқайға басып, ұрсысады, талап етеді, даулы затты күшпен, айламен тартып алуға тырысады. Ол жеңілгенін мойындағысы келмейді, әрі қарай ойнаудан бас тартып, ашуланады, сәтсіздіктер оны ұзақ уақытқа есеңгіретіп жібереді. Мұндай балалар тез ренжігіш болып келеді, кез-келген ескертпе немесе күлкілі мазақтауға бұлқан-талқан болып, наразылық көрсетеді. Қобалжу, өзіне деген сенімсіздікті сезінетін бала да агрессияға бейім болады.
Агрессия деңгейін, бақылауға алынбайтын ашу-ыза мен кектену сезімдерінің деңгейін төмендету.
«Агрессия бейнесін суреттеу» жаттығуы.
Әр адамның, мейлі ол ересек болсын, бала болсын, сіркесі су көтермейтін, көңілсіз кезі болады. Жағымсыз көңіл күй өшпенділіктен, асыра сілтенген агрессиялықтан, кектенуден көрініс табуы мүмкін.
Көзіңізді жауып, осы күйіңізді сезініп, ойша елестетуге тырысыңыз. Агрессияның символ түріндегі бейнесін қағаз бетіне түсіріңіз. Суретпен не істегіңіз келсе, соны істеңіз. Қалауыңызға қарай, бейнені түзетіңіз, сызып тастаңыз немесе суретті жойыңыз (умаждаңыз, жыртып тастаңыз, т.б.).
«Сиқырлы балдырлар» жаттығуы.
Әр қатысушы басқа қатысушылардың (олар сиқырлы балдырлар болып саналады) бір - біріне тығыз иық тіресе тұрып құрған шеңберінің ортасына кіруге тырысады. «Балдырлар» тек жақсы, ізгі ниетпен айтылған сөздерді ғана естиді, жауыздықты, қатыгездікті мүлдем қабылдамайды. Жүргізуші «балдырларға» ең жақсы, ең тәтті сөздерін айтып, шеңбердің ортасына өтуге рұқсат алуы тиіс. Содан соң ойын біткеннен кейін талқылап, қандай жағдайларда «балдырлардың» ашылғанын, ал қандай жағдайларда ашылмай қойғанын ортаға салады.
«Ұрыншақ қораздар» жаттығуы.
Екі қораз бір-бірімен сөзге келіп қалды. Қоразды бейнелеуші балалар қолдарын артына қойып, бір аяқпен бір-біріне қарсы тұрады. Бір аяқпен секеңдей отырып, қарсыластарын иықпен қағып құлатуға тырысады. Психологтың міндеті - ойынды қораздарың қылықтарын келеке, күлкі ететіндей етіп ұйымдастыру.
Талқылау сұрақтары:
1. Қораздардың төбелесі сырттан қараушыларға қандай болып көрінді?
2. Қораздар не үшін төбелесті?
3. Соққы жеген жақсы ма?
4. Жалпы төбелес кезінде әлі басым адам не сезінеді?
5. Әлсіз адам не күй кешеді?
6. Төбелесті болдырмауға бола ма?
«Мазақ ат қою» жаттығуы.
Балалар бір-бірімен доппен алмаса отырып, бір-біріне өкпелетпейтін, күлкілі аттар қояды (қандай мазақ ат қоюға болатыны алдын - ала келісіледі, бұл көкөніс, жеміс - жидектердің, саңырауқұлақтар немесе жиһаз атаулары болуы мүмкін).
Әр адамға қараған сайын «Ал сен - сәбізсің!» деген сияқты сөздер айтады. Бұл ойын екенін түсіну қажет, сондықтан бір-бірімізге ренжімейтін боламыз. Соңғы шеңбер айналғанда әркім өзінің көршісіне жақсы лебіз айтуы тиіс, мысалы: «Ал сен жарқыраған күн сияқтысың!». Ойын агрессиясы бар ғана емес, сонымен қатар өкпелегіш балалар үшін де пайдалы. Балаларға ренжімеу керектігін ескерткеннен кейін, ойынды өте тез қарқынмен жүргізу керек.
«Төбелес» жаттығуы.
Досыңмен ұрсысып қалғаныңды көз алдыңа елестет. Төбелес басталайын деп тұр. Терең тыныс ал, қатты тістеніп ал. Жұдырығыңды мейлінше қысып ал, саусақтарың алақанға батқанша қыса бер. Бірнеше секунд бойы тынысыңды ішіңе тартып тұр. Енді ойлан: төбелеспеуге болмай ма? Тынысыңды сыртқа шығар және бұлшық еттеріңді босат. Болды! Барлық жамандық артта қалды! Қолдың басын сілкіле. Жеңілдеді ме?
«Шеңберге өт» жаттығуы.
Қандай болмасын ортадан шеттетілген балалар ерекше агрессиялық әрекет немесе құрбандық таныта отырып, жауыз әміршінің де, мойынсұнған құрбанның да рөлін ойнайды. Бұл ойын оларға өздерінің шеттетілуге қатысты басынан өткерген сезімдерін сарапқа салып, осыған ұқсас жағдайларда қалай тығырықтан шығудың әртүрлі нұсқаларымен танысады.
Психолог былай деп хабарлайды: «Өмірде басқа балалар сендерді ойынға қоспай, шеттеткен кездер болды ма? Сен мұндай жағдайда не істейтін едің? Үнемі бір баланы ойынға қоспаса, ол баланың күйі не болмақ? Сол туралы ойлап көрдің бе? Бір үлкен шеңбер жасап тұрып, мықтап бір-біріңнің қолдарыңды қысыңдар. Бір бала шеңбердің сыртында қалып, шеңбердің ішіне өтуге тырысады. Ол шеңбер ішіне өткеннен кейін келесі ойыншы шеңбер сыртына шығып, шеңбер ішіне кіруге тырысады. Абайлаңдар, бір-біріңді қатты қысып, ауыртып жібермеңдер, құлап қалмаңдар».
Осылайша мүмкіндігінше балалардың басым бөлігі осы шеңберден өткенше ойын жалғаса береді. Егер бала шеңбердің ішіне кіре алмаса, оның шеңбер сыртында көп тұрып қалмауын қадағалаңыз. Селқос, ұялшақтау балалар үшін арнайы ойын мезеттерін қосуға болады. Мысалы, егер бір минут ішінде бала шеңберді жарып өте алмаса, бала бір балаға қолын нұсқап тұрып, «Шеңбер, ашыл!» деп бұйрық береді. Бұдан соң қайтадан «Шеңбер, жабыл!» деп айтады, бұл жағдайда бала өз күшін бірнеше рет сынап көріп, өзіне әдейі жол берілгендей сезінбейді.
Ашу-ызаны қауіпсіз және сәйкесті түрде білдіру дағдыларын қалыптастыру.
«Ашуға хат жазу» жаттығуы.
Өзіңнің ашуыңа шағын хат арнап, ашу болмаған кезде өзіңді қалай сезінетініңді, ашу қысқанда қандай күйге түсетініңді сипаттап жаз. Оның пайдасы бар ма, басқа адамдармен қарым - қатынастарға қандай залал келтіреді.
«Ашу кестесі» жаттығуы.
Тақта екі бөлікке бөлінеді, бір жағына балалар ашу сезімінің «плюстарын», екінші жағына - «минустарын» жазады. Жаттығу аяқталған соң талқылау жүргізіледі. Жағымсыз эмоцияларды қалай көрсетуге болады? Оларды жасырған жөн бе және үнемі жасыруға бола ма? Нәтижесі -жағымсыз эмоциялар болмайды, оларды қашан және қалай дұрыс көрсету қажет екенін білу керек.
«Агрессия және ашумен не істеуге болады» жаттығуы.
Тік сызықпен ортасынан бөлінген бір парақ қағазға сол жағына балалар оқу күні ішінде өзіне айналасындағылардың өзіне қатысты байқатқан агрессиялық қылықтарын, олардың салдарын, ал оң жағына - баланың өзінің өзгелерге қатысты қатыгез қылықтары мен ол қылықтарының салдары жазылады.
Талқылау: Адамдарды қатыгез болуға, өзгелерге күш көрсетуге не итермелейді? Қатыгездіктің себептерін немен түсіндіруге болады, соншалықты қажеттілігі бар ма? Мұндай әрекетке бармаудың басқа жолы бар ма еді? Басқаларға агрессия таныта отырып, не сезінесің? Неліктен көптеген ересектер мен балалар көбінесе өздерінің басымдығын басқаларға күш көрсету арқылы дәлелдейді? Агрессияны жұдырықпен емес, басқа тәсілдермен сыртқа шығаруға бола ма? Агрессия құрбаны өзін қалай сезінеді? Агрессия құрбанына кім айналады, бұдан қалай құтылуға болаы? Адамдар арасындағы теңсіздік қалай байқалады? Қазіргі қоғамда зорлық-зомбылық пен күш көрсетуден қалай бас тартуға болады. «Агрессиясыз әлем» жобасының үлгісін ұсынып көріңіз. Ол үшін не қажет?
«Ыза қайда кетеді?» жаттығуы.
Біз бұл жерге ойын ойнау үшін жиналдық. Алайда, айналадағы ахуал, адамдар, бәрі бірдей ұнамауы мүмкін. Осы мезетте сізді не қатты толғандырады? Біз бұл жерге керісу үшін емес, келісу үшін келдік, бірақ бір-бірімізге деген өкпемізді ашық айтамыз.
Кім бастауға әзір? Іштеріңде жиналып қалғанның бәрін сыртқа шығаруға тырысыңдар. Бұл ойын, сондықтан өтіп жатқанның бәрінің шартты екенін түсінеміз. Ескертулерге жағымсыз жауап қайтаруға рұқсат етілмейді. Осылайша пікірлер біржақты айтылатындықтан, дауға, ұрыс - керіске ұласпайды. Ал бастайық.
Енді көз алдымызға мынадай көріністі елестетейік: осы жерде айтылғанның бәрі жеңіл буға айналып, терезеден немесе ашық тұрған есіктен шығып барады. Осы көріністі мейлінше шынайы етіп елестету үшін, көзімізді жұмайық.
«Дыбыс шығармай айғайлау» жаттығуы.
Психолог: «көзіңді жұмып, үш рет терең және қатты дем ал. Өзіңе ешкім кедергі жасамайтын, тыныш та жанға жайлы жерге бара жатырмын деп ойла. Өзіңнің жүйкеңе тиетін, сені жиі ызаландыратын бір адамды есіңе түсір. Бұл адам сені одан бетер ашуландырып жатыр деп елестет. Оған деген ашуың күшейе түссін. Ашуың шырқау шегіне жеткен кезде тоқта. Енді ол кісі сені бұдан бетер ашуландыруға болмайтынын түсінуі тиіс. Бұл үшін сыныпта ешкім естімейтіндей етіп, алайда бар күшіңмен айғайла. Яғни ішіңнен айғайлау қажет. Мүмкін, «Болды! Жетер! Жоғал!» деп айқайлайтын шығарсың. Аузыңды мейлінше ашып, ішіңнен барынша қатты айғайла. Бұл сырт көзден таса орында сенен басқа ешкім жоқ, сені ешкім естімейді. Тағы бір рет, манағыдан да қатты айқайла. Ал жақсы, сонымен жетер… Енді өзіңе күн көрсетпей жүрген адам туралы қайтадан ойлан. Ол адамның өзіңе тиіспеуі үшін не істей алатыныңды көз алдыңа елестет. Қиялыңда өзіңді қинамауы үшін, ол адамға не істейтініңді ойластыр.
«Улы жылан» аңыз әңгімесі» жаттығуы.
Психолог балаларға бір аңыз әңгіме айтып береді: «Бұрынғы өткен заманда бір жауыз әрі улы жылан болыпты. Бір күні ол данышпан адаммен кездесіп, оның ақылына, ғұламалығына тәнті болып, өзінің жауыздығын қойыпты. Данышпан оған адамдарға тиісуіңді қой деп кеңес бергесін, жылан басқаша өмір бастапты, жан баласына зияны болмапты. Алайда бұл жөнінде естіген адамдар жыланға тас атқылап, құйрығын басып, оны қорлауға кірісіпті. Данышпан мұны көріп, жыланның мұңын тыңдап, былай депті: «Мен саған адамдарға залал келтірме, оларға жамандық жасама дегеніммен, оларға қарап ешқашан ысылдама және үркітпе деген жоқпын ғой!».
Бұдан әрі қарай балаларға осы аңыз әңгімені талқылап, осыған қатысты өз пікірлерін айту, тығырықтан шығу жолдарын ортаға салу ұсынылады.
Мораль: Жамандыққа жамандық жасамай, оған ізгілікпен қарсы тұру қажет.
«Қайғыдан құтыл, сілкін» жаттығуы.
Психолог балаларға қайғылы естеліктерден арылу жолын айтып, сәтсіздіктерден кейін адамның жанында қандай із қалатынын, қалай торығатынын, қайғырудың жаңа жетістіктерге жетуге қалай кедергі жасайтынын түсіндіреді. Бұдан әрі қарай психолог келесіні ұсынады: «Сендер бұрын - соңды теледидардан үсті су болған иттің суды сілкініп жатқанын баяулатылған кадрмен түсірілгенін көріп пе едіңдер? Алдымен ол екі жаққа кезек–кезек мойнын бұрып, содан соң біртіндеп бүкіл денесін, басынан аяғына дейін дірілдетіп, сілкіне бастайды, құйрығының ұшы селкілдеп кетеді. Енді сол иттің әрекетін қайталап көрейік, осылайша қайғыдан бір сілкінейік».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз