Алматы облысы Жамбыл
ауданы
«Ұлан» балабақшасының
басшысы
Смагулова Бахтыгуль
Бейсембаевна
Балабақшадағы
педагогикалық
идеялар
Аннотация
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жаңартылған мазмұны баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне
сәйкес жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді
қамтамасыз етеін білім беру жүйесінің негізі. Осыған орай, мақалада
«Ұлан» балабақшасындағы педагогтардың озық педагогикалық идеяларды
тәжірибеде шебер қолданудың тиімді жолдары көрсетілген. Сонымен
қатар, челлендж арқылы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа
міну мәдениетін» дәріптеудегі тәжірибемен таныстыру мен тарату
мақсаты көзделген.
Аннотация
Обновленное содержание дошкольного воспитания и
обучения является основой образовательной системы, которая
обеспечивает всестороннее развитие ребенка в соответствии с
его возрастными и индивидуальными способностями и доступом к
социальным навыкам. В статье представлены педагогические идеи
воспитателей детского
сада «Улан». Также предусмотрена цель ознакомления и
распространения опыта прославления «Культуры верховой езды» в статье «Семь граней
Великой степи» через челлендж.
Annotation
The updated content of
pre-school education and training is the foundation of the
educational system, which ensures the full development of the child
in accordance with his / her young and individual abilities and
access to social skills. In this regard, the article provides an
effective way to apply advanced pedagogical ideas of teachers in
the "Ulan" kindergarten. It also provides for the purpose of
introducing and disseminating experience in promoting "Horseback
Riding" in the article "The Seven Spots of the Great Steppe"
through the
Challenger.
Ключевые
слова: Челлендж,
интегрированное обучение,
обычные статические упражнения для
пальцев
Түйінді
сөздер: челлендж,
кіріктіре
оқыту, саусақтарға арналған статикалық
жаттығулар.
New
words:
challenge, integrated
learning, conventional static exercises for
fingers.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10
қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру
жүйесінің алдына «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы
өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін
дамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беруге балалардың ерте
дамуы үшін өз бетінше үйрену дағдысы мен әлеуметтік дағдысын
дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» деп
міндет қойды.[1]
Мәңгілік ел болып қалыптасу
жолында мектепке дейінгі мекемеде берілетін білім мен тәрбиені
жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып ұйымдастыру балабақша
ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық.
[2]
Осы
орайда, тәрбиеші күннен-күнге білімін жетілдіріп отырумен қатар,
өмірлік тәжірибелерді де белсене пайдалана білу керек. Заманауи
инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жұмыстары, әр ұжымның,
оңдағы әр педагогтың тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен
шығармашылығын талап етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жаңартылған мазмұнымен анықталған білім беру міндеттерін
табысты іске асыруға ықпал ететін, кіріктіре оқыту идеялары бүгінгі
күні өзекті болып табылады. Өтпелі тақырыптар арқылы перспективалық
жоспарлау мектепке дейінгі ұйым педагогтарына балалардың мектепке
дейінгі ұйымда болатын барлық уақытында білім беру әрекетін
жоспарлы және бірізділікпен жүйелі түрде ұйымдастыруына мүмкіндік
береді.
Бала тұлғасын дамытуда
инновациялық әдістер мен озық технологияларды зерделеу, оны
тәжірибеде жүйелі қолдану және тәрбиешілердің кәсіптік
құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру- балабақшадағы әдістемелік
жұмыстардың бір бағыты.
Балаға беретін тәлім –
тәрбиенің қаншалықты сапалы және талапқа сай болуы сол балабақшада
қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ,
тәрбиешіге байланысты екені белгілі. «Ұлан» балабақшасының
педагогтары балалардың өзара ұжымда қарым - қатынас қалыптастыру,
топтық, жұптық жұмыс жасау дағдыларын дамытуда жаңартылған білім
мазмұны аясында озық технологияларды ұтымды
қолдануда. Жаңа технологиялардың
мәні–шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін
жағдай жасау. Бұл педагогтардан терең теориялық, психологиялық,
әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті және балалардың
жан – дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап
етеді.
Осы орайда, балабақшада 1 кіші
«Күншуақ» тобында тәрбиешілер Г.Байшигашева мен Г.Базарбаева
тәжірибелерінде М.Монтессори технологиясын
қолданады. Ұсақ қол қимылдарын дамыту,
яғни, қолдардың білезіктері мен саусақтары ұсақ және дәл қимылдарды
орындаған кездегі баладағы үйлесімді іс – әрекеттер дағдыларын
дамыту деңгейі педагогтардың басты назарында. 3 түрге бөлінетін қол
моторикасына арналған дамытушы ойын жаттығулары:
қолдың білектеріне арналған
жаттығулар, саусақтарға арналған шартты статикалық
жаттығулар, саусақтарға арналған динамикалық
жаттығулар кешені баланың сөйлеуге үйретіп қана қоймай күнделікті
өзіне қызмет етуге де үйретеді.[3]
Сонымен қатар, 2017-2018 оқу
жылында мектепалды даярлық «Жауқазын» тобында «Алматыкітап»
баспасының «Әліппе» оқу әдістемелік кешені аппробациядан өткізілді.
Оқу жылы барысында 5жастағы балалар «Әліппе» оқулығы арқылы 42
әріпті жеңіл меңгеріп, балалардың мектепте жақсы оқуына жағдай
жасалды. Мектепалды даярлық тобында сыни тұрғысынан ойлау
технологиясының стратегияларын ұтымды қолдану арқылы тәрбиеші
Б.Рахманбергенова баланың өз ойын еркін жеткізе алуда, сыни ойлауын
дамытуда айрықша нәтижелерге қол
жеткізуде.
Балабақша ұжымы облыс, аудан
көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған
емес. Облыстық «Үздік тәрбиеші -2017» байқауында
тәрбиеші Б.Рахманбергенованың 3 орын иеленуі, Облыстық «Мектепке
дейінгі ұйымның ең үздік үлескесі-2018» байқауында «Шығармашыл
балабақша» номинациясымен марапатталуы және аудандық «Үздік
тәрбиеші 2018» байқауында тәрбиеші Д.Қонақбаеваның 3 орынды иеленуі
осындай ізденістердің
айғағы.
Балаларға туған жерін сүюге,
өз елінің патриоты болып өсуге үйретуде балабақшада барынша жағдай
жасалған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың
жеті қыры" атты мақаласы [4] «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
мақаласының жалғасы екені белгілі. Мақалада қазақ даласы әлем
халықтары көз тіккен, қызыға қарайтын дүниелердің барлығына тұнып
тұрғандығы айтылған. Соның бірі - ұлттық мұрамыз, атқа міну
мәдениеті. Атқа міну мәдениетін мектепке дейінгі ұйымдар арасында
насихаттау аясында Алматы облысы Қаратал ауданындағы «Балбөбек»
балабақшасы ұжымынан челлендж қабылдап, педагогтар тарапынан
ата-аналар мен балалар арасында бірқатар іс-шаралар жоспарланып
ұйымдастырылды.
Ат үстінде ойналатын ұмыт
қалып бара жатқан ұлттық ойындарды жаңғырту барысында ересек
«Бәйтерек» тобы мен мектепалды даярлық «Жауқазын» топтары
балаларымен сайыстар ұйымдастырылды. «Жорға жарысы», «жекпе-жек»,
«жігіт сыны» және «ат омыраластыру» сияқты ұлттық қимылды ойындарды
балалар бар ынтасымен қызыға ойнап, шеберліктерін көрсете білді.
«Жауқазын» тобының балалары ауыл маңындағы «Қызыл сөк» елді
мекеніндегі атбегілер шаруашылығына барған саяхатында жылқыны қолға
үйретудегі ерекшеліктері мен ер-тұрмандары туралы білімдерін
кеңейтіп, атқа мінуді қызыға үйреніп, жайдары көңілмен
қайтты.
Мақаладағы атқа міну
мәдениетін насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде біздің
жүрегімізді Ұлы дала перзентіне тән мақтаныш кернеді. Ұлы даланың
жеті қыры туралы әңгіменің ең алдымен атқа міну мәдениетінен
басталуы өскелең ұрпақ тәрбилеп отырған біздердей әрбір педагогқа
үлкен жауапкершілік артары анық. Сондықтан, рухани тәрбие беретін
осындай жұмыстар балабақшада әрі қарай да өз жалғасын таба береді
деп сенемін.
Балаға отбасында берілетін
тәрбие әр жанұяда түрліше, өздерінің қалыптасқан отбасылық
құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді.
Ал, балабақша педагогтары ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып
жандандырады. Жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар, отбасылық
сайыстар, ертеңгіліктер, ашық есік күндері, ауданның көрікті
жерлеріне саяхаттар, тақырыптарға сай көрмелерге қатысу жұмыстары
үнемі ата аналармен бірлесіп жүргізіліп тұрады.
Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да,
мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ
тәрбиелеу. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз
деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен
өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп
ұғынуға болады.
Әдебиеттер:
-
ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында 2018-2019 оқу
жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау
хат. «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы Астана,
14.08.2018 ж. №5 хаттама.
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.
ҚР БҒМ, Астана
12.08.2016ж.
-
«Дана бала» Республикалық
ғылыми ақпараттық әдістемелік журнал. №1(9),2017 жыл, 21
бет.
-
"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы, Н.Ә.
Назарбаев. 21.11.2018жыл.