Балалық шағымның аспаны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалық шағымның аспаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалық шағымның аспаны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалық шағымның аспаны


Әдетте,ата-анамыз «біздің кезімізде...»деп бастайды ғой әңгімелерін. Мен де жазбамды солай бастамақмын. «Біздің кезімізде...»дейтіндей сіздің кезіңізден алыстаған жоқпын, бірақ ,балалығым артта қалып барады екен.


...Шексіз шетсіз қиыр шет, жеткізбейтін сағым, кең жазық, сырғанақ пен шаңғы, аққала мен ләңгі, қолым жетпейтін бұлттар, тозығы жеткен ойыншық бұл менің балалық шағымның жарқын естеліктері.
Ессіздіктен бастау алған балалық шағым ескірген жылдай өте шықты. Аздаған сыр шертпеймін, сырсандығымды айқара ашамын.

«Жеткізбейтін сағымды текке айтпаған болсам керек, әлденені іздеп әпкем екеуміз жолға шыққан кезіміз. Қиыр шетте аспанмен шектесіп тұрған тауды көрдік. Қолмен ұстап, мініп көргіміз келген болса керек әне мінеге қарамай тауға бет алдық. Уақыттың өткеніне қарамай жүре беріппіз. Екі аяғымыз әбден талды. Ара-тұра бұл өзі жеткізбейтін тау екен деп қоямыз. Түс ауды. Екі қарым талып, шөлдеп жерге құлай кеттім. Көзім ілініп кетіпті. Қиыр шетсіз аспан. Жеткізбейтін тау. Аңғалдық пен ессіздік, сенгіштік пен селқостық араласқан болмыс. Ата-анамыз бізді іздеп жандары ұшса керек. Ауылдан аса ұзай қоймаппыз. Атымды атап жан ұшыра айқайлаған анамның дауысын естіп қарғып тұрдым. Жақындай келіп анам бізді тергей бастады. Біз тіліміз бұратылып, сөйлей алмай күрмеліп қалыппыз.
-Біз анаау тауға барамыз деп едік деді әпкем дірілдеген үнмен.
-Не тау?! Қызым-ау ол сағым ғой! Ол тау емес ол сағым. Ол жеткізбейді,- деді анам.Артыма қарайлап-қарайлап:

"Сағым, сағым,

сені іздеймін деп

адасып қалдым" деп үйге қайттым.»

Риясыз күдіксіз сенім. Пәлен жерде ойыншық бар десе тау кезуге дайын аңғалдығымыз-ай деймін кейде. Қазір бізге осы риясыз сенім жетіспейді.


Міне, менің балалық шағымның бір арнасы, бір ғана мезгілі! Бұл өмірді сүруге татитындығын мен айқын аңғардым. Және маған қайта мұрсат берілсе дәл осы ғұмырды қайта сүруге пейілді едім.



Дайындаған: Бб-18-01 тобы

Айтназарова Ж.Е.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі