Балабақшада Монтессори әдістемесін пайдалану негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада Монтессори әдістемесін пайдалану негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша, мектеп, ЖОО тәрбиешілері мен оқытушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада Монтессори әдістемесін пайдалану негізі

Жарылкапова Айжан Абдиманаповна

54 мектеп жанындағы «Алтын ұя» шағын орталығының тәрбиешісі

Замануи педагогикада сұранысқа ие, ең танымал дамыту бағдарламасы - Мария Монтессоридің әдістемесі болып табылады. Оның негізгі оқырманы мен ізбасарлары әлемнің түкпір-түкпіріндегі балабақша тәрбиешілері. Ғалым, тұңғыш дәрігер әйел, қамқор мұғалім — мұның барлығы Мария Монтессоридің сүйсіне жасайтын мамандығы. Өз өмірінде ол көптеген бірегей әдістемелік нұсқаулық және авторлық кітаптар шығарды, алғашқы эксперименттік мектеп ашты.

Монтессори әдістемесінің мәні - балаға еркіндік беру, тануға итермелеу және дағдаларды жетілдіруге көмектесу. Монтессоридің ұраны: «Өзімнің орындауыма көмектес!»

Автор балалық шақта дамудың ерекше белсенді кезеңін байқап, ол кезеңді сенситивті фаза деп атады.

Ұсақ моториканы игеру – 1,5-5,5 жас

Жүйедегі өз рөлін қабылдау және түсіну – (3 жасқа дейін)

Сөйлеуін дамыту (туылғаннан бастап 6 жасқа дейін).

Іс-әрекеттер мен қозғалыстарын игеру (1 жастан 4 жасқа дейін)

Сенсорлық дамуы (туылғаннан бастап 5 жасқа дейін).

Әлеуметтендіру (2,5 жастан 6 жасқа дейін).

Ең маңыздысы, бала үйде де, балабақшада да өзінің әр даму кезеңінде қажетті дағдыларды игеруі қажет, себебі оның қабілеті мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмір сүру сапасы да осыған байланысты. Ал жіберілген қателікті қайта жөндеу үшін ол кезең кері қайтарылмайды. Дұрыс дамудың үш құрамдас бөлігі бар: ата-ана, тәрбиеші (мұғалім), қоршаған орта.

Мария Монтессори әдістемесінің артықшылықтары:

Баланың үйлесімді дамуы. Педагог бала ата-анасынан ақылды деп есептеді, сондықтан даму процесі оның өзіне тікелей тәуелді, яғни ол балаға қызықты, пайдалы және сүйікті іс болу керек.



Оқыту мәжбүрлеусіз өтеді: тәрбиешілер балаға тек бағыт береді.

Монтессори жүйесі бойынша тәрбиеленген бала өз бетімен жұмыс жасай алуымен, зейіні тұрақты, шоғырланғандығымен басқа баладан ерекшеленеді.

Топта жасерекшелік әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан бала ересек баладан тәжірибе алмасып, өзара қарым-қатынасқа еркін түсе алады. Ересек бала кіші топ баласына қамқор болуға үйренеді.

Нақты бағдарлама мен жарысу жоқ: бала тақырыпты толық меңгергенше өз бетімен жеке жұмыс жасайды.

Балабақшада сабақ өткізу ерекшеліктері:

Монтессори балабақшада ерекше ортада өткізіледі. Топтар аймақтарға бөлінген, әр аймақ өзіне тән әдістемелер мен құрал-жабдықтармен қаматамасыз етілген.

Жасерекшеліктері әртүрлі болса да, барлығына ортақ ереже бар: өздерін тыныш ұстау, тек «босаңсу алаңында» ғана шулауға болады, барлық әрекетті өз бетімен орындауға талпыну, пайдаланылған құрал-жабдықтар мен ойыншықты жинастыру, өзгелермен шиеленіске түспеу т.с.с Мұндай тәртіп мектепке дейінгі жастағы бала үшін тұрақтылық сезімі мен өзге балаға сыйластық қарым-қатынасты қалыптастырады.

Тәрбиеші балаға немен айналысып, кіммен ойнау керектігін айтпайды, бала өзі шешеді.

Аймақтарға бөлу:

Тәжірибелік аймақ: мүнда балалар тұрмыстық дағдыларды игереді: қуыршақты киіндіру, шешіндіру, киімдерді жуу, үтіктеу, бәтеңкенің бауын байлау т.с.с.

Сенсорлы аймақ: барлық ойыншықтар ұсақ моториканы, тактильді сезімді, зейінді дамытуға арналған.

Математикалық аймақ: қарапайым геометириялық фигуралар мен белгілермен балаларды таныстырады. Логикалық ойлаумен абстрактылы ойлауды дамытуға тәрбиелейді.

Тілдік аймақ: бұл бала сауатты сөйлеу мен жазуға дағдаландыратын барлық суреттер мен кубиктерден, жинақ пен кітапшадан құралған аймақ.

Космостық аймақ: қоршаған ортамен таныстыруға арналған барлық заттармен қамтамасыз етілген зона. Жануарлардың фигуралары, карта, әлем халықтары туралы кітаптар, гербарий т.с.с заттардан құралған.

Қорыта келгенде, Монтессори әдістемесін оңтайлы пайдалана отырып әр баламен жеке жұмыс жасап, оны бақылауға, ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік бар. Тәрбиеші үшін өз қызметін жақсы атқаруға қажет барлық көрнекілікпен қамтамасыз етілген таптырмас оқыту құралы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі