Материалдар / Балабақша балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін,халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойларына қалыптастыра білген.Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
635
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақша балаларын халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу.

Жамбыл облысы Тараз қаласы

17 бөбекжай-бақша педагог-логопед:

Айтуова Ақмарал Бағдатқызы

(e-mail: 17.detsad@mail.ru)

Ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін,халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойларына қалыптастыра білген.Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады.



Алексей Максимович Горький:
«Халық ауыз әдебиетін білмейінше,
 еңбекші халықтың нағыз
 тарихын білу мүмкін емес» - деген.



Мен балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, болашақта мектепте оқытуға дайындығына, сөздік қорын молайтып, тілдерін жетілдіруге үлкен үлесін қосатын қазақ халқының мұрасы, сарқылмас асыл қазынасы - халық ауыз әдебиеті деп білемін. Сол себепті өз тобымдағы балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстырып тереңдете жұмыс жүргіздім. Халық ауыз әдебиетіне жұмбақтар, әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер,аңыздар, мысалдар, санамақтар, айтыстар, мақал мәтелдер жататынын ұғындырудамын.

Топта тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардым. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып әңгімелеуге, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге талпындырдым. Әсіресе балаларды ауыз әдебиетінің үлгілері – санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар,мақал-мәтелдер қызықтырады.

Топта қазақ бұрышын безендіруді дұрыс деп шештім, баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыратын көптеген дидактикалық ойындар жасақтадым: «Ұлттық киімдер», «Жұмбақтың жауабын шеш», «Өрнегін тап», «Тез ата», «Ұлттық тағамдар», «Енесін тауып, ата», «Мақалды жалғастыр», «Киіз үй», «Ертегі кейіпкерін анықта», «Сурет бойынша тыйым сөзді ата», «Сипаттама арқылы тап» т.б.

Өз тобымның балаларының өмірлік дағдылары мен жаңа білім, біліктілігі жан-жақты дамуы үшін, жаңа технологиялық әдістерді дұрыс таңдай білдім.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы өте көп деп ойлаймын. Сол себептен тіл мәдениетін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл екенін білдім. Өйткені ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Мектепке дейінгі балалар отбасында, балабақшада фольклорлық шығармалармен және көркем әдебиеттің тұғырлы туындыларымен тәрбиеленеді. Қазақ ұлтының тілашар дәстүрі бойынша тілі шыға бастаған кезде бөбекке санамақтар - сан үйрету, жаңылтпаштар - тіл ширату, тақпақтар - ой дамыту, жұмбақтар - ой қорыту, мақал – мәтел - тіл мен ойды саралау, мазақтамалар - намыс ояту үшін қолданылады. Әсіресе, ертегілер баланың қиялын кеңейтіп, дамытады. Өз тәжірибемде ең әуелі осыларды пайымдап, пайдаланамын. Қысқасы, халық ауыз әдебиеті - тәрбиенің негізі. Онсыз тәрбие тәлімсіз, мәнсіз болады. Көркем әдебиеттен нәр алған бала инабатты, тәрбиелі, жігерлі болып өседі. Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин да балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», — деген болатын. Сондықтан бұл еңбекте халық ауыз әдебиеті нұсқаларын пайдалану арқылы тілге үйрету әдістемесіне ерекше көңіл бөлдім.

Балабақшада балаларды түстермен таныстырып, оларды ажыратуға үйретеміз. Осы түстердің мағынасын халық ауыз әдебиеті арқылы ашып түсіндіреміз. Қазақ халқында әр түстің өзіндік мәні бар. Осы түстердің мағынасын халық ауыз әдебиеті арқылы ашып түсіндіріп, түстерге байланысты мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар үйретуге болады. Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, түсіндіру талап етіледі.Мұнда балаға беретін тәрбие тілін дамытатын нәрсе терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, мағынасын ашады.Тоғыз ауыз сөздін тобықтай түйінін жинақтап,қорытып береді.

Халық әдебиетімен суысындағын баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, тіл байлығы мол болады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне қарай анықтап алу керек. Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер,батырлық жырлар,өмір тәжірбиесінің қысқаша қортындысы.  Ертегілер арқылы,оның ішінде қиял-ғажап, тұрмыс-салт, батырлар туралы ертегілердің мағынасы өте зор.

Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің  әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептеймін. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер, тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Болашақтың базары да, келешектің-кемеңгерлері де балалар емес пе? Саналы, өскелен ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының  молаюына балабақша  тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!