Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» -деген Ш.Құдайбердіұлы атамыздың сөзін негізге ала отырып, болашақ ұрпақты саналы да сапалы азамат етіп өсіру отбасы мен балабақшаның жауапкершілігін арттыра түседі.
Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек.Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ.Тал бесіктен басталатын тәрбиенің тереңдігі міне, осында. Ең алдымен ата-ананың рөлі, одан кейін ұлағатты ұстаздың тәрбиесі маңызды.Сәби дүние есігін ашқаннан кейін ең алдымен өз отбасымен танысады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың отбасында көрген тәрбиесі өмір бойы баланың өн бойынан табылып тұрады.Отбасында көрген тәрбиені ешбір мектеп түзете алмайды.Біздің кішкентай сәбилеріміз болашақ бәсекеге қабілетті ұстаз, дәрігер, көшбасшы десек те болады.
Ата-ана өз баласын өз махаббатының нұрына бөлеп, қуанышына, бақытына балайды, баласы үшін күш жігерін аямайды.Әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасында сабырлы мінездің үлгісін, еңбек ете отырып, адалдыққа ,шыншылдыққа тәрбиелейді.
«Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау
керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы
ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі,
талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн»,-деген екен Мағжан Жұмабаев.
Сондықтан, ата-ана баланы болашақ заман талабына сай бағыт беріп,
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесе дегім келеді.
Баланы тәрбиелеу мен білім берудің міндеттері ақыл-ой, адамгершілік,
физикалық даму процесі арқылы қатар жүреді.Бала осы кезде белгілі бір қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдеттерін игеруге бейімделеді. Іс-әрекеттің дәл осы түрлерін ғана тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады.Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы қоғамда өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін.
Балабақшаның негізгі міндетті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл – ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу- тәрбиенің басты міндеттерінің бірі.Баланың инабатты, тәрбиелі, көзі ашық, отансүйгіштікке баулуға отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері бірге атсалысқаны жөн.Сонымен қатар өсіп келе жатқан жас өрен қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытпай айта жүруі салт-дәстүрдің ұмытылмауына бірден-бір себеп.
Ж.Баласағұнның «Бала білім жолын қусын десеңіз, Бесігіңде-ақ ілім шоғын көсеңіз...»-деген сөзінде бесік тәрбиесі бәрімізді ойландыруы тиіс.
Адамды адамдқ қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да қоғамдағы тәрбие жұмысы.Жүйелі ұлттық адамгершілік тәрбие көрмесе адам баласы бір-біріне ақырзаман әкелуі мүмкін.Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ірге тасы қалана бастаған кезде ата-аналарда балабақшамен байланысын нығайта түсуі абзал.Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар .Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар.Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады.Отан жанұядан құралмақ.Қазіргі нарық заманының жағдайында ата-аналардың, жаплы қоғам қауымдастығының көбісі жұмыстан бос және бос уақыты да баршылық.Ендеше сол бойындағы білімін, ілімін,күш-жігерін неге игі іске жұмсамасқа?!Ел болашағы жастар қолында.Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады.
Балаларды тәрбиелеу-өте күрделі әрі нәзік іс.Жанұялық өмірдің қуанышы, кемелдігі әке де, ана да бақыттың көзі.Сөйтіп, осы қайнар көзге ата-ананың тәрбиесі аса маңызды үлес болып табылады.Ата-ана қуанса балада қуанады.
Балалық шақтың қалай өткендігіне, баланы балалық жылдарында қолынан кімнің жетелегеніне , қоршаған ортада оның санасы мен жүрегіне ненің енгеніне , бүгінгі балдырғанның қандай болып өсуі осыған байланысты.Бала жаны нәзік, ойы адал, сезімтал да толқымалы болады.Сол нәзік жанды майыстырып алмай, адал ойға дақ салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу ата-ана мен тәрбиешінің тынымсыз жұмыс істеуіне байланысты.Бала мінезін дұрыс қалыптастыру үшін өз мінезіңнің мінсіз болуы міндетті.Бала-өмірдің айнасы.Бала мінезіндегі оң бағыты мен теріс бағытын дереу жөндеп демеп жіберу ата-ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет.Бала ата-анасының көңіл-күйін қабағынан танып, сыйлап тұрса басқа адамдармен де қатынасы сондай болса, нағыз құрметке бөленеді.
Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір
өнер,өнер болғанда да ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды
тілейтін өнер.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі
жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш
ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесі барлығымыздың
бірлескен жұмысымыздың нәтижесі болмақ. Бұлардың барлығы қоғамға
тәуелді.«Мейірімділікті анадан, Әдептілікті данадан үйрен» дейді
халқымыз.
Бір-біріне қамқор,қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілігі мол
асыл қасиеттерді бойларына сіңіру біздің міндетіміз екенін айта
кеткім келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ "мақала

шағым қалдыра аласыз