Материалдар / «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасы, бала, балабақша» Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз. Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. «Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
499
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг: «Отбасы, бала, балабақша»


Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерту, балабақшаға позитивтiк қатынасын қалыптастыру. Педагогикалық және психологиялық салауаттылықты жетілдіру, қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу, бір-бірімен сұхбаттасу.

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, бланкілер, қалам, қағаз.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, пікір-талас, ойын, жаттығулар.


Кіріспе. Құрметті ата-аналар, бүгінгі сіздермен өткелі отырған семинар -тренингіміздің тақырыбы:  «Отбасы, бала, балабақша»
Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.

Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.

«Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.

       Отбасы - кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады. Нақ  отбасында мінез - құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы отбасы  мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасқа  байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

1.Шаттық шеңбер

Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Біз бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

 

2. Сұрақ-жауап

Міне көңіліміз бір серпіліп қалды. Ал енді мен сіздерді ыңғайланып отыруға шақырамын. Мына сұрақтарға қалай жауап бересіздер?

  • «Отбасы – алтын бесік» деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Баланыздың тәрбиесіне ата-енеңіз араласқанын қалайсыз ба?

  • Балабақшаға балаңызды не себептен алып келдіңіз?

  • «Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша не?

  • Балабақшадан не күтесіз?

  • Сіз өзіңізді жақсы білесіз бе?

  • Балаңызға көп назар аударасыз ба?

  • Балабақшаның қандай қажеттілігі бар?


3.Тапсырма. Екі топқа тапсырма беріледі.

I топ. ХХI ата-аналары қандай?

II топ. ХХI тәрбиешілері қандай?

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.


4.«Бәріміз бірге» ойын

Екі-үш ата-ана уақытша бөлмеден шыға тұрсын. Ал енді біз кез келген қазақтың белгілі мақалын еске түсірейік. Мысалы: «Оқу – инемен құдық қазғандай». Бұл мақалдың әрбір сөзін екі-үш ата-анадан бөліп алайық. Бәріміз бірге айтып көрейікші. Жақсы. Қазір сырттан ата-аналар кіргенде бәріміз бірге осылай бірлесе айтайық. Сырттан кірген ата-аналарға мынандай нұсқау беріледі: «Біз қазақтың белгілі мақалын жасырдық. Сіздер әр адамның айтқан сөздерін тыңдап, естіген сөздерден мақал құрастыруларыңыз керек (бөлме ішіндегі ата-аналар бірдей уақытта өз сөздерін айтады, сырттан кірген ата-аналар жасырылған мақалды тауып алулары керек). Бұл жаттығудан біздің күнделікті бала тәрбиелеуімізге қатысты қандай қорытынды шығаруға болады? (ата-аналар пікірі) Баланы күнде әңгімеге тартыңыз. Егер балаңыз басқа бір іс-әрекетпен айналысып жатқанда Сіз онымен сөйлессеңіз, балаңыз сізге толығымен көңіл бөлмей, жарты сөзіңізді тыңдамайды, сондықтан да сіздің сөздеріңіз елеусіз қалады. Көзбен контакт жасаңыз. Баланы кез келген уақытта тыңдауға дайын болыңыз.


5.Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

  • Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.

Қалай ойлайсыздар бала неге өтінді? Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

6.Сергіту сәті: «Өтінемін»

Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

  • Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?

  • Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.

Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін» - деген сөзді айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.

  • Секіріңіздер

  • Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар

  • Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер

  • Өтінемін, бір-біріңізді құшақтаңыздар

  • Жүгіріңіздер

  • Өтінемін, оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар.


7.Релаксация: «Өз жұлдызыңызды табыңыз»

Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға іледі.

8.Қорытынды: «Жүректен жүрекке»

Құрметті ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік. Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ