Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Бала құқығы туралы не білеміз, тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала құқығы туралы не білеміз, тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала құқығы туралы не білеміз?

Құндылықты дарыту

) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы». 1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне,балалар,адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар




презентация

Сабақтың ортасы

Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Заң сөздікшесі
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері
«Менің құқығым» тренинг
«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
Тренинг «Ассоциация»Тренинг барысы:.
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады.
«Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң-
 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады
. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
 Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
 Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеуДекларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу




презентация



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
45
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12