Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы
Балалық шақ – баланың жеке тұлға болып сезінуінің ең алғашқы сатысы десем,қателеспеймін деп ойлаймын. Яғни,баланың бойына жақсы және жаман қасиеттердің қалыптасуының ең маңызды кезеңі. Әрине қай ата-анаға болмасын,тәрбиешіге болмасын,мұғалімге болмасын әр баланың бойынан тек жақсы қасиеттер табылса нұр үстіне нұр болар еді! Меніңше,мектеп жасына дейінгі балаларды дамытатын,ой-өрісін кеңейтіп,тәрбиелейтін іс-әрекет –ойын.
Ойын дегеніміз –баланың жас ерекшелігіне қарамайтын,көңіл күйін көтеретін,шапшаңдыққа,жан дүниесінің қалыптасуына,есеюіне үлкен септігін тигізеді. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін ұштап,танымдық қасиетін оятады. Мысалы балабақшада дидактикалық,қимыл қозғалыстық, сюжетті-рөлдік ойындар бар.
Дидактикалық ойындар балалардың ой өрісін дамытады,ойлау қабілетін арттырады,сенсорика жағынан үлкен пайдасы зор. Қимыл қозғалыстық ойындар зеректілікке, шапшаңдыққа,байқағыштыққа,зейінділікке, дұрыс сезімдердің дамуына мүмкіндік туғызады. Сюжетті рөлдік ойындар қоғамға бір табан жақын етеді. Отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдау, әртүрлі маман иелерінің рөлдерін сомдау арқылы сол мамандыққа деген қызығушылығын арттырады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың доппен, шеңбермен,жіпен секіру және басқа да заттармен ойнайтын көптеген қимылды ойындарда ережені балалардың өздері белгілейді. Бұның тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды тәртіптілікке шақырады,өз бетінше шешім қаылдауға, топпен жұмыс жасауға, көпщіліктің пікірімен санасуға көмектеседі.
Жоғарыда айтып кеткенімдей, қандай ойын түрлері болсын, дидактикалық па, шығармашылық па,сюжетті ме,драмалық па баланың ой-өрісін дамытады.Мысалы «Аурухана» ойынын ойнаған кезде, олар дәрігер мен денсаулығы нашар адамның әрекеттеріне еліктейді.Негізінен балабақшада көбінесе сюжетті ойындарды көп ойнатқан дұрыс деп есептеймін.Себебі бір сәт болса да ересек рөліне еніп, үлкен бір жауапкершілікті сезініп,ойлау қабілеттері дамиды.Оқу қызмет барысында мынадай ойындарды алуға болады.
Ойынның мақсаты: мамандық иелерін атауға үйрету,гигиеналық ережесін сақтауға үйрету,заттарды ұқыпты пайдалануға уйрету.
Көрнекілік құралдар: аспазшыға арналған фартук,жеміс муляждары,асхана бұйымдары; дәрігердің халаты, емдеу құрылғылары т.б
Оқу қызмет барысы.
-Балалар біздер қазір сюжетті-рөлді ойынды ойнаймыз. Ал сендер оның қандай түрлерін білесіңдер?
-Балалардың жауабы
-Балалар осы ойынды ойнамас бұрын біз кімдермен таныстық?
-Дәрігер апайдың бөлмесіне бардық. Емдейтін заттарымен таныстық.
-Дәрігер туралы кім тақпақ біледі?
Аян: Іш ауырса,тіс ауырса
Мамам дәрі береді.
Барлық бала,барлық ана
Оны жақсы көреді.
Ал ендеше «Дәрігер »ойынын ойнайық. Ойын басталды.
-Сабина сен неге дәрігерге келдің?
-Мен анаммен тісімді көрсетуге келдім. Тісім ауырып тұр.
-Тәттіні көп жемеу керек. Сонда тісің ауырмайды.
-Жарайды дәрігер.
«Дүкен»ойыны.
-Қуаныш сен дүкенге не үшін келіп тұрсың?
-Нан алу үшін. Мені әпкем жіберді.
-Мінекей ала ғой. Үйіңе тез бар.
Оқу қызмет аяқталған соң балалар тәрбиешілермен бірге ойынды талқылайды. Оқу қызмет әнмен аяқталады.
Жалпы сәбилер ойыншықпен ойнап өсетіні белілі. Ойыншық арқылы айналадағы заттармен танысады, атауларын есте сақтап үйренеді. Ер балалар машинамен ойнап ,үстіне құм тиеп алып,қызығып кеткендері соншалық машинаның дыбысын салып ,сол машинамен сөйлесіп те кетеді. Ал қыздарымыз өздеріңізге белгілі қуыршақпен ойнағанды ұнатады. Қуыршақты киіндіріп, шешіндіріп, бесікке бөлеп, ән айтып ғажап сезімге бөленеді.
Ойынның әр топта өз жас ерекшелігіне сай тұрақты ойналып тұруы керек.Қазақ халқы өзінің қоршаған дүниенің қыр сырын егжей тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жеткізіді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз. Онсыз бала өспейді,жан-жақты даммыайды. Қазақ халқы педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпақа қалған мәдени шығармашылық болып табылады.Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпыысын ,қабілетін дамытып,ынтасын арттыра білген. Ойындар тек қана балабақшада емес, үйде де ойыншықпен ойнағаны өте дұрыс. Балаларымыз саналы ,адамгершілігі мол, талпынысы жоғары , қызығушылығы күшті болып өссін десеңіз үйде де, балабақшадада ойыншықпен ойнауға тыйым салмайық!
«Адамды адам ғана тәрбиелей алады »деген қағиданың мәні өте зор!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы"

шағым қалдыра аласыз