«Салтанат-М» бөбекжай балабақшасы
Ата-аналар жиналысының хаттамасы. №3
Тақырыбы: «Балабақша-үйіміз!»
Кіші топ «Бал бөбек»
Өткізген: Джапаркулова Д
Хаттама №3
Барлық балалар саны: 25
Қатысу керек - 25 ата-ана
Қатысқан- 18 ата-ана
Күн тәртібі
1. Балабақша- үйіміз баяндама
2. 2021-2022- оқу жылының қорытындысы.(Индикатор)
3. «Балабақша-біздің үй!» видеофильм.
4. Әр түрлі мәселелер
1. Балабақша- үйіміз баяндама
«Бала естігенін айтады,
көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына
дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай
сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен,
жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға
тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр,
мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру
ата - ана мен тәрбиешілердің басты
міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор.
Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің
қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған
соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал,
«Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық,
мейірімділік сезімдерімен
танысты.
Адамгершілік дүниесіндегі
ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың
бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік
жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған
тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал - мәтелдер арқылы
кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін
арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет,
кішіге - ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді
құрметтеу, қамқорлық сезімдерін
туғызамыз.
Балаларды еңбек сүйгіштікке
баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға
болады.
Өз – өзіне қызмет
ету;
- Кішкентай топтарда балалар
тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне
көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу.
Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын
қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады
немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса
солай қарауға мүмкіндігі
жасалмайды.
- Тұрмыстық қызметте топтағы
ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша,
қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз
бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын
адамдарына қамқор болуға
үйретеміз.
- Серуен кезінде гүлдерді
қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірде
серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 - 3 жапырақ
жинаған соң «жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен
жұмыс жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген
жапырақтардан бастарына гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар
қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана
жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге,
еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне
баулыдым.
Әрбір жасалынған істен кейін
«Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді
болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған
еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай
білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін
бойына сіңіруі аса маңызды.
Жас ұрпақтың бойына
адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен ұстаздардың басты
міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз -
өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші
рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті
балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде,
ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі,
іс - қимылы, балалармен, үлкендермен қарым - қатынасы кішкентай
сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал
етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын
бүлдіршіндерімздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі.
Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым -
қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін
құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер
қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата -
анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек
шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды
қасиеттерінің негізі отбасында
қалыптасады,
Адамгершілік тәрбие отбасынан
бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен,
ана тілімен келетіні анық. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен
біткен мінез, сүйекпен кетеді» бекер айтпаған. Дана, ойшыл Абай
атамыз бұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуан адамнан
жұғады; бірінші – ата - анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші –
құрбысынан».
Адамгершілік әр адамға тән
асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті
күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына
сіңіреді.
Қазақ халқы баланы жастайынан
жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген
ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік,
сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік
тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз
анық!
Баланың ой - өрісі – білім мен қоршаған дүниені тануға
қызығушылығы, талаптанушылық, рухани байлығының
бейнесі.
Баланың ой - өрісі көбіне жанұя жағдайымен, ата – ананың ықпалымен қамқорлық етуіне байланысты рухани дамып отырады.
Сәбимен алғаш тіл қатып, қарым – қатынас жасаудың өзі де оны әр түрлі әсерлерге бөлейді. Балаға неғұрлым көңілді көп аударып, онымен әңгімелессе,айналасындағы заттармен, құбылыстармен таныстырса, соғұрлым оның құмарлығы артып, көп білгісі келеді.
Бала балабақшадағы білім беру салалары бойынша жасалған ұйымдастыру іс - әрекетіндегі жасаған жұмыстарын жеке де көрген, білгендерін, үйренгендерін ата – аналарына көрсетуге, айтуға, жеткізуге асығады. Тәрбиеші балаға көптеген қызықты заттар мен істерді таныстырады. Олар балаға әр түрлі ағаштардың жапырақтарын кептіруді, гүл өсіруді, табиғи материалдарды жинауды да көптеген нәрселерді үйретеді.

Жыл бойы жасалған жұмыстар. Туралы әңгіме. Балалардың дамуын диаграмма арқылы көрсету. Өткен жылмен салыстыру. Слайд арқылы айтып түсіндіру.
3. «Балабақша-біздің үй!» видеофильм.
4. Әр түрлі мәселелер.
Жиналыс барысында басқа да мәселелер айтылды. Тамақтың төлем ақысын уақытыында төлеу, балабақшаға кешікпей келу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау. Балабақшамен қоштасу кешін ұйымдастыру. Даланы безендіру гүлдер егу жайлы мәселерлер қозғалып шешім қабылданды.
Жиналыстың шешімі:
1.Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынасты тығыз сақтау
2. Балаларға біріге отырып саналы тәрбие мен сапалы білім беру.
3. Балабақша ережелерін сақтау
4. Даланы безендіру гүлдер егу жайлы шешім қабылданды.
5. Ата-аналар комитетінің жұмысын бағалау.
Ата — аналармен
жұмыс
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы
ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез — құлқы, бейімі,
қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата — ана, бала,
тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал
ету.
Барысы:
Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала — адамның бауыр еті», «Балалы үй —
базар»- дейді.
Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Ал біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың іс —
әрекеті, мінез — құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе
күнделікті көңіл — күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?
Балаларымыз қалай өсіп келеді?
Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып
көрмекке ортамызға бір топ ата — аналарымыз қонақ болып келіп отыр,
таныс болыңыздар:
—————————————-
Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз әдеттегі іс — шараларға қарағанда
өзгеше.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар,
балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды
өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше
іске сәт дейік!
Тәрбиеші: І кезеңіміз «Менің балам…» деп аталады. Бұл кезеңде
сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар.
Әңгімелеріңізді кезекпе — кезек «Менің балам..»- деп бастап, әрі
қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінезіндегі, түр –
сипатындағы ерекшеліктері, т. б. туралы баяндау ұсынылады. Дайын
болсақ бастайық!
—————————————-
Тәрбиеші: Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет. Өз балаларыңызды өзгемен
шатастырмайтындарыңыз белгілі болды. Десе де сіздерге кішкентай
ғана бір емтихан ұйымдастырған едік, тамашалап көрсек…
(Бейнетаспада әр түрлі карнавалдық костюм киген балалар өз
еріктерімен ойнап жүргендері көрсетіледі)
Тәрбиеші: Мына бейнетаспадан өз балаларыңызды іс — қимыл, жүріс —
тұрысынан дөп танып айтып берсеңіздер……. (Ата — аналар жауабы)
Тәрбиеші: Жауаптардың дұрыс бұрыстығына көз жеткізу үшін экранға
назар аударайық. (Тәрбиеші қорытындысын шығарады)
Тәрбиеші:……………………….. отбасы өздерінің алғашқы ұпайларын жинап та
үлгерді. (……………………….. отбасында әлі де ұпай жоқ.) Байқап
отырғандарыңыздай әрбір дұрыс жауап үшін қоржындарыңызға 1 ұпай
қосыла береді, тиісінше бұрыс жауапқа ұпай берілмейді.
Тәрбиеші: Келесі кезең «Жедел тест» деп аталады. «Жедел тест»
құрамына кіретін 2 сұраққа сіздердің балаларыңыздың жауаптары
алынып қойылған, дәл сол сұрақтарға енді сіздер көп ойланбай тез
арада жауап берулеріңіз керек. Балаларыңыздың жауабымен сәйкес
келген жауаптарыңыз үшін 1 ұпайдан иеленесіздер. «Жедел тест»
құрамындағы 3 — сұрақ тек сіздер үшін қойылады, өз ойларыңызды
білдіруге мүмкіндік аласыздар. (Жедел тест слайд арқылы
көрсетіледі.)………………………… отбасы алғашқы жедел тест сіздер
үшін:
І жедел
тест
1. Балаңыздың ең сүйікті асы не?
А) Жарма ботқасы Ә) Сорпа Б) Дүкендегі дайын тағамдар В) Қуырылған
картоп
2. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?
А) Дәрігер Ә) Әнші Б) Елбасы В) Сарбаз
3 Балабақшадағы тәрбиешілерінің есімдерін білесіз
бе?
ІІ жедел
тест
1. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?»
А) Атасы мен әжесінің Ә) Әкесінің Б) Анасының В) Бәрінің
2. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?
А) Машина Ә) Қуыршақ Б) Құрастыру ойыншығы В) Доп
3. Балаңызды қалай еркелетесіз?
ІІІ жедел
тест
1. Балаңыз неден қорқады?
А) Қараңғыдан Ә) Иттен Б) Жалғыз қалудан В) Қорықпайды
2. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?
А) Саяхатшы Дара Ә) Том және Джерри Б) Алдар көсе В) Білмеймін
3. Бала, отбасы, ата — ана тақырыбында бірнеше мақал айтып
берсеңіз?
ІV жедел
тест
1. Балаңыз күнделікті ұйқыға кетерде нені қалайды?
А) Ертегі Ә) Әлди әнін Б) Арқасын сипалағанды В) Ойыншығын
құшақтағанды
2. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы не?
А) Бұршақ сорпасы Ә) Қарақұмық ботқасы Б) Қырыққатпар сорпасы В)
Сүт көже
3. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып
беріңізші?
V жедел
тест
1. Балаңыз қандай өнерге бейім?
А) Әнге Ә) Биге Б) Сурет салуға В) Мүсіндеуге
2. Балаңыз қандай ойын ойнағанды ұнатады?
А) Компьютерлік Ә) Тыныш ойындар Б) Қимылды ойындар В) Логикалық
ойындар
3. Балаңыздың топта бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз
ба?
VІ жедел
тест
1. Балаңыз кімді идеал тұтады?
А) Әкесін Ә) Елбасын Б) Тәрбиешісін В) Мультфильм кейіпкерін
2. Балаңыз жаңа жыл ертеңгілігінде қандай кейіпкер болып
киінді?
А) Аю Ә) Күлдіргіш Б) Ноян В) Ханзада
3. Балаңыздың бойындағы қандай мінезіне көңіліңіз толады және
қандай
мінезінің өзгергенін қалар едіңіз?
Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың
тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде
жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде «ашу — дұшпан,
ақыл — дос» екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен
бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға
шақырамын.
Тренинг
«Егінші»
Тәрбиеші: Көп рахмет, орындарыңызға отыруға рұқсат. Келесі
тренингті мен көрермен ата — аналармен ұйымдастырсам деймін. Өз
қалауларыңызбен ортаға шақырамын.
Тренинг «Менің
тілегім…..»
Тәрбиеші: Сәл сергіп қалдық. Енді ойынымызға қайта оралайық. Сіз
бен біз үшін ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптасу үдерістерін
тереңірек түсіну аса маңызды. «Бала тілі — бал» атты келесі кезеңде
бүлдіршіндеріміз бал тілдерімен жұмбақтар жасырады, сіздер кезек
күтпестен шешімін табуларыңыз керек. Экранға назар аударыңыздар.
(Экранда балалар жеке — жеке жұмбақтар жасырады, ата — аналар
шешімін табады)
Тәрбиеші: Тілдерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой —
өрістерін
өсіру мақсатында балаларыңызбен жиі — жиі жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақ
т. б. жаттауға, күнделікті сөйлесіп тұруға кеңес береміз.
Тәрбиеші: 3 кезең бойынша:
………………………………………… отбасы………………….. ұпай
………………………………………… отбасы………………….. ұпай
………………………………………… отбасы………………….. ұпай
………………………………………… отбасы………………….. ұпай
………………………………………… отбасы………………….. ұпай
………………………………………… отбасы………………….. ұпай жинады.
Құттықтаймыз!
Тәрбиеші: Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің
ертегі айтуда тәжірибелеріңіздің бар — жоқтығын ІV «Сахнада
самғаймыз!» кезеңінде байқап көретін боламыз. (Конвертке салынған
«Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің атрибуттары мен сөздерін өз
қалауларымен таңдап алуды ұсынады)
Тәрбиеші: Кейіпкерлердің дауыс интонациясы, іс — қимылдарын нағыз
әртістерше сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз
сіздерде!
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық
қойылымы
Тәрбиеші: Барлығыңыздың да ұпай қоржындарыңыздың тағы да 1 ұпайға
толығуымен құттықтаймыз!
Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз аяқталып та келеді. Сөз соңында
сіздерді тағы да ғажайыптар әлеміне шақырсам деймін. Егер сіздің
қармағыңызға алтын балық ілініп, ең маңызды, ең, ең, ең….. деген
жалғыз ғана тілегіңізді орындаймын десе қандай тілек тілер
едіңіз?
Алтын
балыққа тілек. (Барлық ата — аналар
жауабы)
Тәрбиеші: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі
күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңгі
күндері жарқын болсын! (ұпайларды айтып өтеді) Бүгінгі
басқосуымыздың нүктесін қойып, өз пікірін білдіру үшін
балабақшамыздың меңгерушісі…………….. құрметпен сөз кезегін ұсынғым
келеді.
Қорытынды сөз.
Марапаттау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшада ата -аналар жиналысын ұйымдастыру

шағым қалдыра аласыз