Материалдар / Балабақшадағы музыкалық ойындар
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Балабақшадағы музыкалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы музыкалық ойындар Музыкалық үй Мақсаты: Музыканың түрлерін ажырату қабілетін арттыру. Көрнекіліктер: Төрт ашпалы терезелердің ішінде музыканың түрлері бейнеленген суреттер. Шарты: Үйдің суреті және терезелері ашпалы болуы керек. Терезені ашқанда музыканың түрлеріне байланысты би, ән,марш,күй суреттері бар. Балалар музыканы тыңдай отыра, түрін анықтап, арнайы терезені ашса. сол бала жеңімпаз атанады. Ойынның ұзақтылығы 5-7 минут.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшадағы музыкалық ойындар Музыкалық үй Мақсаты: Музыканың түрлерін ажырату қабілетін арттыру. Көрнекіліктер: Төрт ашпалы терезелердің ішінде музыканың түрлері бейнеленген суреттер. Шарты: Үйдің суреті және терезелері ашпалы болуы керек. Терезені ашқанда музыканың түрлеріне байланысты би, ән,марш,күй суреттері бар. Балалар музыканы тыңдай отыра, түрін анықтап, арнайы терезені ашса. сол бала жеңімпаз атанады. Ойынның ұзақтылығы 5-7 минут. Түлкі мен қаздар Мақсаты: Кейіпкер роліне еніп,музыкалық дыбыстарды мәнерлеу құралдарын жетілдіру. Көрнекіліктер:Түлкінің, қаздың бет пердесі. Ойынның шарты:Түлкінің бет пердесін киген бала әндете, музыка әуеніне сай билей қазға келеді. Қаз бейнесіне енген бала, әндете жауап береді. Түлкі қазды қуады. Ұсталған қаз әнмен, тақпақпен айыбын өтейді. Түлкі: -Қаңқ,қаңқ қалың қаз, Ұстап жеймін қарным аш! Қаздар: -Қой,қой түлкі,сұм түлкі, Балапандар әлі жас! Шортан Мақсаты: Музыка әуенімен еркін билеуге баулу. Көрнекіліктер: Шортан мен кішкентай балықтардың бет пердесі. Шарты: Шеңбер құрып тұрған балалар — аквариумдағы тастар.Үлкен балық — шортан тастардың арасымен, кішкентай балықтарды қуалайды.Кішкенетай балықтар:бул-бул-бул деп әндететіп қашады. Ұсталған балық тақпақ немесе ән орындайды. Шар ұшты! Мақсаты:Шеңбер жасап тұруға үйрету. Көрнекіліктер:үнтаспа Шарты: Балалар шенбер жасап шардың үлкендігін, пішінін көрсетеді. «Шар үрлейміз!»-деген бұйрыққа балалар ортаға жиналып, аузымен үрлей отырып шеңбер құрастырады. «Шар ұшты!»-дегенде музыка ырғағымен шеңбер жасап айналады. Барабан соғылғанда балалар шардын жарылғаның қолдарын босатып жібереді. Осы шартты орындай алмаған бала ән немесе тақпақ айтып, би билеп айыбын төлейді. Жоғарғы және төменгі дыбысты тап Мақсаты:Музыка лық дыбыстардың төмен,жоғарылығын ажыратуға үйрену. Көрнекіліктер: Суретті карточкалар:үйрек-балапан, аю-қонжық, қоян-көжек, жылқы-құлын т.б. Шарты:Әрбір карточкамен жеке жұмыс. Ре (төмен дыбысты естігінде карточкадағы сол дөңгелекті жабу.) Ля(жоғарғы дыбыс) жануардың баласын көрсету керек. Мысық пен тышқан Мақсаты: Мысық пен тышқандар бейнесін көрсету,әртістік қабілетін арттыру. Көрнекіліктер: Мысық пен тышқанның бет пердесі. Шарты: Мысық орындыққа отырып ұйықтап жатады.Тышқандар мысықтың үйіне келіп билеп, асыр салып ойнайды. Мысық ұйқыдан оянғанда, тышқандар қаша жөнеледі.Ұсталған тышқан айыбын әнмен өтейді. Ырғақты қайтала Мақсаты: Аспапты тембірлік үнінен тануға үйрету. Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау, үшбұрыш, ағаш қасықтар. Шарты: Екі бала бір-біріне арқасымен тұрады. Алдарында бірдей аспаптар қойылады.Бірінші бала таныс әннің ырғағын аспапта ойнайды, екінші бала дәл сол аспапта ырғақты қайталайды. Бала дұрыс тауып ойнаса, балалар шапалақтайды. Музыкалық жұмбақ Мақсаты:Қатты,ақырын дыбысты сезіну қабілеттерін жетілдіру. Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау, үшбұрыш, ағаш қасықтар. Шарты: Бір бала сыртқа шығады, екінші бала ойыншықты жасырады. Сырттағы бала кіріп, ойыншықты іздей бастайды. Бала ойыншыққа жақындаса қатты шапалақпен белгі береміз, жасырылған жерлен алыс жүрсе ақырын шапалақтаймыз. Көжекті ұстаңдар Мақсаты: Еркін,шығармашылықпен би қабілеттерін жетілдіру. Көрнекіліктер: Қоянның бет пердесі. Шарты: Бет перде киген бала музыка әуенімен билейді. Барлық бала қоянның биіне ілесе қайталайды. Көжек биін аяқтап шеңберден қашып шығуы тиіс. Кім көжекті ұстаса, сол биші көжек атанады. Көңілді оркестр Мақсаты: Балаларды аспаппен әуенді сүйемелдеуге үйрету.Шығармашылық қабілетін дамыту. Көрнекіліктер: Түрлі музыкалық аспаптар. Шарты: Шеңберде тұрған балалар аспаптармен әуенді сүйемелдейді.Ортада әуеннің ұзақтылығын қол қимылымен көрсетіп тұрған дирижер бала болады.Әуеннің ауысымына қарай,балалар маршпен жүреді.Аяқтың ұшымен жүреді. Жеңіл секіре жүреді. Музыка әуені тоқтағанда,аспапты балалар ала қояды. Аспап ала алмаған бала дирижер болады. Аспапты үнінен тап Мақсаты: Есту қабілетін дамытып,аспаптарды үнінен ажырату қабілетін арттыру. Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау, үшбұрыш, ағаш қасықтар,домбыра..т.б. Шарты: Шымылдықтың артындағы бала өзіне ұнаған аспабын ойнайды. Аспапты үнінен кім тапса,сол жеңімпаз болады. Әнді тап Мақсаты: Әуенінен танып әннің атын атау, немесе әнді жалғастыру керек. Шарты: Әуен фортепианодан ойналады.Әнді әуенінен дұрыс тапқан бала қол көтереді.Әннің атын айтады,немесе әнді шумағымен орындап келеді. Сылдырмақ пен бубен Мақсаты:Балалардың тыңдау ынтасын дамыту. Шарты: Сылдырмақтың дыбысына балалар шеңбермен аяқтың ұшымен жүреді. Бубеннің дауысы естілгенде,балалар отыра қалуы керек. Жоғалған аспап Мақсаты: Аспаптардың атауын есте сақтауға,түрінен ажыратуға үйрету. Шарты:Металлафон,сырнай,дауылпаз,үшбұрыш,домбыра,сылдырмақтар…т.б.үстел үстінде тұрады.Балалар көзін жұмады.Осы кезде Бір бала бір аспапты жасырады. Көздерін жұмған балалар көзін ашып,жоғалған аспапты атауы керек. Сағат Мақсаты: Әуенді әуенінен танып білуге үйрету. Есту сезімін тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сағат тілі ортасында орналасқан ,шеңбер бойымен әннің мазмұнына сай суреттері бар карточка. Шарты: Әнді әуенінен дұрыс тапқан бала, арнайы әннің мазмұнына сай суретке апарып қояды. Әуенді әрле Мақсаты:Әуенді тыңдай білуге үйрету.Ырғақтылық сезімін тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар. Шарты: Балаларға таныс ән немесе вокалды әуен қойылады.Бала әуенді тыңдай отырып мінезін суреттеуі тиіс.Тыңдалатын ән жыл әр –түрлі тақырыпта болуы мүмкін. Қайтала Мақсаты:Есту қабілетін, ынтасын тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар. Шарты: Ырғақты жетекші шапалақпен ,немесе аспаппен соғады.Бала сол ырғақты қайталауы керек. Ырғақ әр-түрлі болуы мүмкін. РЕКЛАМА Музыкалық лото Мақсаты: Музыкалық дыбыстардың жоғары,төменділігін ажырату. Көрнекіліктер: Нота жолы, түрлі-түсті нота дөңгелекшелері, металлафон. Шарты: Бір бала металлафонда дыбыстарды соғады. Ал, балалар нота жолына естіген дыбыстар жуан болса, төменгі жолға,жіңішке дыбысты естісе, жоғарғы сызыққа қояды. Бізге келген қонақтар Мақсаты: Кейіпкердің мінезіне сай,әуенді ажырата білуге үйрету. Көрнекіліктер: Аңның, құстың,қоянның бет пердесі. Шарты: Алдын ала бір бала шымылдықтың артына барып,аңның немесе құстың бет пердесін киеді.Ал 3-4 бала аспаптарды алдына қойып, келген қонақтың мінезіне сай, аспапты соғады.Аю келсе- жуан дыбыстар, қоян келсе-секіртпелі дыбыстар,торғай келсе-жіңішке дыбыстарды соғу керек. Ойыншықтың әуенін тап Мақсаты: Кейіпкердің бейнелі әуенінен тану. Есту сезіміндамыту. Шарты: Баланың алдына бірнеше ойыншықтар қойылады. Музыка әуенін тыңдау немесе фортепианодан тыңдау.Әннің мінезіне қарай,бала ойыншықты таңдап алады да,бала неліктен осы ойыншықты алғанын айтып беруі керек. Құстың даусын тап Мақсаты: Музыкадағы жоғарғы және төменгі дыбыстарды ажырату, есту сезімін тәрбилеу. Көрнекіліктер:үлкен,кіші құстардың суреті. Шарты:Құстардың суреті балаларға үлестіріліп беріледі. Ку-ку деп құстар сияқты әндетеміз.Үлкен құстар- жуан әндетеді,кішкентай құстар -жіңішке дыбыста әндетеді. Бірінші дыбыс, соңғы дыбыс Мақсаты: Есту қабілетін дамытып,дыбыстың дұрыс айтылуына көмектеседі. Шарты: 1-бала ду-у-у соза әндетеді,екінші бала қай дыбыстың созылғанын айтып беруі тиіс. Біз қайда бардық, не көрдік? Мақсаты: Буындап әндету ерекшеліктеріне үйрету. Шарты: Жетекші әнмен сұрақ қояды.Балалар әндете жауап береді. -Біз орманға бардық , не көрдік ? -Аю,қоян,түлкі,қасқыр .. т.б. -Біз циркке бардық , не көрдік? Көңілді музыканттар Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айту қабілеттерін жетілдіру. Шарты:Аспаптарды үнін әндете отырып, аспапты ұстау ,ойнау ерекшелігін көрсету керек. Домбыраны қолға алып, Ән айтамыз толғанып. Дан-диги-дан. Қобыз аспап киелі, Оны бәрі сүйеді. Пара-ри,пара-ри. Сыбызғыны үрлейміз, Жалқаулықты білмейміз. Ду-ду-ду. Трам-та соқса барабан, Қызыға жұрт қараған. Трам-та-та. Мысықай анасын қалай тауып алды? Мақсаты: Әртістік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эмоционалдық мінезін тәрбиелеу. Шарты: Мысықай анасынан адасып қалады. Мысықай анасын іздеп жолға шығады.Келе жатып,әтешті көреді. -Сен менің анамсың ба? Деп сұрайды. Әтеш: -Ку-ка-ре-ку. Мен сенің анаң емеспін, дейді. Мысықай ешкіге келеді. -Сен менің анамсың ба? Деп сұрайды. Ешкі: — Ме-ме-ме. Мен сенің анаң емеспін, дейді. Мысықай сиырға келеді. -Сен менің анамсың ба? Деп сұрайды. Сиыр: -Мө-мө-мө. Мен сенің анаң емеспін, дейдІ. Мысықай анасын таба алмай, мұңайып келе жатқанда, -Мияу-мияу…деген дауысты естіді. Мысықай қуанып,міне менің анам депанасын құшақтады. Жіп орау Мақсаты: Шапшаңдылыққа, әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету. Көрнекіліктер:Түрлі түсті жіптер. Шарты: 2 топтан 2-бала шығады.Түрлі-түсті тарқатылған жіпті көңілді әуенмен орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланыңжібі көп оралса,сол бала жеңімпаз атанады. Ырғақты дәл қайтала! Ойынның мақсаты:Музыкалық аспапты тыңдауға ынтасын тәрбиелеу. Ойын құралдары:аспаптар Ойынның шарты:Бір бала шымылдықтың артында тұрып,аспаппен ырғақты соғады.Ал екінші бала ырғақты қайталайды.Ырғақты дұрыс қайталаған бала жеңімпаз атанады. Ән салған кім? Мақсаты: Ән салған баланы даусынан тану қабілетін байқау,есту қабілетін дамыту. Көрнекіліктер: аспаптар Шарты: Бір бала шымылдықтың артында тұрады,ал екінші бала ән орындайды. Шымылдықтың артындағы бала ән салған баланы даусынан танып,есімін атап беруі керек. Аспаптарды топтастыру Мақсаты: Аспаптарды тани,топтастыра білуге үйрету. Көрнекіліктер:ойыншықтар,аспаптар соқпалы, үрлемелі,шертпелі. Шарты: Ойыншықтар мен аспаптар үстел үстіне қойылады.Балалар үш топқа бөлінеді де, аспаптарды топтастырып қоюы керек. Қақпан Мақсаты: Байқампаздылыққа,ептілікке баулу. Көрнекіліктер. 3-4 аңдардың бет пердесі. Шарты: Балалар шеңбермен қол ұстаса «Қақпан» болып,музвка әуенімен жүреді. Ал аңдар осы шеңбер бойымен ішіне кіріп, сыртына шығып еркін билеп жүреді.Музыка аяқталғанда шеңбер жасап тұрған балалар отыра қалады. Шеңбер ішінде қалған бала айыбын ән орындап өтеуі тиіс. Досыңа бер Мақсаты: Достыққа,шапшаңдылыққа баулу. Көрнекіліктер: аспап,сылдырмақ. Шарты: Шеңберде тұрған балалар шеңбер бойымен бір-біріне сылдырмақты береді.Музыка әуені тоқтағанда сылдырмақ қай баланың қолында қалса,сол бала ойыннан шығады. Жемістер мен көкөністер Мақсаты: Жемістерді көкөністерден ажыратуға үйрету.Музыка ауысымын сезінуге, түрлерін ажыратуға үйрету. Көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністердің бет пердесі. Шарты: Музыка әуенінің ауысымына қарай жемістер мен көкөністердің бет пердесін киген балалар шеңбер бойымен билеп жүреді. Музыка әуені тоқтағанда жемістер, көкөністер болып екі топқа бөлініп тұра қалады. Жаңа–жылдық әзіл ойын Мақсаты:Шапшаңдылыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілетін арттырады. Шарты: Шеңберде тұрған балалар Аяз атаға әнді орындай отырып, дене мүшелерін көрсетеді.Соңында Аяз ата: –Мені мазақ етесіңдер ме деп балаларды ұстап алады. Ұсталған бала өз өнерін көрсетеді. 1. Біздің Аяз атаның, Аппақ екен шапаны. Ха-ха-ха,хи-хи-хи. Аппақ екен шапаны. 2. Біздің Аяз атаның, Ұзын екен сақалы. Ха-ха-ха,хи-хи-хи. Ұзын екен сақалы. 3. Біздің Аяз атаның Қызыл екен мұрыны. Ха-ха-ха,хи-хи-хи. Қызыл екен мұрыны.
Дерек көзі: https://erketai.kz/balalarga-arnalgan-oindar/balabakshadagy-muzykalyk-ojyndar/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!