Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті: • Баланың бағалары туралы емес, көңіл-күйі туралы сұраңыз. • Мектептегі жағдайы туралы емес, достарымен арадағы жағдай қандай, қандай қызықты жайттар болды, не көңіл-күйін түсірді, не қуантты деген сұрақтар қойыңыз. Бар екпінді сезімдерге салыңыз. • Баланы тыңдаңыз (артық сөзсіз, бағалаусыз, кеңес берусіз). • Өзіңіздің күніңіз қалай өткенін айтып беріңіз. Айтатындарыңызды онымен дос ретінде, тең дәрежелі тұлға ретінде бөлісіңіз. • Баланы құшақтаңыз, оны қалай сағынғаныңызды, жоқтығы қалай білініп тұратынын, оны қалай жақсы көретініңізді және үйге оның жанына оралғаныңызға қандай қуанышты екеніңізді айтыңыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін

Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы.

Психологтың ата-аналармен кездесуі. СЛАЙДТАРҒА МӘТІН

1 -слайд

Психолог кездесуге қатысушыларымен амандасып, кездесудің тақырыбын, мақсаттарын баяндайды.

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы туралы сөйлесеміз. Осы тақырып соңғы уақытта әрбір дерлік отбасының алдынан шығып отыр. Өкінішке орай, біз оны көбінесе ұзақ уақыт бойы байқамаймыз. Ал байқаған кезде не істерімізді біле бермейміз.

2 -слайд

Психолог қауіпсіз мінез-құлық тақырыбының өзектілігін түсіндіріп, ата-аналарға сұрақтар қояды.

Тақырыптың өзектілігін түсіндіру үшін психолог келесі мәтінді пайдалана алады:

Сіздерде компьютер, ал балада телефон бар ма және ол Ғаламтор желісіне кіре ала ма деп сұрамай-ақ қояйын. Қалай болғанда да, үйде немесе мектепте немесе достарында арқылы болсын, балаңыз Ғаламторға бәрібір шыға алады. Ал кейде сіздер ол туралы тіпті білмейсіздер. Бұл үнемі соншалық жаман ба?

Ғаламтордың қандай жақсы және жаман жақтары бар екенін, оның балаңызға дос не дұшпан екенін анықтап алайық.

Психолог келесі сұрақтарға жауап алу үшін чатқа жазуды немесе микрофонды қосуды ұсына алады:

  • Ғаламтор бізге қандай жақсы нәрселер береді? Оның пайдасы қандай?

  • Бала Ғаламтор желісінде болғанда оған қандай қауіптер кездесуі мүмкін?

Әңгіме аяғында келесі слайд бойынша пікірталас қорытындыланады.

3 -слайд

Психолог алдыңғы слайда көрсетілген сұрақтарға берілген жауаптарды түйіндей отырып, қорытынды жасауды ұйымдастырады.

Ата-аналарға балаларының немен айналысатынын бақылауда ұстай алмайтынын түсіндіру, әрі Ғаламтор көмекші дос та, дұшпан да бола алатыны туралы ойды жеткізу керек – бастысы, бір рөл аяқталып, екіншісі қай кезде басталатынын түсіну керек.

4 -слайд

Психолог Ғаламтор төндіретін қауіптермен танысуды ұсынады. Әрі, солардың бірін ұсынады – Ғаламторға тәуелділік, сонымен бірге, слайда көрсетілген тұстарды түсіндіре отырып, жасөспірімдік жаста тәуелдідіктің қалыптасу ерекшеліктерімен таныстырады.

Баланың психикасы жеткілікті дәрежеде орнықты емес – бала қатты қызығып кетіп, шынайы өмірмен байланысын үзіп алуы мүмкін.

Балаларымыздың тәжірибесі жоқ, оларға орынды шешімдер қабылдау қиын – тәжірибенің жоқтығы Ғаламторда қарым-қатынас шекарасын белгілеуге мүмкіндік бермейді. Бала оңай әрекеттерге және пайдаға жылдам беріле кетеді.

Виртуалды әлем шынайы өмірде жетіспейтіннің бәрін береді – ата-аналар балаларына көп тыйым салады, ал балалар соның барлығын басқа жерден іздеуге кіріседі. Ғаламторда бәріне оңай қол жеткізуге болады.

5 -слайд

Психолог ата-аналарға слайда берілген чек-листі оқып беріп, Ғаламторға тәуелділік белгілерімен танысып шығуды ұсынады.

Аталмыш белгілермен танысып шыққан соң, жақтаудағы мәтінді пайдалана отырып, қандай қауіп төніп тұрғанын түйіндейді.

Балаңызда тәуелділік қалыптаса бастағанын қалай білуге болады?

Төменде келтірілгендерге қарап, «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп көріңіздер:

  • компьютердің жанында тамақтанады, шай ішеді, сабағын оқиды;

  • компьютердің жанында кем дегенде бір түн өткізді;

  • сабақтан қалды – компьютердің алдында отырды;

  • үйге келе сала бірден компьютердің алдына отырады;

  • тамақ ішуді, тісін тазалауды ұмытып кетті (бұрын ондай ештеңе байқалмаған);

  • егер компьютер бұзылып қалса, көңіл-күйі нашар, ашушаң болып кетеді;

  • компьютердің алдына отыруға тыйым салса, жанжалдасады, қоқан-лоқы көрсетеді, бопсалайды.

Егер балаңыздың өмірінде аталғандардың кем дегенде біреуі бар болса, бұл – тәуелділіктің бастамасы. Осындай белгілер көбейген сайын тәуелділік те күштірек бола түседі. Егер барлық белгілер көрініс берсе, дереу психолог көмегіне жүгіну керек.

6 -слайд

Психолог https://covid-19.mentalcenter.kz сайтындағы психологиялық көмек көрсету қызметтеріне жұгінуді ұсынады.

Қажет болса, психолог консультацияға қалай жазылуға болатыны туралы да айтып береді.

7 -слайд

Психолог Ғаламтордағы келесі қауіппен танысуды ұсынады.

Оның қазір жасөспірімдер мен ересектер қашықтан араласуға мәжбүр кезде, ал мессенджерлер мен әлеуметтік желілер жалғыз дерлік қарым-қатынас көзіне айналған уақытта өте өзекті екені туралы айтады.

Ғаламтор технологияларының көмегімен жүзеге асырылатын және тіл тигізу, бопсалау, қоқан-лоқы көрсету, жала жабу, алымсақтық түрінде көрініс беретін қудалау әдісі «кибербуллинг» ұғымымен қысқаша таныстырады. Ішінара қысқа мысалдар келтіреді: мысалы, оның бір түрі ТРОЛЛИНГ, яғни құрбанды келемеждеу мақсатымен веб-сайттарда, әлеуметтік желілердің парақшаларында агрессияға толы ақпарат жариялау немесе тіпті баланы жай ғана барлық ортақ онлайн-әңгімелерден ШЫҒАРЫП ТАСТАУ. Мұндай жағдайда балаларға ерекше қолдау көрсету керек және мәселенің орынды шешімін табу қажет.

8 -слайд

Психолог басты мәселе балалардың шамамен 20% ғана ересектерге түрлі қудалау немесе буллинг туралы айта алатынында екенін және осының салдарынан ауыр психологиялық зақым келіп, артынша депрессия, шектен тыс агрессия немесе керісінше тұйықтық және тіпті суицид орын алатынында екенін айтады. Психолог статистикалық мәліметтерді келтіреді: кибербуллинг мәселесін шешу үшін ересектердің 58% жағдайда араласуына тура келген және ата-аналардың шамамен 26% осындай зорлық-зомбылық пен қудалау туралы олар орын алғаннан әлдеқайда кеш білген. Осыған орай кибербуллинг салдарын жою үшін көбірек уақыт пен көңіл бөлу қажет болған. Ата-аналарды балаларына көбірек көңіл бөлуге шақырады.

9-слайд

Психолог ата-аналарды қудалауға түсу белгілерімен және баланың көңіл-күйіндегі өзгерістер себебін анықтау тәсілдерімен таныстырады. Мысалы, бала телефонды сирек қолдана бастады, әлеуметтік желілердегі парақшаларын бұғаттап тастады немесе өшіріп тастады, ата-ана әлеуметтік желіден баласына қатысты тіл тигізетін сөздері көрді немесе бала өзінің сыныптастары немесе достары туралы жағымсыз сөздер айтады, оларға қатысты өшпенділік пен долылық танытады. Бұл ретте айта кету маңызды, бала құрбан рөлінде де, агрессор (қудалауды жүзеге асырушы) рөлінде әрекет ете алады, ал ата-ана көбінесе бұл туралы тіпті білмеуі немесе ойына да келмеуі мүмкін. Естеріңізге саламыз, үйдегі жасөсіпірімдер мен жасөспірімдік ортадағы жасөспірімдер мүлдем әртүрлі жасөспірімдер болуы мүмкін.

1 0-слайд

Өздеріңіз үшін келесі сұраққа жауап беріңіздер: балаңыз Ғаламтормен достаса бастағанда өзіңіздің ата-ана ретіндегі рөліңіз қандай деп ойлайсыздар? Жауаптарыңызды есте сақтаңыздар немесе қағазға жазып алыңыздар. Ғаламторды дұшпан емес, дос ету үшін не істеу керек?

1 1-слайд

Психолог ата-аналарға келесі жағдайды еске түсіпі, сұраққа жауап беруді ұсынады:

  • Балаңызға алғаш рет коньки немесе велосипед бергенде не істейсіз?

Мүмкіндігінше жазбаша комментарийлер үшін чат пайдаланылады немесе сұрақты өздеріне қою ұсынылады, жауап беруге аздаған уақыт беріледі.

1 2-слайд

Артынша қысқаша түйіндеме жасалады:

Ата-аналар келесі қорытындыға келуі тиіс: ата-ананың басты міндеті – ғаламтор ресурстарын қауіпсіз пайдалануды үйрету.

1 3-слайд

Психолог баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екі тәсілін ұсынады: қатаң қадағалау мен шектеу тәсілі және сенім тәсілі.

Әрқайсысының артықшылықтары мен қиыншылықтар бар. Әрі қарай солардың әрқайсысымен танысып шығу ұсынылады.

1 4-слайд

Психолог «Ғаламтор желісінде қауіпсіз жұмыс жасауды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған ұсынымдар» бейнесюжетін көруді және көру барысында ата-аналар естіген және есте сақтаған ережелерді жазып отыруды ұсынады.

Бейнесюжетті көрсетуге қатысты ресурс шектеулі болса, оны WhatsApp арқылы алдын-ала жіберіп, көріп шығу сұратылады.

Соңғы жағдайда жүргізуші алдын-ала жіберілген бейнероликтің сюжетін еске түсіруді ұсынады. Пікірталас келесі слайды пайдалана отырып жүргізіледі.

Бейнесюжетке сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ANeL0h4CV8Q

(Психологқа ескертпе: Бейнесюжет тек орыс тілінде қол жетімді)

1 5-слайд

Ата-аналарды белсенді жұмысқа қатыстыру үшін психолог оларға өздері болашақта қолданатын кеңестерді чатта жазуды немесе микрофон көмегімен айтып шығуды ұсынады. Психолог чаттағы жазбаларды оқып шығып, ата-аналардың назарын баланың қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асырудың оңайлығына аудара отырып, пікірталасты түйіндейді.

1 6-слайд

Психолог ата-аналарға қауіпсіздікті қамтамасыз етудің екінші тәсілімен танысып шығуды ұсынады «сенімге кіру». Ол үшін тағы бір ролик – «№2 Ғаламтор желісіндегі мінез-құлық туралы жасөспірімдердің ата-аналарына арналған кеңестер» - көруді ұсынып, ата-аналарға тапсырма береді: көру барысында естіген және есте сақтаған ережелерді жазып отыру.

Бейнесюжетті көрсетуге қатысты ресурс шектеулі болса, оны WhatsApp арқылы алдын-ала жіберіп, көріп шығу сұратылады.

Соңғы жағдайда жүргізуші алдын-ала жіберілген бейнероликтің сюжетін еске түсіруді ұсынады. Пікірталас келесі слайды пайдалана отырып жүргізіледі.

Бейнесюжетке сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ANeL0h4CV8Q

(Психологқа ескертпе: Бейнесюжет тек орыс тілінде қол жетімді)

1 7-слайд

Ата-аналарды белсенді жұмысқа қатыстыру үшін психолог оларға өздері болашақта қолданатын кеңестерді чатта жазуды немесе микрофон көмегімен айтып шығуды ұсынады. Психолог чаттағы жазбаларды оқып шығып, ата-аналардың назарын баланың сеніміне кірудің оңайлығына аудара отырып, пікірталасты түйіндейді.

1 8-слайд

Психолог ата-аналардың назарын ата-аналардың балаларымен сөйлесу әдістеріне аударады. Пікірталасты өзекті ету үшін төмендегі сұрақтарды қойып, ата-аналарға іштей жауап беруді ұсынуға болады:

  • Есіңізге түсіріңіз, балаңызға алғаш рет телефонды немесе компьютерді кім берді? Неге солай істедіңіз?

Ата-аналар Ғаламтор ата-ананың орнында болғанға дейін олар жеңіліс табатыны туралы, ал ең бастысы бала жеңіліс табатыны туралы ойға келуі тиіс.

Бұдан шығар жол балаңызға сапалы түрде бөлетін уақытыңыз.

Ата-аналарға баланың не істеп жатқанында басты рөл ата-анаға тиесілі екенін ұғындыру маңызды.

Әрі қарай баламен уақытты өнімді өткізу туралы кейбір кеңестермен танысып шығу ұсынылады:

Күнделікті:

  • Баланың бағалары туралы емес, көңіл-күйі туралы сұраңыз.

  • Мектептегі жағдайы туралы емес, достарымен арадағы жағдай қандай, қандай қызықты жайттар болды, не көңіл-күйін түсірді, не қуантты деген сұрақтар қойыңыз. Бар екпінді сезімдерге салыңыз.

  • Баланы тыңдаңыз (артық сөзсіз, бағалаусыз, кеңес берусіз).

  • Өзіңіздің күніңіз қалай өткенін айтып беріңіз. Айтатындарыңызды онымен дос ретінде, тең дәрежелі тұлға ретінде бөлісіңіз.

  • Баланы құшақтаңыз, оны қалай сағынғаныңызды, жоқтығы қалай білініп тұратынын, оны қалай жақсы көретініңізді және үйге оның жанына оралғаныңызға қандай қуанышты екеніңізді айтыңыз.

Психолог ата-аналарға өздеріне лайықты тіл табысу жолдарын таңдауға көмектесе алады, мұнда бастысы жай ғана сұрақ қойып құтылу емес, шынайы қызығушылық білдіру.

1 9-слайд

Психолог ата-аналарға тіпті осы екі тәсіл де («қадағалау мен шектеу» және «сенімге кіру») кейде жасөспірімді қауіптен сақтай алмайтынын айтады. Сондықтан, ата-аналарды слайдтағы ақпаратты пайдалана отырып, баланың мінез-құлқындағы үрейлі белгілермен жне ықтимал жоларымен таныстырады. Балаға көңіл бөлуге, шынайы қызығушылық танытуға, оның мүдделерін құрметтеуге және жас ерекшеліктерін ескеруге көңіл аударады.

2 0-слайд

Психолог ата-аналардың Ғаламтордағы қудалау үшін артылатын жауапкершілікке назар аударуын және сол туралы балаларына хабарлауын жеткізеді.

Жағымсыз комментарий қалдыру немесе тіл тигізетін хабарламалар жіберу (егер тіпті бала оларды тіл тигізетін деп санамаса да), жауапкершілікке тартуға, соның ішінде ересектерді жауапкершілікке тартуға алып келуі мүмкін.

Сөйлесу үшін жауапкершілікке тарту мен жазалаудың мысалдарын қысқаша келтіре отырып, төмендегі ақпаратты пайдалануға болады.

Соңғы жылдары қылмыстық заңнама қатаңданып келеді: жала жабу, тіл тигізу, жеке және отбасылық құпияларды жинау мен тарату, жалған ақпарат тарату үшін жазаға тартылуға болады, тізімді жалғастыра берсе, тым ұзақ.

Ғаламторда тіл тигізу қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады!!

Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілері пайдаланумен жала жабу немесе тіл тигізу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту ҚР Қылмыстық Кодексінің 130, 131 баптарымен қарастырылған.

Мысалы, Ғаламторды пайдалану арқылы жала жабу 4 млн. теңгеге дейін айыппұл салумен немесе сол көлемде түзеу жұмыстарымен немесе екі жылға дейін бостандықты шектеумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады (ҚР ҚК 130 бабының 2 тармағы).

Тіл тигізу 200 АЕК дейін айыппұл салумен немесе сол көлемде түзеу жұмыстарымен немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартумен жазаланады (ҚР ҚК 131 бабы).

Біле тұра жалған ақпарат тарату үшін 5000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сол көлемде түзеу жұмыстары кесіледі немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру күтіп тұр (ҚР ҚК 274 бабы).

Егер балаңыз 14 жасқа толмаса және балаңыз жоғарыда аталғандарға қатысы бар болса, балалардың әрекеттері үшін ата-анасы және бала орналастырылған мемлекеттік мекеме жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127 бабы. Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады, балаңыз әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылыққа барса, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Ата-анасы жоқ болса немесе мемлекеттік мекемелердің, яғни балалар үйлерінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қамқорлығына берілсе, кәмелетке толмағандардың әрекеттері үшін мемлекеттік мекемелер жауапқа тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-1 бабы. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған заңсыз әрекеттерді хабарламау. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметкерлері құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандар жасаған немесе соларға қатысты жасалған, құрамында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, мекеме ішінде орын алған және артынша кәсіби қызметке байланысты мекемеден тыс мәлім болған, егер аталмыш әрекеттерде қылмыс белгілері болмаса, әрекеттер туралы хабарламау үшін жеке тұлғаларға 5, лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал егер қылмыс белгілері болса, 6000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сол көлемде түзеу жұмыстары кесіледі немесе алты жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

2 1-слайд

Психолог слайдтағы ақпаратты пайдалана отырып, кездесуді қорытындылайды. Ол кездесу барысында балаларды Ғаламтор кеңістігінде күтіп тұрған қауіптерді жинақтағанымызға, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықтимал жолдарын қарастырғанымызға, кибербуллинг белгілерімен және салдарымен, әрі қолдау және көмек көрсету жолдарымен танысқанымызға назар аударады.

Жүргізуші ата-аналар кездесу қорытындысы бойынша «Бала кибербуллингке тап болғанда ата-ана не істей алады және Ғаламтор бала үшін қауіпсіз досқа айналуы үшін өзімізді қалай ұстау керек?» деген сұраққа жауап таба алғанынан үмітті екенін жеткізеді.

2 2-слайд

Кездесу аяқталған соң, психолог ата-аналардан кездесуден қандай пайдалы мәлімет алғанан жазуды немесе микрофонға айтуды өтінеді. Олардың қатарында білім, дағдылар, әлденені түсіну немесе пікірталас барысында туындаған сезімдер болуы мүмкін. Түйіндейді. Уақыт бөлгенлеріне алғыс айтады және балаларымен тек Ғаламтор желісінде ғана емес, әрдайым жақсы және қауіпсіз қарым-қатынаста болуын тілейді. Қорытындылай келе психолог кейін туындауы мүмкін сұрақтар қою үшін және көмек алуға жүгіну үшін өзінің байланыс мәліметтерін береді.



2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.08.2025
49
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі