Материалдар / Бала тәрбиелеуде қай жастан бастап мән берген?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиелеуде қай жастан бастап мән берген?

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы лайықты тәрбиелеуге қазақтар тек олар 5-6 жасқа толғанда ғана шындап кіріскен. Осы кезде оларды жынысына қарай айыру негізінен стихиялық сипат алған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2021
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Ибрагимова Жанат Арыстанбековна
№ 74 «Айдана» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Шымкент қ.

Бала тәрбиелеуде қай жастан бастап мән берген?
ХІХ ғ. қазақ тұрмысын зерттеушілер қазақтардың әрі қамқор, әрі мейірімді ата-аналар, ал
қазақ балаларының мықты, төзімді және алғыр екенін атап өткен. Баланы лайықты
тәрбиелеуге қазақтар тек олар 5-6 жасқа толғанда ғана шындап кіріскен. Осы кезде оларды
жынысына қарай айыру негізінен стихиялық сипат алған. Бұл балаларды кішкентайынан
біртіндеп шамалары келетін үй жұмыстарына тартудан көрінген. Ұл балалар үйдегі
еркектерге мал қарауға көмектессе, қыз балалар тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау, жүн
өндеу сияқты әйел ісіне қатысып, анасына кішкентай сіңлілері мен інілерін бағуға
көмектескен.
Әкеге қарап ұл өсер...
Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала тәрбиесі –
әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ
отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни
«сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына
«сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының
асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып
отырған. «Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа
дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас» деген қазақтың
ұлттық таным-түсінігі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде
ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе,
қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке
болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін,
жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қыздардың – анасына,
ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін
әкесінен асып түсер мықты адам жоқ: ол көлік айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді,
ештеңеден қорықпайды. Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа


Page 2

ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын
әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен
қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін
нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы
кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мақтайды. Ұл тәрбиелей
отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.
Қызын қырық үйден тыйған халық
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма
– Олай болса, уысыңнан шығарма.
Ұл мен қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйік, ет кескендей етінен.
Бұл қанатты сөздерді Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырда айтып кеткен. Қыз әуелде ана
бауырында, отбасы тәрбиесінде болады. Оған ұлдан өзгеше тәрбие береді. Қыз
тәрбиесінде білікті аналар қыздарын бір тізерлеп отыру, қалай болса, солай отырып-
тұрмау; үнемі сіз-біз деп сөйлеу, тасыр мінез, кеселді сөзден аулақ болу; кісі бетіне,
әсіресе, ер адамдардың бетіне қылымсып немесе тіке қарамау, тамақты ауыз толтыра асап,
былшылдатып, шалпылдата шайнамау; ыдыс-аяқты жуғанда, жиғанда, сылдырлатпау;
үлкен адамдар келгенде тұрып жол беру, аман-сәлем жасау; «шеше тұрып, қыз
сөйлегеннен без» дейтін халық даналығын сақтау; көпшілік ортасында жыртақтап күлмеу,
арын сақтау, ата-ананың рұқсатынсыз жөнсіз қыдырмау сияқты істерден егжей-тегжейлі
тәрбие жүргізеді. Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты, ауылдың көркі, береке-бірлік пен
татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп, аялап, ардақтаудың арқасында, қазақ
халқында ақыл-парасатымен ел билеп, ру-тайпа басқарған көсем, шешен, би, ел-жұрты
аттарын қадір тұтқан қасиетті, аналарымыз көп болған. Мысалы, Айша Бибі, Баба әже,
Домалақ Ана, Қызай ана, Абақ, Мұрын аналар... Қазақ халқының тәрбиесі қыздарды арлы
болып, адамгершілігін биік ұстауға; өнерлі іскер болып, ар-абыройын таза ұстауға
баулиды. Ерлерді қадірлеуге, құрметтеуге, отбасының ұйтқысы, перзенттерінің тәрбиешісі,
ұстазы болып, адамдық арына дақ түсірмейтін өнегелі, үлгі-тағылымды адам болып
есеюге баулиды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!