Материалдар / Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
389
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері


Бопылова Салима Эрмекбаевна, Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы «№11 «Теңге» бөбекжайының әдіскері

Орунбекова Амангуль Тавирбаевна, Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы «№11 «Теңге» бөбекжайының тәрбиешісі



Бала – біздің болашағымыз. Ал, балабақша – барлық тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту міселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Олай болса, балабақшада оқыту мен тәрбиелеу баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағы. Сондықтан да мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.

Балабақшада қолдануға тиімді технологияларға тоқталсақ. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері: денсаулық сақтау технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы, жобалық-іс шығармашылық технологиясы, ТРИЗ технологиясы, Зайцев технологиясы, әуенді кесте технологиясы, ақпараттық қатынастық технология, т.б.

Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Ол мектепке дейінгі мекемелермен, ондағы балалардың күнделікті қатынасуы, тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы, мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар, педагогтың кәсібі құзіреттілігі, балалардың денсаулық көрсетілімімен тығыз байланыста болады.
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Осы орайда жобалы-іс шығармашылық технологиясы баланы тәрбиешімен бірге ізденуге, проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жобалар қатысушылар санына қарай: жеке, жұптық, топтық; ұзақтығына қарай: қысқа мерзім, орта және ұзақ мерзімдік; әдіс түрлеріне қарай: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама; тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б болып бөлінеді.

Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту болып табылады. Оның негізгі мақсаттары:

  • мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;

  • баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы;

  • балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;

  • балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • бүктеу арқылы оқыту;

  • өлең айту арқылы оқыту;

  • балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;

  • көрнекіліктерді кеңінен пайдалану.

Әуенді кесте технологиясы ересек және мектепалды дайындық топтарына сауат ашу және жазу негіздеріне арналған ҚР МЖМБС-қа сүйене отырып дайындалған оқу құралы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты – дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі – ол баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді, балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды: жаңа заманға қадам басу, ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру, жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу, компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқуды, математиканы үйрету.

ТРИЗ-дің мақсаты тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Ол баланың есте сақтау қабілеті, тілі, қиялы, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуына қол жеткізеді.

ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.

Монтессори технологиясының негізін қалаған италяндық ғалым М.Монтессори. технология мақсаты - балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.

Тәй-тәй технологиясыныңң негізін қалаған Джорж Сорос еді. Технология мақсаты - балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу. Дамыта оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер - В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев. Бұл технология негізінде баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауы дамиды, сөздік қоры мен сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері: ой толғаныс әдісі, ассоциация әдісі, салыстыру әдісі, топтастыру әдісі.

  • Ой толғаныс немесе «Миға шабуыл» әдісі деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

  • Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:
    Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні. Көліктер: автобус, трамвай, поезд, самолет.

  • Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды (алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы).

  • Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.

  • Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар балаларды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы бүлдіршінде болашақ кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!