«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНАНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНАНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНАНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оспанова Шолпан Жумагалиевна

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары,

Тарих пәні мұғалімі.



БАЯНДАМА


«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНАНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ»


Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Әрбір адам жауапсыз қадамның арты бүкіл елге қасірет әкелуі мүмкін екенін терең түсінуге тиіс – деп, Мемлекет басшысы К.Қ.Тоқаев айтқандай. Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына ата-ана, мектеп болып жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушыларға, ата-аналарға оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін жұмыс көздерінің нақты бағыттары бар.
  «Балапан ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім, мектептен білім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде болмасын үлкен мән берілген. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді. Десекте, бүкіл жүкті оқу – тәрбие барысында ата-анаға жүктеп қою да дұрыс емес. Ата-аналарға да педагогикалық қолдау көрсетілсе бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығару дегендей, бір ортақ нәтижие шығатыны сөзсіз.
Отбасы – белгілі-бір дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеялды, жақсы сөз, ұнамды мінез, ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін тауып, ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарастарынан елеулі қателіктерді байқап жүрміз. Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне алып, тәрбие мен білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Осындай тұста ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау жасалып, отбасыларға балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерінде қалай көмектесуге болады? Мемлекет қабылдаған маңызды әлеуметтік-экономикалық шаралардан басқа, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен тәрбиелеуге қатысуын арттыру, отбасы мен мектептің өзара байланысын жақсарту қажет. Бұл қатынастар көбінесе ресми немесе қарама-қайшылықты сипатта болады. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің тиімді жолдарын анықтау ата-аналардың білімге қатысуын кеңейтудің заманауи тұжырымдамаларына көмектеседі.

Қазақстандық Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының мамандары жоғарыда аталған жағымсыз тенденцияларды еңсеруге қазақстандық қоғамда позитивті ата-ана әдістерін дамыту көмектеседі деген қорытындыға келді: рефлексия; ата-аналардың балалар мен қарым-қатынасы қалыптасатын құндылықтар мен тәрбие үлгілерін таңдау жауапкершілігі; әрбір балаға физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтік-эмоционалды даму жағынан қолайлы ортаны қамтамасыз етуге ұмтылу.

Бұл кездейсоқ оқиғаларға жол бермейтін ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді қажет етеді. Жаңа оқу жылынан бастап әрбір жалпы орта білім беру ұйымының базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейтін болады. Орталық ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді.

Орталықтың қызметі позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған.

Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, сұраныстарын, мінез-құлқын, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Позитивті ата-ана – бұл мейірімді қарым-қатынасқа, қолдауға, баланың жеке басының күшті жақтарына, балалар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын назарда ұстайтын тұлға.

Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Орталықта ата-аналар интерактивті режимде балаларымен нақты позитивті қарым-қатынас жасауды, олардың психологиялық, эмоционалдық жағдайын түсінуді үйренеді, бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы сияқты күрделі мәселенің туындамауына көмектеседі.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламаларының мазмұны ұлттық құндылықтарға, балалар әл-ауқатының теориялық негіздеріне сүйенеді, олардың жас ерекшеліктерін ескереді.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтарды дарыту мақсатында оқыту мен тәрбиенің интеграциялануы қажет. Сондықтан білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету келесідей жүзеге асырылады: пәндік мазмұн; сынып сағаттары; Отбасымен ынтымақтастық шеңберінде:

Білім беру ұйымдарында бала тәрбиесіне қатысты мәселелер бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету (тәрбие жұмысын жоспарлау, бірлесіп басқару әрі шешім қабылдау);

білім беру ұйымының әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, Телеграм және т.б.) парақшасы арқылы ақпарат алушы ретінде ата-аналармен байланыс орнату;

білім алушылардың даму динамикасын көріп, сапалы кері байланыс беру мақсатында ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтарын ұйымдастыру (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, семинарлар, ашық есік күндері, ата-аналар конференциялары, дәрістер, педагогикалық қонақ бөлмелері).

Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді.

Ендеше: Тәрбиенің негізгі тірегі - ата-ана мен ұстазы екенің ескере отырып, осы бағытта бірігіп жұмыстанайық, ағайын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2024
164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі