БАЛАБАҚША – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ
АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
Кабиева Айжан
Куттымуратовна
Ақтөбе облысы, Ойыл
ауданы, «Асанәлі» бөбекжай бақшасы» МКҚК,
психологі
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің
ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен
өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға
жетпес қазынасы.
Тәрбиенің тал
бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен
парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды
рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз
жөн.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: "Бала тәрбиелеу –
болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап,
балаларға жақсы білім беріп, тәрбие беруге ұмтылуымыз керек", –
деген еді.
Қоғамымызда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру
саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында,
соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына
сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады
десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы –
балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім
саласында заманауи педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен
қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі
білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты
оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу.
Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына
педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана
білу сауаттылығына да байланысты.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі
балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі
болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі
тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі
ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің
еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,
жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты
үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде
қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді
қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын
арттырады.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің
болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін
тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері
мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Біздің
балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай
қарастырылған. Балабақшада балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды
қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін
тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде
жаңартылған педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануға
тырысамын. Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты
тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын
байқауға болады.
Мектепке дейінгі мекеме балаларына
үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына
тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай
мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен
тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен,
ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру,
ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен
оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік
технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,
педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең
үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол
балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы.
Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай
шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс
тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға,
сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін
дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды
кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи
бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта
балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі
жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі,
білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып
шығады.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең
алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім
балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі
үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның
бірі екенін қуана айта аламын.