Ата –аналармен
психологиялық тренинг
Мақсаты: Бала тәрбиесінде басы
тұлға –ата-анасы екендігін түсіндіре
отырып, балаға рухани тәрбие беру
туралы ой қозғау, бала көңілін таба білуге бағыт бағдар
беру.
Қолданылатын әдіс -
тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап,
практикалық тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд
, маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар,
тесттер;
Тренинг
ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Жылы лебіз білдіру
I. Ұйымдастыру
кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды ағаштың «жапырақ». «діңгек», «тамыр»,
«ағаш» топқа бөліп отырғызу. Әуен
тыңдату.
II.
Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Табиғатсыз адамдардың күні
жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз
байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш енді сол ағаштың қай
бөлігі болар едіңіз?
тамыры ма, әлде діңі ме,
әлде жапырағы ма?
Өз қалауы бойынша енді
ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір
бөлек отыруларыңызды сұраймыз.
Сіздер не үшін тамыр тобын
таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін
діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге
келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі
тыңдалып, қошеметтеп шапалақ ұрып
отырсаңыздар) Психолог:Сіздердің бұл таңдауларыңыз
кездейсоқтық емес, психологиялық
сәйкестік.
Тамыр
таңдағандар- істің нәтижесіне мән беретін ,
ойшыл, нақтылықты қалайтын, салмақты, әділ, қарым-қатынаста тұрақты
адамдар.
Діңгекті
таңдағандар - берік, мықты біреуге тірек
бола алатын, адамдармен тез тіл табысатын, іс-әрекетте
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті, жанашыр
адам.
Жапырақ
таңдағандар - сұлулықты, әсемдікті,
ұқыптылықты қалайтындар, сезімтал, тез ренжігіш, қарым-қатынасқа
тез түсетін, сенгіш адамдар.
Шығармашылық
жұмыс: Ағашымыз жапырақ жайып
көркею үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:
І
топ. «Ағаштың тамырын немен
нәрлендірер едіңіз?» Тамырға не
керек?
ІІ
топ. «Діңгегі мықты болып, бұтақ
жаю үшін не керек?»
ІІІ
топ. «Ағашымыз көгеріп, көктеп
жеміс беру үшін не керек?»
Плакатқа тапсырманы
орындап, әр топ қорғайды
Қалай
ойлайсыздар?
1
сұрақ.
Ағаштың қисық өсуіне не
себеп?
Біздің балаларымыздың «қыңыр»,
« ашушақ» болып өсуіне не себеп деп
ойлайсыздар?
2
сұрақ.
Ағашымыз қисық өспес үшін қай
кезде түзеу керек?
3
сұрақ.
Қисық өссе кесіп тастау дұрс
па?
Аңыз
әңгіме.
Төле бала Әнет бабаға
барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі
жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның
күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап
айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық
алдырады.
- Балам, мынаны сындырып
көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра
алмайды.
- Енді сол шыбықты
біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп
пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет
баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? –
дейді. Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл
мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты
елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші,
бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз
ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу
үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда
барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,
- депті.
Бұл сөзінен оның халықты
бірлікте, ынтымақта өмір сүрсе ғана, бейбіт өмір болатындығын
аңғаруға болады. Аңыздан адамның
ертеңге деген сенімі мен
арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көруге
болады. Адамның ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын,
ерік-жігерін қалыптастырады.
Біз бүгін сіздермен ең
қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді
ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани
байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің
басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау
керек.Бала ата-ана өмірінің
жалғасы
«Жүрек жылуы»
жаттығуы
Қатысушыларға
кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы ата-аналар.
«Менің сіз сияқты керемет ата- анаға тілейтінім!». ..... деген ойды
жалғастырулары керек.
Бір-біріне деген жақсы
лебіздерін білдіреді.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту
кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен
тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл
алдыңыз?
5. «Түйінді сөзді
мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана
топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға
жеткізіп, айтып береді., не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып,
баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың
ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей
жабырқау.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары
қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған
істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік
көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым
қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға
түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен
қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта
беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей,
ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе
дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек
- кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды
білдіреміз.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін
сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және
бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады
8.
Қорытынды.
«Отбасында берілген тәрбие
жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан
түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне
уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,
білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Ендеше, ата - аналар,
қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі
болар бейне екенімізді ұмытпайық. Егер ата - ана мен балабақша
өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып
шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне
сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік
қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың
мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының
белгісі.
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы
алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді
жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер
Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі
жапсырмалар бар.
- Осы белгілер бойынша өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді
жазуыңызға болады.