Балабақша -балалықтың мекені.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша -балалықтың мекені.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Театрландырылған аудио ертегі арқылы балалардың тілін дамыту» Мақсаты: Театрландырылған аудио ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Театрландырылған аудио ертегі арқылы балалардың тілін дамыту»

Мақсаты: Театрландырылған аудио ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • театрландырылған аудио ертегі арқылы балалар тілін дамыту;

  • сөздік қорларын байыту;

  • ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

  • кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

  • байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

Әдіс-тәсілдер:

  • балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

  • қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

  • қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)

Жұмыстың нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

  • балның есту қабілеті, тілі дамиды;

  • сөздік қорлары толығады;

  • байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

  • дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.


Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған аудио ертегі ерекше рөл атқарады.

Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады.


Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде.


 Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады.


Ертегілер  дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады.


Балалар театрының бірнеше түрлері бар

Театр түрлері:

Қуыршақ театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Ойыншықтар театры.

 Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.


Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар.

Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.

Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.

Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады.

Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял - ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс - салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері

Үзінді қойып берсем дейиін................

Жыл басына таласқан хайуандар

Етікші..........

Сказка колобок.. ..................




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2021
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі