2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Балабақшадағы күн тәртібінің бала өміріндегі маңыздылығы

Балабақшадағы күн тәртібінің бала өміріндегі маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда білім берудің мазмұнын жаңарта отырып,мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру өзекті мәселеболып отыр. Мектепке дейiнгi ұйымдар күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру жолдары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




КҮН ТӘРТІБІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ


Қазіргі таңда білім берудің мазмұнын жаңарта отырып,мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру өзекті мәселеболып отыр. Мектепке дейiнгi ұйым - мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымы ретінде қызмет атқарады. Бұл білім мекемелері бiр жастан алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеудi, оқытуды, бағуды, күтудi және сауықтыруды, балалардың күн тәртібін тиімді ұйымдастырудықамтамасыз етеді. Аталған жұмыстар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылып, мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі міндеттерінде аталып көрсетілген. Олар:

  1. мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу;

  2. мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жекебасының дамуын қамтамасыз ету, олардың қызығушылығын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;

  3. мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;

  4. балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;

Сондай-ақ стандартта мектеп жасына дейінгітәрбиеленушілердің дайындықдеңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, оқыту мерзіміне қойылатын талаптар айқындалған.

Бекітілген талаптарды жүзеге асыруда дұрыс құрастырылған күн тәртібінің маңызызор. Сондықтан да,күнтәртібі оңтайлықарым-қатынас, сергектік, толық ұйқы, оқу қызметінің белгілі бір ұзақтығы, еңбек және әртүрлі қызмет түрлері мен демалыстың ұтымды үйлесуі, уақытылы тамақтану, ауада жеткілікті болу процестерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.


Күн тәртібінің маңыздылығы - бұл ішкі ағзалардың және дененің физиологиялық жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді, баланың теңгерімді, сергек күйін қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін шамадан тыс жұмыстан қорғайды, уақтылы дамуға қолайлы жағдай жасайды, жаңа жағдайларға бейімделу қабілетін, теріс факторларға төзімділікті қалыптастырады. Жасына сәйкес келетін белгіленген күнделікті өмірге дағдыланған балалар, әдетте, тәртіптілікпен, жұмыс істеу қабілетімен, әдептілікпен, теңдестірілген мінез-құлқымен ерекшеленіп,белсенділігі артады.

Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру барысында балалар оқу ісіне машықтанады, қимыл әрекеттерін ықтиярлы басқаратын қабілеттері мен мақсатты ақыл-ой еңбегінің дағдысын игереді. Сонымен қатар, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына қажетті арнайы білімнің, икемділіктің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Яғни, бұл оқу құралы мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепте оқуға лайықты дайындалуына бағытталған біртұтас білім беру жүйесінің бастапқы баспалдағы ретінде қарастырылады.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың денесінің қарқынды дамуы байқалады. Баланың жүйке, тірек-қимыл жүйесі белсенді түрде қалыптасады, тыныс алу аппараты жетіледі. Өмірдің осы кезеңінде жақсы денсаулық пентолық физикалық дамудың негіздері қаланады.Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті режимін физикалық, психологиялық және үйлесімді дамудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін күн тәртібінің ұйымдастырылуы маңызды орын алады.

Күнтәртібі-бұл күнделікті тұрақты өмір тәртібі деп аталады.

"Тәуліктік режим" ұғымына тәулік ішінде қызметтің, демалыстың және тамақтанудың барлық түрлерінің ұзақтығы, ұйымдастырылуы және бөлінуі кіреді. Күннің ұтымды тәртібін құрудың негізгі гигиеналық қағидасы-оны қатаң орындау, жиі өзгерістерге жол бермеу, білім берумен оқытудың жаңа режиміне біртіндеп көшу. Күннің дұрыс құрастырылған тәртібі үлкен гигиеналық және педагогикалық мәнге ие. Күн тәртібін балаларды тәрбиелеудің дұрыс әдістемесімен бірге орындау қажет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың шамадан тыс жұмысының алдын алады, баланың жүйке жүйесіне және ағзадағы барлық физиологиялық процестердің жүруіне пайдалы әсер етеді. Көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко күн тәртібіне үлкен мән бергені белгілі. Ол күн тәртібін білім беру құралы деп санайды. Күн тәртібі дұрыс сенімділікпен,дәлдікпен ерекшеленуі керек және ерекше жағдайларды болдырмауы керек деп атап көрсеткен.


Күн тәртібіндегі тамақтанудың бала өміріндегі маңызы.

Тамақтанудың жүйелілігі жақсы тәбетті қолдайды, өйткені бала белгілі бір уақыт аралығында тағамға мұқтаж болады, бұл оның барлық компоненттерінің толық сіңуіне ықпал етеді. Сол сағаттарда ұйымдастырылған күндізгі және түнгі ұйқы балада тез ұйықтап кетуді әдетке айналдырады, бұл тыныш, терең ұйқының маңызды шарттарының бірі болып табылады, оның барысында тәртіптілік пен күш қалпына келтіріледі.

Күн тәртібін дұрыс орындау, оның барлық процестерін нақты және дәйекті жүзеге асыру үшін балалардың өзін-өзі күту дағдыларын уақтылы қалыптастыру, тәуелсіздікке тәрбиелеу маңызды.

Балаларға күн тәтібінде отбасының жағдайының әсері

Білім беру процесіндебірыңғай педагогикалық әдістердімектепке дейінгі мекемеде, отбасындақолдануды қажет етеді. Егер балабақшада тәрбиеші әр баланы киіну, шешіну, тамақтану кезінде, басқа тұрмыстық процестер кезінде дербестікке үйретсе, ал үйде ересектер мұның бәрін бала үшін жасаса, онда балада тұрақты әдеттер мен дағдылар қалыптаспайды, тіпті балада қарапайым әрекеттерді орындауға дәрменсіздік байқалады. Үйде жас кезінен бастап мүмкін болатын жұмысқадағдыланбағанбалалар,балабақшадаойыншықтардыөзбетінше жинауда, жууда бір-бірімен байланысты күн тәртібі шараларын орындауды кешіктіреді. Бұл әдетте күн тәртібі процестерінің бірінің бұзылуы, сөзсіз келесі жұмыстың уақтылы жүргізілмеуіне әкеледі.

Сондықтан ересек адамның балалардың іс-әрекетін, оның әр түрлі көріністерінде бақылауы өте қажет, өйткені дербестік дағдылары,көптеген басқа пайдалы әдеттер сияқты, баланың ересек адамның бірдей талаптарын үнемі орындауымен қалыптасады. Дағдыларды мықтап игеру үшін балаларды оқытудан басқа, педагогикалық әсерлерді қолдану, әртүрлі тұрмыстық процестерді орындау кезінде ересектердің көмегі дидактикалық, сюжеттік ойындарды ұйымдастырғаны, балалардың өзін- өзі күту бойынша барлық іс-әрекеттерін қызығушылықпен және қалауымен жүзеге асыратын ойын жағдайларында жасаған жөн.

Бірте-бірте балада нақты күнделікті өмірде әртүрлі пайдалы дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Нәтижесінде орталық жүйкежүйесінің функцияларын – белсенді, ішкі ингибицияны (ішкі тежелуді), жүйке процестерінің қозғалғыштығын, ми қыртысының жүйке жасушаларының төзімділігін оқыту және жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл функциялардың дамуы баланың дұрыс мінез- құлқының, оның моральдық-еріктік қасиеттерін тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады, ол оған қоршаған ортаның өзгеретін жағдайларына оңай бейімделуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер де мектеп жасына дейінгі балалар үшін күн тәртібінің қажеттілігі туралы айтады.

Күн тәртібінің барлық құрамдас элементтерін (тамақтану, ұйқы, ойындар, іс-шаралар, серуендеу) ырғақты қайталау нәтижесінде, балалар өмірдің күшті динамикалық стереотиптерін қалыптастырады, бұл оныңбір жұмыс түрінен екіншісіне ауысуды жеңілдетеді.

Күн тәртібіндегі балаларға ойындардың рөлі.

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі барпедагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды ұйымдастырылған оқу қызметінентысуақыттыпайдалану-үлкеннәтижеберері анық. Ойынғазер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл–ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.



Шардара ауданы

«Арайлым» бөбекжай-бақша

меңгерушісі Э.Қалмырза

























кезінде балаларда жүйке тежелуі оңай пайда болып, бала тез ұйықтайды. Күн тәртібін орындау баланың жүйке жүйесіне және ағзадағы барлық физиологиялық процестердің жүруіне пайдалы әсер етеді. Балалардың денсаулығыменфизикалық дамуыүшінкүнтәртібіүлкенмаңызғаие. Күн тәртібі -педагогикалық жәнегигиеналық талаптарға жауап беретін мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттері мен демалыстарының кезектесуі және баланың балабақшада болуын дұрыс, оңтайлы ұйымдастырудың маңызды құралы.

Үнемі тамақтану, ұйықтау, серуендеу, ойындар мен іс-шаралар – И.П.Павлов сыртқы стереотип деп атаған нәрсе-баланы дұрыс тәрбиелеудің міндетті шарты.

Қорыта айтқанда, күн тәртібі – баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты тиімді бөлу және түрлі іс-әрекет пен демалыстың дұрыс өзара бірізділігі мен ұйымдастырылуынқамтамасызететінпроцес.Сондықтанда, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін дұрыс режим денсаулықтынығайтады, жұмыс қабілеттілігін, әртүрлі іс-әрекеттерді сәтті жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, шамадан тыс жұмыстан қорғайды.


. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыру талаптары мен принциптері


Күн режимі – бұл ұйқы мен ояту кезеңдерін, тамақтану, гигиеналық және сауықтыру шараларын, ұйымдастырылған оқу қызметі мен балалардың тәуелсіз әрекеттерін реттілікпен бөлу жүйесі. Балалардың көңіл-күйі көбінесе күн тәртібінің қатаң орындалуына байланысты. Тамақтанудың, ұйқының, серуендеудің кешігуі балалардың жүйке жүйесінетерісәсеретеді:олартәбетінжоғалтып,нашарұйықтайтын

Күн тәртібі –дегенімізіс-әрекеті пендемалыстың алуан түрін уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуын көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.Күн тәртібін құрайтын барлық кезеңдер тамақтану, ұйықтау, ойнау, оқу, серуендеу - белгілі бір жүйемен қайталанып отырғандығының нәтижесінде бір түрден екінші түрге ауысуды оңайлататын балалар тұрмысының үйреншікті құбылыстары орын алады. Күн тәртібіндегі балалар әрекетінің тұрақты жүйелілігі іс- әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысуды оңайлатады: тамақ ішетін уақыт болғанда балалардың қарны ашып, тәбеті ашылатындықтан, тамақ жақсы сіңеді; ұйықтайтын уақыт келгенде балалар жүйкесі оңай тежеліп, олар ұйқыға кетеді.

Балабақшаның күн тәртібі баланың жеке ерекшеліктеріне неғұрлым жақын болып үйлессе, соғұрлым өзін жақсы сезініп, көңіл күйі көтеріңкі, белсенділігі жоғары болады. Егер бала ұйықтау, жұмыс істеу, тамақтану, демалу мерзімін күнделікті, нақтылы бір уақыт белгілеп, сол сағатта тапжылмайқайталапотырса,оның өміріндебұлдәстүрліәдеткеайналады. Соған орай бала ағзасы да бейімделеді. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыра білубаланың өмірге бейімділігін арттырып, жұмысқа қабілетін күшейтеді, денсаулығын жақсартуға негіз болады.

Күн тәртібіне қойылатын талап балалардың жасына қарай психофизиологиялық ерекшеліктерге, тәрбие міндетіне, жағдайға байланысты анықталады.

Күн тәртібіне қойылатын бірінші талап- балалардың жас ерекшелігін есепке алу. Мысалы сәбилер тобында ұйқыға, киінуге, шешінуге және беті-қолын жууға көбірек уақыт бөлінеді. Ересек топтарда балалардың дербестігінің артуына байланысты тұрмыстық процестерді атқаруға уақыт аз жұмсалады да, ойынға, дербес іс-әрекеттерге уақыт көп бөлінеді.

Күн тәртібін орындау процесінде балалардың денсаулық жағдайын, олардың психикалық даму дәрежесін ескеру керек. Денсаулығы осал немесе сырқаттан енді айыққан балалардың ұйықтайтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі ұзартылады, тәрбиелік, білімділік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер енгізіледі


Күн тәртібіне қойылатын екінші талап - күн тәртібінің тұрақтылығы. Уақытымен тамақтану, оқу, ойнау, ұйықтау кезегімен қайталанып отыратын құбылыстарға балалардың дағдылануына көмектеседі.Күн тәртібінің бұзылуы балалардың денсаулығына және олардың мінез-құлқына теріс әсер етеді: қыңырлыққа салынуы, олардың арасында ұрыс-керістің болуы да мүмкін.

Күн тәртібін құрастыруда жыл мезгілдері ескеріледі: ауа райының жылы кезеңдеріндегі балалардың таза ауада болуы ұзартылады, оларды таңертең ертерек оятып, ал кешкісін ұйқыға кештеу жатқызады. Сонымен бірге балалардың бақшада болу мерзімін де ескеру қажет. 12-24 сағат болатын балалар бақшасында күннің екінші жартысында ойынға, серуендеуге уақыт көбірек бөлінеді.

Күн тәртібіне қойылатын үшінші талап – ата-аналардың жұмыс уақытының мерзімін ескеру. Мысалы ведомстволық балалар бақшаларында жұмыстың басталу уақыты кәсіпорындардағы жұмыстың басталуына қарай ыңғайластырылады. Осыған орай, балалардың тамақтану, оқу сағаттарында өзгерістер болады. Алайда ойынға, оқуға, серуендеуге белгіленген уақыт ұзақтығымен, барлық күн тәртібіндегі процестерді өткізу жүйесі өзгертілмейді.

Күн тәртібін құрастыру гигиеналық және педагогикалық негізге сүйенеді. Күн тәртібінің орындалуы мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасуына, ұйымшылдық пен тәртіптілікке тәрбиелеуге көмектеседі.

Режимдік сәттер кезеңінде білім беру әрекеті келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Дене дамуы: кешенді шынықтыру шаралары, таңертеңгі жаттығу, күннің екінші жартысындағы жаттығулар мен қимылдық ойындар.

Әлеуметтік-тұлғалық дамыту:режимдік сәттерді өткізуде жағдаяттық әңгімелесу, олардың қажеттілігін түсіндіру; тапсырмалар, кезекшілік, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек дағдыларын дамыту; ересектерге көмектесу; оқу қызметіне қажетті мүліктер мен құрал-жабдықтарды орналастыру мен жинауға, қимылдық ойындар мен жаттығуларғаарналған құрылымдарды құрастыруға балаларды қатыстыру; режимдік сәттерді өткізуде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру.

Танымдықтілді дамыту:тілдік дамытушыортанықұру;ойындарда, бақылаулардабалаларменеркіндиалогтар;балаларменжағдаяттық


Shape3


әңгімелер; еңбек қимылдары мен гигиеналық рәсімдерді атау, балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру.

Көркем-эстетикалық дамыту:балалардың күнделікті тіршілігінде, ойында, қолы бос кезінде, серуенде, бейнелеу әрекетінде, таңертеңгі жаттығуды өткізуде музыканы қолдану, қоршаған ортадағы әртүрлі дыбыстарға, бөлмелерді безендіруге, жабдықтардың тартымдылығына, бөлменің, заттардың, ойыншықтардың әсемдігі мен тазалығына балалардың назарын аудару.

Дененің морфофункционалды жетілу дәрежесі күн тәртібі мазмұнын және оның негізгі элементтерінің ұзақтығын анықтайды, олардың арасында мыналар ерекшеленеді:

-ертеңгілікгимнастика;

  • тамақтану;

  • ұйқы;

  • серуендеу(тазаауадаболу);

  • жекегигиена.

  • тәрбиежәнеоқуқызметі;

  • шығармашылық іс әрекеттер өз таңдауы бойынша ойын қызметі және сабақтар (ойын түрлері, музыкамен айналысу, сурет салу, театр, сауықтыру шаралары т.б);




Жариялаған:
Куанган Назгүль
14 Сәуір 2025
102
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі