жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақшадағы зерттеу жұмыстарының технологиясы
Алматы қаласы Білім басқармасының КММ «Түзеу үлгісіндегі мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай-балабақшасы»
«Балабақшадағы зерттеу жұмыстарының технологиясы»
Дайындаған: тәрбиеші Сарқытова Б.А.
Сәуір, 2021
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой — өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан — жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет — қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі мекемеде жобалық қызметті ұйымдастыру жұмысы баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыпты толық игерту арқылы жүзеге асады және осы мақсатта әдіс – тәсілдер таңдалып алынады.
Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс — әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс — әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалап оқытудың артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.
Балалар – қоршаған ортадан түрлі ақпараттарды жинай білетін зерттеушілер. Олар өздерінің әлемін бақылау және тәжірибе жасау арқылы түсіне алады. Балалардың білуге деген табиғи құмарлықтары танымға ауысады. Кішкентай балалардың зерттеу процесіне қатысқаны аса маңызды.
Ғылым орталығы балаға бағытталған бағдарлама үшін өте маңызды болып табылады, себебі оның басты қағидаларының бірі – өзіндік тәжірибе, сынақтар және ашылымдар арқылы оқыту.
Кішкентай балалар қандай «ашылымдарды» жасай алады? Шын мәнінде, ол өзіндік әрекеттер мен қарапайым тәжірибелер арқылы өзі үшін көптеген жаңалықтарды аша алады. Бұл әрекеттері балалар үшін жаңа білімдерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл ересектерден көріп қайталаған немесе оның есінде қалған білімдерді қайталаудан өзге білімдер. Өзі үшін беймәлім нәрсені ашқан бала таңғалу мен қуаныш күйінде болады.
Өзінің әрекеттері мен ашылымдары арқылы тану қағидасы жұмыс істеу кезінде жұмыстың барлық түрлерінде де сақталады. Алайда, балалар өсімдіктер немесе жануарларды ұзақ уақыт бойы бақылай отырып, нәтижені іздеуде өз күштерін сынап және қайталау арқылы тәжірибе жасай алатын арнайы орталықты құру жөнді болатын еді.
Дамуға әсер ету. Бұл орталықта тәрбиешілер келесі маңызды білім беру міндеттерін орындай алады:
-
заттар мен құбылыстардың физикалық қасиеттері туралы көріністерін дамыту;
-
қолдағы саусақтардың тактикалық сезімталдығын дамыту;
-
түрлі түстерді, дәм мен иістерді қабылдауды дамыту;
-
сөйлеу қабілеті мен өзге де коммуникативтік дағдыларды дамыту;
-
ойлау, салыстыру, қорытынды жасай алу;
-
баланың эмоционалды әсерлерін байыту;
-
Өзара білім беру процесінде әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету.
Іздену –зерттеу, тәжірибе жасау зертханасы
Мақсаты: танымдық қызмет процесінде білуге деген құмарлықты, бастамашылық және өздігінен істей алуды дамыту үшін жағдайлар жасау, серіктестік және өзіндік іздестіру қызметін дамыту.
Міндеттері:
-
мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау және бақылауын дамыту;
-
талдау дағдыларын дамытуды ынталандыру (себеп-салдарлық байланысты орнату);
-
проблемалық жағдайларды шешуде іздену қызметінің әдістерін қолдану аясын кеңейту;
-
қоршаған ортаны танудың эвристикалық әдістерін дамыту;
-
құрдастарымен танымдық-зерттеу қатынастарын дамыту.
Танудың мәдени және ғылыми құндылықтарын және әдістерін меңгеруде балаларды адамзаттың жаңалықтарымен таныстыру баға жетпес көмек береді. Осындай бірқатар жаңалықтар кейін математик, астроном, географ және өзге ғалымдардың арнайы зерттеу нысанына айналады.
Мектепке дейінгі математика курсында баға жетпес өнертабыстармен алғаш рет қауышу болады. Мектеп жасына дейінгі балаларға адамдар есептеуді, санауды қалай үйренгені, сандарды кім ойлап тапқаны, сағатты, есептерді, калькуляторларды, компьютерді кім жасағаны, күнтізбені қалай құрағаны, маталарды, көлемдерді, сұйықтықтарды, сусымалы заттарды өлшеу құралдары қалай пайда болғаны және бұрын қандай есептерді шешкені қызықты болып табылады.
Осы сұрақтардың барлығы пайымдардың, әңгімелердің және бақылаулардың «тізбесін» құрайды. Мысалы, «Минуттар неге неге ауысады және олар қайда кетеді?» - осындай сұрақ өзіндік жинақты құрай алады. Осы сұрақтың жауабын іздеу бастаманы дамытуды бақылауға, биологиялық (жүрек соғуы, демалудың жиілігі), астрономиялық көрсеткіштер бойынша уақытты есептеуге себепші болады. Педагогтар мен ата-аналар балаларға жеткілікті материалдар мен сағаттардың түрлі модельдерін: күн және ай сағаттарын, құм және су сағаттарын, механикалық және электрондық сағаттардың пішімдерін жасап, олармен уақытты есептеу құралдарының тарихы мен жетілуін зерттеуге көмектеседі. Әрбір жаңа бастаманың артықшылықтары мен жетіспеушіліктерін ойластыра отырып, оны жетілдірудің қажеттілігі туралы талдау жасаймыз. Бұл жерде берілген нақты жауап маңызды емес, байланыс нәтижесінде қол жеткізген дамытушылық әсер – танымдық қызығушылықтың пайда болуы, эвристикалық ойлаудың, сөйлеу қабілетінің, ұғымталдықтың дамуы, түсіну тәжірибесі мен өзіндік қабілетінің кеңеюі маңызды болып табылады.
Балабақшада өлі табиғат объектілерін, сондай-ақ жануарлар мен өсімдік тектес түрлерін жинауға болады. Олар бір үлгіде немесе жинақтар ретінде ұсынылуы мүмкін. Өлі табиғат объектілерінің ішінен тастарды, топырақ, саз, құм түрлері мен құрылыс материалдарын және т.б. жинайды.
Балабақшада жануарлар тектес объектілердің ішінен келесі түрлері болуы мүмкін:
- жабайы, үй және сәнді құстардың жұмыртқалары (мүмкіндік болса, осы топтаманы жылан, тасбақа және кесіртке жұмыртқаларымен толықтыруға болады);
- түрлі құстардың қауырсындары;
- жүн мен тері үлгілері (жүн мен қауырсындар жануарлардан тікелей алынған болса, дезинфекциялау қажет). Балабақшада жануарларды өлтіру арқылы топтамаларды жасауға тыйым салынады. Балаларға құстар мен сүтқоректілердің тұлыптарын дайындауда қатысуға, жәндіктерді ұстау мен азаптауға қатысуға болмайды.
Өсімдіктер әлемі зерттеулер үшін көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Өсімдіктерді жинау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет: сол өңірдегі аллергенді өсімдіктерді жинамау; көп жағдайда жусан, алабота, изен болады; тозаңы көп өсімдіктерді жинамау керек, себебі тозаңы көп өсімдіктер көп жағдайда балаларда аллергияны тудырады; ондай өсімдіктерді гүлденгенге дейін немесе одан кейін жинау қажет: ұшпа және бұрғыланысты ұрықтары бар өсімдіктер – терек, қоға, селеу, бидайық шөп және т.б. жинамау; бұл өсімдіктер кепкеннен кейін балалардың тыныс алу жолдарына әсер етеді, жиі тітіркенуді тудырады.
Зерттеу жасау орталығын жабдықтандыру
І КІШІ ТОП
«Құм-су» орталығы: әр түрлі мөлшердегі ыдыстар, құйғыш, қалыптар, тастар, құм, су, қайықтар, кемелер, күректер, қалақтар, шелектер, әр түрлі материалдардан жасалған заттар (ағаштан жасалған орауыштар, таяқшалар, резеңке доптар, ойыншықтар, пластмассадан жасалған түймелер, металл бұйымдары және т.б.), әр түрлі пішінді мөлшердегі пластмасса стақандары, қалғымалы ойыншықтар.
«Ауа» орталығы: шарлар, зырылдауықтар, ленталар, жалаулар.
ІІ КІШІ ТОП
«Құм-су» орталығы:
әр түрлі мөлшердегі ыдыстар, өлшеуіш ыдыстар, құйғыш, қалыптар, тастар, құм, су, құбырлар, сабын, коктейльге арналған түтіктер, ұралар, қайықтар, кемелер, күректер, қалақтар, шелектер, резеңке шланг бөлшектері, әр түрлі материалдардан жасалған заттар (ағаштан жасалған орауыштар, таяқшалар, резеңке доптар, ойыншықтар, пластмассадан жасалған түймелер, металл бұйымдары және т.б.), әр түрлі пішінді мөлшердегі пластмасса стақандары, қалғымалы ойыншықтар.
«Ғылым және табиғат» орталығы: пластилин, жіңішке қамшылар, бұршақ, тары, иллюстративті материал, экология бойынша дидактикалық ойындар, қалташамдар, қауырсындар, ағаш қасықтар, айналар, тақтайшалар, ағаш кесектері, түрлі маталар бөлшектері, механикалық қалғымалы ойыншықтар, табиғи материалдар (емен жаңғағы, бүршік, өсімдіктердің тұқымдары, қабық, бұтақтар, ағаш кесектері, тұқым дәндері, жарма және т.б.), тығындар, дыбысты жәшіктер (түймелер, бұршақ, тары, қауырсын, мақта, қағаз және т.б. толтырылған).
«Өнер» орталығы: ақ қағаз парақтары, түрлі-түсті қағаз парақтары, түрлі-түсті қатты қағаз, желім, желімге арналған қылқалам, қылқаламдарға арналған тіреуіш, акварель бояулауры, түрлі-түсті гуашь, бояуларға арналған қылқаламдар, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі-түсті борлар, түрлі пішіндегі, көлемдегі, құрылымды поролон- губкалар, тіс щеткалары, түймелер, түрлі маталардың қиқымдары, трафареттер, мақта таяқшалары, палитра, бояуларды араластырудың пиктограммасы, майлық, мақташалар.
«Аспазшылық» орталығы: ұн, қант, тұз, тақтайшалар, үккіш, шанышқылар мен қасықтар (пластмасса), тоқ көзі, тостаған, алжапқыштар, маңдайшалар, жеңдер, тағам рецептерінің карталары.
«Әдебиет» орталығы: кітаптар, журналдар, лингвистикалық ойындар, қолдан жасалынған кітаптар және оларды дайындауға арналған құралдар, (степлерлер, тескіштер, таспа, желім), баяндауға арналған жоспарлар мен үлгілер.
«Манипулятивтік» орталық: түрлі белгілер бойынша топтастыру үшін ұсақ заттар, түрлі-түсті геометриялық фигуралар, баулар, логикалық-математикалық ойындар, резеңкелер, моншақтар.
ОРТАҢҒЫ ТОП
«Ауа» орталығы: жіптер,пакеттер, шарлар, зырылдауықтар, батпырауық, ленталар, жалаулар, флюгерлер.
«Құм-су» орталығы: әр түрлі мөлшердегі ыдыстар, өлшеуіш ыдыстар, құйғыш, қалыптар, тастар, құм, су, құбырлар, сабын, коктейльге арналған түтіктер, ұралар, қайықтар, кемелер, күректер, қалақтар, шелектер, резеңке шланг бөлшектері, әр түрлі материалдардан жасалған заттар (ағаштан жасалған орауыштар, таяқшалар, резеңке доптар, ойыншықтар, пластмассадан жасалған түймелер, металл бұйымдары және т.б.), әр түрлі пішінді мөлшердегі пластмас стақандары, өлшеу қасықтары, үгінділер, түрлі материалдардан жасалған шариктер.
«Ғылым және табиғат» орталығы: пластилин, жіңішке қамшылар, бұршақ, тары, иллюстративті материал, экология бойынша дидактикалық ойындар, қалташамдар, қауырсындар, ағаш қасықтар, айналар, тақтайшалар, ағаш кесектері, түрлі маталар бөлшектері, механикалық қалғымалы ойыншықтар, табиғи материалдар (емен жаңғағы, бүршік, өсімдіктердің тұқымдары, қабық, бұтақтар, ағаш кесектері, тұқым дәндері, жарма және т.б.), тығындар, өсімдіктер мен жануарларды күтуге арналған құралдар, үлгілер, табиғат күнтізбелері, отырғызу мезгілдерін бақылауға арналған күнделіктер, лупа, түрлі материалдардан жасалған қолқаптар, жүн, мақта бөлшектері, жарық көздерінің бейнелері бар суреттер (күн, ай, жұлдыздар, алау, жарық қоңыз, шам, қалташам және т.б.), магниттер, магниті іштей тігілген қолғап, сызғыш, майшам, сіріңке құтылары, магнитке әсер етуші ұсақ заттар, кварц сағаттары, магнит тақтасы, тырнаққа арналған пилка.
«Әдебиет» орталығы: кітаптар, журналдар, лингвистикалық ойындар, қолдан жасалынған кітаптар және оларды дайындауға арналған құралдар, (степлерлер, тескіштер, таспа, желім), баяндауға арналған жоспарлар мен үлгілер.
«Өнер» орталығы: ақ қағаз парақтары, түрлі-түсті қағаз парақтары, түрлі-түсті қатты қағаз, желім, желімге арналған қылқалам, қылқаламдарға арналған тіреуіш, акварель бояулары, түрлі-түсті гуашь, бояуларға арналған қылқаламдар, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі-түсті борлар, түрлі пішіндегі,көлемдегі, құрылымды поролон губкалар, тіс щеткалары, қайшы, түрлі маталардың қиқымдары, трафареттер, мақта таяқшалары, палитра, бояуларды араластырудың пиктограммасы, майлық, мақташалар, түсті жіптер.
«Аспазшылық» орталығы: ұн, қант, тұз, тақтайшалар, үккіш, шанышқылар мен қасықтар (пластмасса), тоқ көзі, тостаған, алжапқыштар, маңдайшалар, жеңдер, тағам рецептерінің карталары.
ЕРЕСЕК ТОП
«Құм-су» орталығы: әр түрлі мөлшердегі ыдыстар, өлшеуіш ыдыстар, құйғыш, қалыптар, тастар, құм, су, құбырлар, сабын, коктейльге арналған түтіктер, қайықтар, кемелер, күректер, қалақтар, шелектер, резеңке шланг бөлшектері, әр түрлі материалдардан жасалған заттар (ағаштан жасалған орауыштар, таяқшалар, резеңке доптар, ойыншықтар, пластмассадан жасалған түймелер, металл бұйымдары және т.б.), әр түрлі пішінді мөлшердегі пластмас стақандар, үгінділер, түрлі материалдардан жасалған шариктер,банкілер, бөтелкелер, қақпақтар.
«Ауа» орталығы: жіптер, полиэтиленді пакеттер, шарлар, зырылдауықтар, батпырауық, ленталар, жалаулар.
«Ғылым және табиғат» орталығы: Ермексаз, жіңішке қамшылар, бұршақ, тары, иллюстративті материал, экология бойынша дидактикалық ойындар, қалташамдар, қауырсындар, ағаш қасықтар, айналар, тақтайшалар, ағаш кесектері, түрлі мата кесектері, механикалық қалғымалы ойыншықтар, табиғи материалдар (емен жаңғағы, бүршік, өсімдіктердің тұқымдары, қабық, бұтақтар, ағаш кесектері, тұқым дәндері, жарма және т.б.), тығындар, дыбысты жәшіктер (түймелер, бұршақ, тары, қауырсын, мақта, қағаз және т.б. толтырылған), өсімдіктер мен жануарларды күтуге арналған құралдар, үлгілер, табиғат күнтізбелері, отырғызу мезгілдерін бақылауға арналған күнделіктер, лупа, түрлі материалдардан жасалан қолқаптар, жүн, мақта бөлшектері, қолқаптар, жарық көздерінің бейнелері бар суреттер (күн, ай, жұлдыздар, алау, жарық қоңыз, шам, қалташам және т.б.), магниттер бисер, кәріптас, магниті іштей тігілген қолғап, сызғыш, майшам, сіріңке құтылары, магнитке әсер етуші ұсақ заттар, кварц сағаттары, магнит тақтасы, тырнаққа арналған пилка, таразы, глобус, ағаштан жасалған заттар, сұлы, жуа, сарымсақты отырғызуды бақылауға арналған күнделіктер, әлем картасы, тәжірибелер картотекасы, клеенкадан жасалған алжапқыштар, ұсақ ойыншықтар (киндер сюрприз), микроскоп, тиындар, темір бұйымдар, құм сағаты, тамызғыштар, бүрікпе, ылғалдандырылған майлықтар, лейкопластырь, іскектер, пластмассадан жасалған инесі жоқ шприцтер, айналарды шағылыстыру қасиеттері бар заттар жинағы, жұқа тақтай, скрепкалар, сымдар, «Күн және Жер» макеттері, климаттық аймақтардың карталары, түрлі салмақты жүктер, магнит театры, резеңке грушалар, қолқаптар, щетка, қалақ, бұрауыштар, бұрандалар, дөңгелектер, ағаштан жасалған тіс ысқыштар.
Әдебиет» орталығы: кітаптар, журналдар, лингвистикалық ойындар, қолдан жасалынған кітаптар және оларды дайындауға арналған құралдар, баяндауға арналған жоспарлар мен үлгілер, әліпби, әріптер, қағаз, қаламдар, жазу үлгілері, дыбыс мәдениеті мен сөйлеу мәнеріне арналған сабақтар үшін ойындар, таза сөйлеу, жаңылтпаштар картотекасы, түрлі суреттер, кішкентай кітапшалар, сөзжұмбақтар, ребустер, әліппесі бар кубиктер, театрдың түрлері.
«Өнер» орталығы: ақ қағаз парақтары, түрлі-түсті қағаз парақтары, түрлі-түсті қатты қағаз, желім, желімге арналған қылқалам, қылқаламдарға арналған тіреуіш, акварель бояулауры, түрлі-түсті гуашь, бояуларға арналған қылқаламдар, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі-түсті борлар, түрлі пішіндегі, көлемдегі, құрылымды поролон губкалар, тіс щеткалары, түймелер, түрлі маталардың қиқымдары, трафареттер, мақта таяқшалары, палитра, бояуларды араластырудың пиктограммасы, майлық, мақташалар, түсті жіптер, пластилин, ойынға арналған қамыр, түрлі көлемдегі және құрылымды қағаз, балауыз майшамдар, газеттер, мөрлер, орама қағаз, карталар, синтепон, шүберектер, фломастер, бейнелеу өнері бойынша көркем әдебиеттер, балауыз боры, сия, тушь, мақта шариктері, жылтыр қағаздар, автоқаламдар.
«Аспазшылық» орталығы: ұн, қант, тұз, тақтайшалар, үккіш, шанышқылар, пышақтар мен қасықтар (пластмасса), тоқ көзі, тостаған, алжапқыштар, маңдайшалар, орамалдар, жеңдер, тағам рецептілерінің карталары, сүзгіштер, елеуіш, печеньеге арналған қалыптар, кондитерлік шприц, контейнерлер, күрекшелер, ожау, көкөніс кескіш, кекстерге арналған қалыптар.

