Материалдар / Бала қаблетін ескере отырып,танымын жетілдірудің тиімді тәсілдері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала қаблетін ескере отырып,танымын жетілдірудің тиімді тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
150
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала қабілетін ескере отырып, танымын жетілдірудің тиімді тәсілдері».

Динсламова Назигуль Мукагалиевна

Білімі: жоғары. «Айгөлек» балабақша меңгерушісі.

эл адрес:


Аңдатпа

Бұл жобада тәрбиешілер оқу қызметіне жаңшылдықтарды енгізе отырып, балалардың қабілеттіліктерін танымдық үдеріс арқылы айқындау жұмысы жүзеге асыру көзделінген. Балалардың қабілеттіліктерін сараптауда оқу әрекеттеріндегі тәсілдер жүйесін кешенді қолдану педагогтардың шығармашылқтарын жетілдіре түседі. Бұл мақалада балалардың дара қабілеттіліктерін айқындап, сол басымдықты тірекке ала отырып, бала танымын жетілдіруді жүргізудің бір-екі үлгі сабақтары ұсынылған.

Тақырыпқа негіздеме;

Бүлдіршін 1-3 жаста «Негешілдер» деп аталады. Осы жаста бала қоршаған ортаны танып, ұғынуда «неге олай?», «мынау не?», «анау не?»,- деген сұрақтар қойып үлкендермен жиі қарым-қатынас орнатады. Көптеген ата-аналардың балаға ерте жастан смартфонды беріп қоюы, оның қоршаған ортаға мән беруін, өзіндік ішкі қажеттілігін қанағаттандыру (білгісі келу) үдерісіне кедергі жасайды. Бұндай жағдайды болдырмас үшін, бала сауалдарына толық, түсінікті дәрежеде жауап берілуі қажет. Үлкендер бала сауалына шала немесе бала тілінде жауап беруі (кәкәй, үпә, пә..т.б) оларды қанағаттандырмайды. Сондықтан, қайта –қайта сұрағын қояды. Мүлде көңіл аударылмаса ол жылайды. Бүлдіршін сізге біраз келген соң, сізден қажетті қамқорлық пен түсіндірулер алмауынан, жеке ізденіс жасау қадамына барады. Бұл қадам оның заттарды бүлдіріп, сындырып көріп, өз ізденісін жасауға апарады. Бұл жағдайда балаға ұрсуға болмайды. Баланың өзі дұрыс,-деп тапқан әрекетіне жаза алуы оның ізденіс пен танымын шектейді. Үй жағдайында үлкендердің көңіл аударуы аз немесе жазалау мен шектеуді жиі алған бүлдіршіндер балабақшаға бейімделуі қиын өтетіні сондықтан. Бүлдіршіндерде бәрін біліп, ұстап көргісі келетін қызығушылықтары жылдам, әрі тұрақсыз болып келеді. Өз әрекеттеріне үлкендердің қолдауына мұқтаждық та жоғары болады.

Сіздерде, «Бала қабілеттілігін балабақшадан білу неліктен маңызды?»,-деген сауал туындауы әбден мүмкін. Бала қабілеттерін зерделеу олардың меңгеруі тиіс таным қызметтерін сол қабілеттері арқылы беру үшін. Мысалы бала сурет салуда қабілетті жоғары болса, демек, ол бала сурет тіліндегі берілген білімді меңгеруге ынтасы жоғары дегенді білдіреді. Танымдық жұмыстарда бала қабілеттілігі түстерді қабылдау, сөзді қабылдау, мүсіндеу, ән ырғағындағы оқиғаларды тыңдау, құрастыру т.б көрініс тауып жатады.

Жас кезіндегі баланың ерекше қабілеттері, баланың сол бағыттағы қызығушылығы толық сақталатындығына кепілдік бермейді. Бала өскен сайынғы қызығушылықтары мен көзқарастары оны басқа бағыттардан ізденіс жасауына апаруы мүмкін. Алайда осы жастаға қабілеттіліктер арқылы баланың жан-жақты танымын жетілдіру педагог-тәрбиешілерден шеберлік пен іскерлікті талап етеді.

Осыған орай біз төменде оқыту қызметтерінде туындаған кедергілерді реттеуде «Бала қабілетін ескере отырып, танымын жетілдірудің тиімді тәсілдері» бағытында танымдық оқу дәрістерін жасадық.

Бұл жобаның мақсаты: Бала танымындағы түрлі кедергілерді тиімді тәсілдер арқылы реттеу.

Міндеттер:

  • Баланың тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін саралау;

  • Оңтайлы келу аспектілерін жүзеге асыру;

  • Оқу үдерісінде жаңашыл тәсілдер қорын түрлендіру арқылы оқыту мақсаттарына жету;

  • Идивидуалдық ерекшеліктерді ескере отырып, жағымды оқу ахуалын қалыптастыру.

Өзектілігі: Қазіргі таңдағы балабақшаларда тұлғалық ерекшеліктеріне сай оқыту-тәрбиелеу арқылы оқу қызметіндегі кедергілерді реттеу.


«Асхана құралдарымен суреттер салу»

Мақсаты: Асхана құралдары оның атауы, сипаты мен қызметін бейнелеу жұмыстары арқылы меңгерту.

Құралдар: қасық, қырғыш, шанышқы, кесе, сүзгіш т.б

Жүргізілу мазмұны: Мұнда, балаларға асхана заттары оның қызметтері туралы айтылады. Шаблон суреттері жапсырмалы панотақтаға ілінеді. Тәрбиеші:- Балалар, біз ыдыс-аяқтарды білеміз бе? Аттарын атап тақтаға жапсырайықшы. Өте жақсы.

- Енді, біз шай жасап ойнайық.

- Ой, бізге шай жасау үшін дастархан керек.

- Балалар біздің дастарханымыз әдемі емес, келіңдер бәріміз бірігіп оған суреттер салып, әдемі де, көңілді дастархан жасайық.

  • Сурет салу үшін бізге керек бояулар бар да, қылқалам жоқ. Енді не істейміз? ...

Мұнда, асхана құралдарының ойыншық түрлері арқылы балалар ас дастарханына түрлі өрнектер салу жұмысын жасау ұйымдастырылады. Бүлдіршіндер дөңгеленіп отырады. Ортаға дөңгелек дастархан (ақ матадан қиылған) қойылады

-Таптық, келіңдер асхана ыдыстарын қолданып суреттер салайық. Ортаға пластмасса ойыншық ыдыстар қойылады. Тәрбиеші алдымен шәйнек қақпағын алып бояуға матырып шеңбер бастыруды көрсетіп, гүл жасайды. Шанышқыны алып сызық бойына жүргізу арқылы шырша жасайды. Балалар, апайлары көрсеткен әдіспен суреттерді салады.

- Міне, дастарханымыз да дайын болды, енді бояу кепкенге дейін отырып, мультфильм көрейік. Балалар, мультфильм әнін бірге айтып, көңіл көтереді. Соңынан балалар бірігіп, шай жөндеп, дастарған жабдықтап ойнайды. Сілтеме:


Учим посуду. -www.youtube.com › watch

Нәтижесінде: Балалар өздері таңдаған ыдыстарын бояуға малып дастархан шеттеріне түрлі өрнектер бастыруда қол маторикаларын жетілдіреді. Балалар, әдеттегіден тыс ойыншық ыдыстармен суреттер салу арқылы ыдыстар-аяқ атауын, пішін, көлемін естерінде толық сақтап қала алады. Тапсырма кезінде балалар арасында бейнелі суретке бейімдері анықталынады, олар басқа балаларға қарағанда материалды тез меңгергенін аңғаруға болады. Бейім қабілетеріне қарай балаларды терең танымға бағыттауға болады.

«Моншақтардан ертегі құрастыру»

Мақсаты: Оқиға желісін есте сақтауда кинестетикалық, аудиалды, визуалды әрекеттерді қатар жүргізіп бала тілін дамыту.

Құралдар: Түрлі көлемде ортасы тесілген ертегі кейіпкерлері, жануарлар, жемістер т.б бейнедегі моншақтар жиынтығы. (Жиынтықты ағаштан, гипстен, түрлі заттардан жасауға да болады)

Жүргізілу мазмұны: Балалардың алдына моншақтар жиынтығы таратылады. Тәрбиеші ертегіні айтады, сол ертегі кейіпкерлерін балалар жіпшелерге тізе отырып, тыңдайды. Мысалы: «Мақта қыз», «Шалқан», «Алтын балық» т.б ертегілерде оқиға желісінің байланысын балалар қиымыл істері арқылы тыңдай отырып, меңгереді. Бұл, әдістің тиімділігі баланың ертегі кейіпкерлерін таңдау мен тізбектеуі арқылы еске сақтаудағы бірнеше операцияларды қатар орындауында. Сілтеме: https://mamere.ru/article/poleznye-uprazhneniya-dlya-detey-nanizyvanie-busin

Нәтиежесінде: Тілдік меңгеру мен тыңдай білу қабілеттілігі жоғары балалардың тапсырманы дұрыс орындап шыққанын аңғаруға болады.

Қорытынды ой; «Бала тал шыбықтай иілгіш»,-деген халық тәмсіліндегі сөз, баланы қандай үлгіде тәрбиелесең, соның жемісін көретініңді меңзейді. Қазіргі уақытта адам қабілеттілігін кешенді дамытуда барлық физиологиялық анализаторларды қатар қолданудың тиімді тәсілдерін қолдану, бала танымы мен қабілеттерін оятуға түрткі болатыны анық. Осы тұрғыдағы шығармашылықтан туындаған дәрістер, бала игілігіне бағытталған игі істің маңыздысы.


Әдебиеттер тізімі:


  1. «Дарын мен қабілеттілік психологиясы» //Л.И Лориновой,А.И Савенкова; М:. «Нестр-История» 2017г.

  2. «Қабілетті баланы қалай тәрбиелейміз?»// Е.Николаевна; П:. «ЛитРес» 2018г.

  3. «Бала тәрбиесі» // Республикалық қоғамдық басылым №4, 2016 ж; 4-16б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!