Материалдар / «Бала қиялын ойлау қабілетін дамытудағы ертегінің мәні»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бала қиялын ойлау қабілетін дамытудағы ертегінің мәні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
263
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы Целиноград ауданы Нұресіл ауылы

МҚКК «Болашақ» бөбекжайының әдіскері

Уызбай Айзада Вагонбайқызы

«Бала қиялын ойлау қабілетін дамытудағы ертегінің мәні»



Біздер мектепке дейінгі балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілердің алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын білеміз. Алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнына сүйене отырып жұмыстар жасалу көзделуде.

Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рөлі зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне ерте заманнан-ақ өзінің жиып – терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақа тамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап,өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап,өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін,өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.

Ертегілерді тыңдау арқылы бала жақсы мен жаманды, дос пен дұшпанды, мейірімділік пен жауыздықты, жақсылық пен жамандықтың ара жігін айыруды үйренеді.Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған

Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді әртүрлі сабақтарда өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білуі балалардың қиялдарын дамытды.

Тыңдаған ертегілерін есте сақтап,балалар сол рөлде сомдап та шыға біледі. Яғни балалар барлық жағына шеберлік таныта алады.Осы сәтте балалардың қиялының жақсы дамығандығын көрсете біледі.Есте сақтау қабілеттері де жақсы дамиды.

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибраттанып, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек деп Абай Құнанбаев атамыз анық айтқандай баланы ерте жастан естігенін, көргенін қайталауға, есте сақтап, ой түюге шақырған.

Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі- «ертегілердің» бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.

Келешек ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда, Сондықтан балалардың ой қиялдарын ертегі арқылы дамыта білуіміз керек. Ертегіден бала адалдықты, шыдамдылықты, зұлымдылықты, мейірімділікті ажырата біліп, қиялдары дамиды деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер: Абай Құнанбаевтың 31-қара сөзі.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!