Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер» (филология бөлімі)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қарағанды қаласы, «№17 жалпы білім беретін
орта мектебі» КММ
«Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер»
(филология бөлімі)
Орындаған:
7 «А» оқушысы
Мазурина Алина
Жетекшісі: қазақ әдебиеті
пәні мұғалімі
Қарағанды, 2018 жыл.
Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы,
«№17 жалпы білім беретін орта мектебі »КММ
Әдебиет секциясы
Тақырыбы:
«Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.»
Орындаған: Мазурина Алина орыс сынып оқушысы
Жетекшісі: Альжанова Т.Ж. қазақ әдебиеті пәні мұғалімі.
Адамзаттың қай заманда болмасын алдына қойған ең басты мұрат- мақсаттырының бірі дәстүрді сақтау, ұлттық құндылықтарды қадірлеу.
«Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер» тақырыбындағы ғылыми жобаға аннотация.
Зерттеу кезінде алға қойған мақсатым – тіл тұтастығын, дәстүр біріктігін сақтау және демографиялық өрлеуге дем беру. Қазақ тілінің дамуына үлес қосу.Ұмытыла бастаған, бірақ ұлттың ұйысына ұдайы қызмет етіп келе жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып жүйелеп ашып көрсету.Басты мақсат жас отбасылардың ұрпағын қазақы қалыпта тәрбиелеуіне септесуге тиіс деп ойлаймын.Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді жаңа қырынан таныту керек.Сондықтан осы жобада сәби туған күннен бастап ересек шаққа толғанға дейін атқарылатын барлық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар қамтылып, біраз сараптамалар жасап көрдім .
Annotation
Integrity of language, durability of tradition my the aim, that forward put in time Research, - to keep and breathing gives demographic to getting up. To Add deposit to development language of Қазақ.Ұмытыла began, but nation opening systematizing renewing coagulate continually serve custom-tradition to specify.I main aim to bring up generation families of years in Kazakh the state to help talk, touch, think.Habit-traditions and traditions to show itself from mountain backbone only what needed.Overcome all the custom-tradition, habit-traditions, that is carried out to, therefore in it project a baby began birthday adult filled just right.
2. Зерттеу гипотезасы:
Зерттеу гипотезасы ретінде қазақтың балаға қатысты салт-дәстүр түрлерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.
3.Зерттеу кезеңдері:
1. Балаға қатысты салт-дәстүр жөнінде ауыл адамдарының ауызынан жазып алынған, өздері күнделікті өмірде жиі қолданатын, жалпы ауыл арасында кең тараған дәстүрлер ғылыми әдебиеттерді, салт-дәстүр жөнінде кітапшаларды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау.
2. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің түрлерімен жеке танысып, оның мән-мағынасымен танысу.
3. Оның қай жерлерде қолданылатынын білу аясын білу.
4. Салт-дәстүрдің тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру.
4.Эксперимент әдістемесі:
1. Балаға қатысты салт-дәстүр жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.
2.Салт-дәстүрдің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. Дәстүрді ұмытпай ескі салт-дәстүрді жаңғыртып отыруымыз керек.
Мазурина Алинаның
«Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер»
атты ғылыми жобасына берілген
Пікір
Балаға байланысты салт-дәстүрлер қауымды қызықтыратын тақырып болып саналады.Оның өзіндік ерекшелігі бар.Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды.Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған бірнеше тараудан тұрады. Оқушы жұмысты жазу кезінде әр түрлі сараптамалар мен зерттеулер жүргізген.Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны облыстық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.
Ғылыми жетекшісі: Альжанова Т.Ж.
Кіріспе
Қазақ халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға бай халық.Сол салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халық тұрмыс –тіршілігінің өн бойына ғасырлар бойы тамыр тартып, қандық қасиетіне сіңіп, өшпей, жоғалмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бүгінгі заманға жетіп отыр. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға ерекше көңіл бөлген. Бала – біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес, заңды құбылыс.Оның дүниеге келу себебі адамның адамға қажеттілігінде.Бала өмірге келгенде оның өз орны айқындалады. Әр бала – керемет рухани күш иесі.Ол шетсіз-шексіздікті танып білуге ұмтылады.Баланың салт-дәстүрді толық білуі оның белсенділігін, білімге құштарлығын арттырады.Балаға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі.Себебі бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі, сондықтан баланың дүниеге шыр етіп келген күннен бастап есейіп азамат болып кеткен күніне дейін оған жан-жақты қамқорлық жасап, аялы алақанында әлпештеп өсіріп, тәлім-тәрбие берген. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен талай елді таң қалдырып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматының, ата-ананың, әрбір ұстаздың көздеген межелерінің бірі –сол ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып жасөспірімдер бойына сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Сондықтан мен де өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіруде қолданылатын оқу-тәрбие құралдары ретінде жасаған жұмысым арқылы шамалы болса да үлес қосу.Енді салт-дәстүр ұғымына анықтама беретін болсақ:
Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады.Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт- дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт –дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар,ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып отырады.Қазақ халқының салт- дәстүрлері осы ұлттың мінез- құлқын, қасиеттерін көрсетеді.Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі,сеніміне,ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке
байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты
бейімделіп келеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге
қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын,
тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен
халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр
мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел
дәстүрге де бай. Ата-
бабамыздың қалдырған асыл мұрасын
қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ
ұрпақтың өз қолында. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді
сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық
дәстүрлерге жатады.
Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне
байланысты қанға сіңген қылықтарды
білдіреді. Мен ұсынып отырған
қосымша оқу құралының оқушыға , мұғалімге пайдалануда тиімді
болуын көздедім. Ұлттық болмыс ұғымы ауқымды болғандықтан, оны
мағынасына қарай топтастыруды жөн
көрдім.
Зерттеу бөлімі
Бала тәрбиесіне, жалпы адам
тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен
ережелерін жасағандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы. Біздің
халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу
барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор
еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне
жүгінуім қажет. Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын
күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып –
дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын
зерттеген этнограф ғалымдар атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта
тәубешіл, жаугершілікте тәуекешіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да
төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де
кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын,
әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен
айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз» – деген.
Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді
сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы
ардақтау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал
болу» – қазақ халқының негізгі мінез – құлқы.
Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет –
ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше,
сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы
жүргізу қажет деп ойлаймын. Қазақ халқы ұрпағын ерекше қадыр
тұтқан. «Бала - бауыр ет», «Балалы үй базар, баласыз үй мазар»
деген баламалар ұлтымыздың өмір тәжірибесінен туған ой
қорытындысының жауһары. Балаларға жақсы салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптар қалыптастыру жайлы ұлы Абай «Ғылым-білімді, әуелі,
бала өзі іздеп таппайды, басында зорлықпен әки алдаумен үйір қылу
керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір бала ғылым-білімді
қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»
, деген ұлағатты пікір айтқан.
Ұлтымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын өз ұрпақтарына «бесік жыры»
арқылы айтып сіңдіріп отырған. Бұдан көшпенді халықтың қоғамдық
өмірінен туындаған халық педагогикасының қайнар көзі халықтың
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен тамырласып жатқандығын аңғаруға
болады. Мен бұл ғылыми жобамда қазақтың балаларға қатысты
салт-дәстүрлерді сіздерге ұсынғалы
отырмын.
1.Жерік ас немесе Құрсақ шашу.
Ана аяғы ауыр болып, 2 - 3 ай өткен соң бірер нәрсеге жерік болғанда беріліп тұратын дәм-тұз жерік ас деп аталады. Жүкті болған келіннің енесі ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді.Олар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі.Оның себебі – келінің жерік болып жүрген асын тауып беру.Жерік ас туралы әңгіме қазақ ертегілерінде кездесіп отырады. Мысалы, «Ер Төстік» деген ертегіде оның шешесі керегеде ілулі тұрған төске жерік болыпты, бала туылған күні ата-анасы баланың атын Төстік қойыпты, кейін Ер Төстік атаныпты.
2.Құрсақ той.
Бұл салт - бала құрсақтағы кезінде өткізілетін той салты. Ата-ана баланың дүниеге аман-есен келгеніне арнап тілек ретінде өткізілетін тілеу. Бұрынғы заманда перзент көре алмаған ата-аналар Алладан тілек тілеу негізінде көрші-қолаң, туыс-туғандарын шақырып, бірер малын сойып өткізетін шағын тойды құрсақ той деп атаған.
3.Жарыс қазан.
Ананың толғағы басталғанда, толғағы жеңілдеп, аман-есен босану үшін тәжірибелі қарт әйелдер ырым-жырым, ем-дом жасап, «ел көшті, жау жетті» деп атаның етегін толғап, мұны жарыс қазан деп атаған. Толғата бастаған келіннің енесі қыстай сақтаған жылы- жұмсағын қазанға салып, «жарыс қазан» асу қамына кіріседі.Бұл келін тез босансын деген ниеттен туған ырым.
4.Нәрестені жерден көтеріп алу.
Нәресте шыр етіп дүниеге келгенде ауыл әйелдері ескі дәстүр бойынша Тәңірге сиынып жерден көтеріп алып, «қойшы» немесе «жылқышы» деп жар салып жолын алуды жерден көтеріп алу деп атаған. Нәрестені жерден көтеріп алған әйел босанған ананың жақын туыс-туғандарынан сүйінші сұрайтын болған.
5. Кіндік кесу.
Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен кейін нәрестені жерден көтеріп алатын әйел немесе ауылдың тәжірибелі әйелдерінің бірі ырымын жасап, нәрестенің кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Ол қазақ салты бойынша екінші анасы есептеліп құрметтеледі. Кіндік шешеге көйлек-көншегін сыйлап, жолдық береді.Баланың кіндігі түскеннен кейін "елдің қорғаны болсын" деп ер баланың кіндігін ат шаптырым жерге апарып көмеді. Қыз "Отбасының тірегі болсын" деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.
6. Шілдехана күзету
Халқымыз ұрпақ көруді ерекше
бақыт санаған, ол жалғыз ата-ананың қуанышы ғана емес, бүкіл
ауыл-аймақтың қуанышы есептелген, баланы өмірдің жалғасы деп
түсінген. Нәресте дүниеге келген күні «баланың бауы берік
болсын» айтып бір түн күзетіп, жиылған ел-жұрт ән салып, өлең
айтып, домбыра шертіп, үлкен мереке өткізіп, «Шілдехана» күзететін
болған. Түрлі ойын-сауық өткізіліп, әркім әл-ауқатына қарай
«шілдехана» күзету ырымын 2 -3 күнге жалғастыратын.
«Бала туылғанда» деген өлеңде:
Қуаныштан жан жүрегім қақ жарылып,
Қасырет басымдағы қалды арылып.
Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймын,
Атқан соң маңдайымнан таң жарылып, -дейтін халық өлеңі
міне осының айғағы.
7.Қалжа.
Қазақ салты бойынша бала
туылған күні сол отбасында той жасалып, ауыл ақсақалдарының батасын
алып, маңайдағы абысын-ажын тағы басқа әйелдер сол үйге жиылып
босанған анаға арнап қой сою кәдесі «қалжа» деп аталған. Қалжа
сойылып малдың етін жеп болған соң, мойнын қырық күнге дейін
керегенің басына іліп қояды, бұл баланың мойны берік боп қатсын деп
ырымдаудан болған.
Ер баланың «мені де әкем ұл туды деп, қалжа сойған»
деген сөз содан қалған.
8. Бәсіре.
Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.
9.Балаға ат қою.
Халқымыз жаңа туылған нәрестеге ауылдағы қадірменді, сыйлы, беделді ақсақалдарды шақырып азан шақырып ат қойғызады. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың пәлен» деп айғайлайды. Ат қоюда белгілі ғылымилық бар, ат қою қоғамдық ортаға, заман райына, өндіріс кәсібіне тығыз байланысып жатады. Кейбіреулері әйгілі адамдардың атын ырымдап қою арқылы сол адамға тартсын деп тілек тілейді. Ат қоюда туыс-туғандардың атын қайталамауды түйін етеді, егер қайталанса, сол адамға үлкен құрметсіздік есептеледі. Адам атын әркімнің өз өміріндегі жеке орнын білдіретін ұғым деп түсіну керек, ат қою өзіндік даралығы бар халықтық дәулет.
10.Бесік той.
Жаңа туылған баланы бесікке
бөлеу жорасы «бесік той» деп аталады.Кіндігі түскен баланы бес
күннен кейін бесікке салады. Үй иесі бір малын сойып ауыл әйелдерін
және баланың кіндік шешесін шақырады, келген әйелдер балаға арнап
шашу, жейде, тана-моншақ, үкі, тағы басқаларды
әкеледі.
11.Бесікке бөлеу (салу).
Баланы бесікке бөлеуді халқымыз өнер деп таныған, бұл «бесік тойдың» артынан іле-шала болатын қимыл. Бесік тойға келген әйелдердің арасынан жолы үлкен тәжірибелі бір әйел баланы бесікке бөлейді, бесікке бөлеудің өзіндік ырымдары болады. Бұл тұста түбектің тесігінен балаларға тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік (тыштыма) үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.Бала бөленген бесіктің үстінде жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
12.Бесік аластау.
Ана бөбегін қауіп-қатерден
аулақ болу үшін үнемі бесікті аршамен аластап тұрады.Қазақтың
«бесік аластау» жырында;
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас! - деп
айтылады.
13.Баланы майлап сылау.
Жаңа туылған баланы майлап
сылаған кезде, өзіндік ырым жасап қауіп-қатерден аулақ болу үшін
тілек тілейді.
Қазақтың байырғы балалар туралы айтылған салттық жырларында «баланы
майлап сылағанда» деген өлеңінде:
Тәу, тәу, тәу,
Сыламақ менен,
Қатып қалмақ сенен.
Менің қолым емес,
Бибі Фатима, бибі Зухра қолы,
Ұмай ана, Қамбарлы ана қолы!
Тастай қыл,
Темірдей қыл,
Сүттей ақ қыл,
Дерт үйге кірмесін,
Балаға тимесін, - деп
айтылады.
14.Баланы қырқынан шығару.
Қазақ халқы нәресте дүниеге келген қырық күнді қауіп-қатерлі деп санаған. Осы күнге аман-есен жеткен баланы сау-саламат болады деген. Қырық күнге дейін үйден шырақ өшірмеуді әдетке айналдырған. Нәресте туылып қырық күнге толғанда жақын туыс-туғандардың, көршілердің әйелдері қырық қасық шілде суын тамызып, нәрестені шомылдырып, нәрестенің қолын ұнға матырып, «қарын шашын» алып шүберекке түйіп, тұмарша етіп баланың оң иығына тағып, тырнағын алып көміп тастайды.Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнде қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалыңдығына төлейтін мал аз болсын, ал қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
15.Ит жейде кигізу (ит көйлек).
Балаға қырқынан шыққанға дейін
кигізетін жейдені «ит жейде» дейді. Қырқынан шыққан күні ит
жейдесін шешіп алып оған тәтті, құрт-ірімшік түйіп, бір иттің
мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары итті қуып ұстап, тәтті,
құрт-ірімшіктерді таласа-тармаса жейді. Ит жейдені көбінесе баланың
кіндік шешесі тігіп әкеліп жолын алады.
16.Тұсау
кесу.
Бала бір жасқа толып, ақ
босағадан енді ғана қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан, жүруге талпынған
сәбиге арнап, ата-ана қадамың құтты болсын деп тілек тілеп «тұсау
кесу» тойын жасайды. Оған ауыл адамдары, туыс-туған, көрші-қолаңдар
шақырылып сыйлы сыбаға тартылады. Оның ішінде жолы жақсы ақ көңіл
адамның біреуі тұсау кеседі, тұсау кесуші адамды баланың ата-анасы
ел-жұртқа өнеге болатын адамдардан таңдап, сәбиіне соның жолын,
жасын берсін деп тілек тілейді.
Баланың аяғын ала жіппен немесе қойдың майлы ішегімен,
иә болмаса қаулап өскен көк шөппен байлайды. Оны өткір кездікпен
кесу керек. Ала жіппен байлап кесудің мәнісі -ешкімнің ала жібін
аттамай, адал өссін деген тілектен туған. Ал майлы ішекпен байлап
кесу ешкімді жатсынбай майлы ішектей араласу, елгезек, бауырмал
өссін дегенді білдіреді. Көк шөппен байлап кесу баланы көктей
қаулап тез жетілсін, көбейіп-көктесін дегенді білдіреді. Тұсау
кескен балаға ақ жол тілеп:
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз балам, - деп тілеу
тілеген.
17.Атқа мінгізу.
Баланың буыны бекіп, 4 - 5 жасқа келгенде немесе ат үстінде өзін ұстай алатын болғанда атқа мінгізу салты өткізіледі. Себебі ұлтымыз «Ат - ер қанаты» деп түсінген ұрпақты ат үстінде ойнайтын етіп жетілдіру, жауынгер етіп тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатынан туған. Балаларға арналып алдын ала ат дайындап ер-тұрман әзірлейді. Баланы атқа мінгізген күні арнайы атқа мінгізу тойы жасалады. Бұл қазақтың көшпенді тіршілігіне байланысты туылған салты.
18.Сүндет той.
Бұл той қазақ халқы арасында
ислам діні тарағаннан кейін қалыптасқан. Ислам дінінің жол-жосыны
бойынша ұл баланы бес жас немесе жеті жаста сүндетке отырғызады.
Сүндетке отырғызу мұсылман болудың бірінші шарты ретінде
қаралады.
Той қарсаңында сүндеттелген баланың басына немесе
иығына үкі тағып, атқа мінгізіп, жақын туыс-туғандары мен
жекжат-жұраттарын аралатады, барған жердегі адамдар шашу шашып
құттықтайды. Балаға үкі тағылған кепеш кигізіп, ауыл-аймақтағылар
тегіс шақырылып, мал сойылып, қазақтың «Ат бәйге», балуан, «Қыз
қуу», «Теңге алу», «Жамбы ату», т. б ойын тамашалары мен салтанатты
салттары өткізіледі. Сүндет той әр адамның әл-ауқатына қарай
өткізіледі.
19.Тіл ашар.
Баланың жаңадан балдыр-бұлдыр тілі шыға бастағанда ауыл ақсақалдары тілінен май тамған шешен, шежіреші, көш басы көсем болсын деп батасын беріп, баланың тілін шытпен созып аузына түкіріп жолын алу салты «тіл ашар» деп аталады.
20.Танабау
тағу.
Бала әкесіне немесе шешесіне
ілесіп жұмыс басында қолқабысын тигізіп жүргенін көргенде, ел-жұрт
«жігіт болыпты», «қажетке жарапты» деп құттықтап танабау тағады.
Танабауға тана, шыт, парша-парат ақша, т. б нәрселер беріледі.
Танабау тағушыларды баланың ата-анасы шақырып қонақ етеді, мұны
«танабау тағу» деп атайды.
21.Айдар
тағу.
Қазақта ұл баланы зарығып
жүріп көрген ата-ана ұлына кішкене күнінде төбе шашын ұзартып
өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны ертеде қазақта көп
қолданған. Тарихи деректерге қарағанда, Кенесары мен оның немересі
атақты Наурызбай батырда айдар болған екен.
Бала он жасқа келіп айдарынан намыстанған кезде оның
айдарын алып тастау барысында бірер мал сойып тойлайтын әдет
болған.
22.Тана
тағар.
Қыз балаға тұлым өріп, құлағын тесіп, тана тағу ырымы ертеден жалғасып келе жатқан салт. Тана тағарда туыс-туған, көрші-қолаңдарының әйелдерін шақырып шағын тамаша өткізіп береді, мұны қазақта «тана тағар» деп атаған.
23.Тоқым қағу.
7-8 жасар бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына барады.Сонда әке-шешесі бір малын сойып, ауыл аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасайды.
Қорытынды:
Ата салтың – асыл қазынаң
Жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі «Бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүр» туралы жаздым.
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі- өнеге тұтуға тиіс. Балаға қатысты салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,тәрбиелік мәнінің зор екені.Мен бала туған күннен бастап ересек жасқа толғанға дейін атқарылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері толық қамтылатынына көз жеткіздім.
Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті,мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт - дәстүрге, оның бала тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек.
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек.
Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.
Іздену жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:
Туған соң адам боп, Бауырласқан тәніміз,
Білімсізден жаман жоқ. Бұзылмаған антымыз.
Ел дәстүрін білмесең, Кең даланың ежелгі,
Жұрт айтады надан деп. Қазақ дейтін халқымыз.
Ата-бабаң ардақты, Өзге ұлттай біздің де,
Жамандыққа бармапты. Бар дәстүр мен салтымыз.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Болашақ ұрпақ қазақ тілін
бала күнінен үйренеді;
- Ғасырлар бойы қалыптасқан ауыз әдебиеті насихатталады;
- Этнография тек ескінің көзі болып қалмайды ұлттық болмысымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жаңғырып, жаңа сатыда дамиды;
- Халықтың бойындағы толеранттылық, ұлттық сана нығаяды;
- Мемлекеттік тілдің мәртебесі көтеріледі.
Бала тәрбиесі жөнінде ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ фильмдері, суретті кітаптар, бейнетаспалар, электронды кітапшалар шығарылса деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абай. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1968.
Ақ сандық, көк сандық. Алматы, «Жалын», 1988.
Арғынбаев. Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2005.
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, «Ғылым», 1973.
Ахметова З. Шуақты күндер. Алматы, «Жалын», 1985.
Әжіғали Е т. б. Салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары. / Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ред. –Алматы: Арыс. Біртұтастығы мен ерекшелігі, 2005.
Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений. В пяти томах. – Алма-Ата, 1984-1985.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 1987.
Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Ана тілі, 1994.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Құраст. Б.Ж.Жүсіпова. – Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2007.
Калиев С. т. б. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: «Рауан» 1994.
Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1974