Кіріспе
10
мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Сынып сағатының тақырыбына
көшу мақсатында оқушыларды мақал-мәтелдермен
таныстыру:
1.Балапан ұяда не
көрсе, Ұшқанда соны
алады.
2.
Ұлық болсаң —
кішік бол.
3. Ананың ізін қыз
басар, Атаның ізін ұл
басар.
4. Алдыңғы көш қайдан
жүрсе, Соңғы көш сонан
жүрер.
5. Кеме келсе, қайық судан
шығады.
|
Оқушылар мақал-мәтелдердің
мағынасын ашады, ой-пікірлерімен
бөліседі.
|
презентация
|
Негізгі
бөлім
20
мин
|
Мұғалім:
Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып
келетін құқыққа қарсы
әрекет.
Бүгін қоғамның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі –
жасөспірімдердің
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,
кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып
табылады.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың
алдын алу
мақсатында құқықтық
сауаттылық пен құқықтық мәдениетті
арттыру өте
маңызды.
Қашанда
тәрбие мәселесі басты орында. Жалпы балалардың жақсы білім алып
қана қоймай, қоғамға үлесі тиетін үлгілі, тәрбиелі азамат болып
қалыптасуы үшін Президентіміз
Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе,
қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды.
Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет.Мектепте
оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер
оқытылуға тиіс» дей келіп, олардың ел заңдарын сақтауына көңіл
бөлген болатын.
-
Сұрақ – жауап(слайдтан сұрақтар
шығады):
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз
не?
2. Құқықтың қандай түрлерін
білесіңдер?
3. Адамның негізгі құығы
қандай?
Егер бала ата-анасының немесе
заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тиісті емес
уақытта жүрсе, онда ол полиция бөліміне түсуі
мүмкін.
Бала - бұл 18 жасқа толмаған
(толық жас) адам.
Баланың заңды өкілдері –
ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат
тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім,
тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге
асыратын олардың орнындағы басқа да
адамдар.
Балаға қай уақытта
ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға
тыйым салынады?
Баланың заңды өкілдерінің
ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға
дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда
жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне:
-
ойын мекемелері,
-
түнгі клубтар,
-
кафе-барлар,
-
мейрамханалар
-
интернет кафе,
-
компьютер,
-
бильярд бөлмелері,
-
боулинг клубтары мен
кинотеатрлар,
-
театр және ойын-сауық нысандары және басқа
ғимараттар,
-
ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық,
мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар
жатады.
Сағат
23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке
толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына
тыйым салынады.
|
Сұрақтарға жауап беріп,
ой-пікірлерімен бөліседі
|
https://www.youtube.com/watch?v=rChVRA7twOE
|
Қауіпсіздік сағаты 10
мин
|
1.Жалпы қауіпті хоббиге нені
жатқызуға болады?
2.Нақты жағдайларды талдау:
егер дос қауіпті хобби ұсынса не істеу
керек?
- Қазіргі уақытта әртүрлі
жастағы кәмелетке толмағандар арасында жасөспірімдердің өмірге
қауіп төндіретін хоббиі жиі кездеседі - көп қабатты үйлердің
төбесіндегі селфи, руфинг, үйлердің төбесінде серуендеу және т.б. -
Бұл формалар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және балаға
ата-аналар назар аударып және бақылау қажет, жасөспірім өзінің
жетілуі мен тәуелсіздігінің көріністерінің салдарын түсіндіруді
қажет етеді. Көбінесе жастардың құмарлығы жасөспірімдердің
мінез-құлқының девиантты түрінде көрінеді, әкімшілік құқық
бұзушылық белгілерін қамтиды. Салыныпжатқан немесе жабық нысанға
барып, өте биік жерде, суретке түсіп, оны желіге салған кезде, оны
қарайтындар көп болады. Бұл
нысандарға бару заңсыз, бұл құқық бұзушылық.
- (Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Заңы, Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан
Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заңы). Мұндай объектілерге
жиі ену әрдайым заңды түрде бола бермейді. Мұндай нысандарда
кәмелетке толмағандардың болуы олардың өмірі мен денсаулығына қауіп
төндіреді, балалардың мертігуіне және өліміне әкелуі мүмкін. Егер
сіз балаларыңыздың немесе көрші үйдің төбесінде жүргенін
байқасаңыз, бұл туралы полицияға
хабарлаңыз.
|
Жол бойындағы ойындар,
қоршауларға өрмелеу, қараусыз қалған ғимараттар және
т.б
Бас тарту және оның себептерін
түсіндіру, қауіпсіз балама ұсыну, сенімді ересек адамның көмегіне
жүгіну, сенімдерін ұстану, қысымға берілмеу, салдары туралы
ойлау
|
|