Материалдар / Баланы еңбекке ерте үйреткен дұрыс!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланы еңбекке ерте үйреткен дұрыс!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналарға қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ботаханова Балдырған Маратовна

ТОО «Армашка» балабақша тәрбиешісі

Баланы еңбекке ерте үйреткен дұрыс!

«Адамды адам еткен – еңбек». Сәбидің дүние есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емуінің өзі еңбек етудің алғашқы баспалдағы. Ал баланы есін біліп, айналасындағылармен адами қарым-қатынасқа түсе бастаған сәттен бастап еңбекке баулу – ата-ананың басты міндеті.

Мысалы, 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауы, өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Психолог мамандар еңбек етуге үйренген балалардың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі дегенді айтады. Мәселен, шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін қай жерге кию қажеттігін үйренгені дұрыс. Ал мұның барлығы ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқы­лы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мәселен, «Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет» деген­ сөздер баланың еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.

Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады екен. Баланың ойынына аса мән беру керек. Педагог А.С.Макаренко бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады деген пікірді алға тартады. Сондықтан, бала кезінде ойнаған кезде оны қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені, ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға және қандай мамандықты таңдайтындығын білуге болады. Сондықтан, баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ, баланы еңбекке баулу – адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы, жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі барлығы адамгершілік, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.

Баланы еңбекке баулуда ата-аналар өз-өздеріне қызмет етуге, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге, ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орнына жинауға, үлкендердің көмегімен гүлдерді суаруға, ағаштарға су құюға және өзге де күнделікті тұрмыстық тіршілікте кездесетін жұмыстарды жасауға үйретіп отырған артықтық етпейді. Баланы еңбекке баулу үшін қызықтыра алу керек!Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектеп жасына дейінгі балалардың болашақ қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің адамзат болып өсуінің, жеке адамды адамгершілік және зиялы көзі болып табылады. Сонымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.

Еңбек тәрбиесі – мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге еңбек мәдениетін үйренуге бейімді олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтық педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы: қазақ халқының дәстүрлі тәлім тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған әрбір жас сәби «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал рухында тәрбиеленген. Өз тәжірибемде еңбек білім берумен тығыз байланысты жүзеге асырылады.Оқу еңбегінің барысында бала ұқыптылыққа, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Сондықтан жас жеткіншектің дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе ол – еңбек.

А.С. Макаренко балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек? Деген сұраққа мүмкіндігінше ертерек бастау керек деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы отбасы сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады.Бала кез-келген сәтте үйдегі адамдарға алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет қимылдарына ерекше мән беру керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады.

Адамды – адам еткен еңбек. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбеккке жатады. Еңбек – дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп жейтін тағам мен киімнің өзі еңбекпен келеді. Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бере бермейтін еңбек түрлері өте көп. Мысалы: 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз- өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын,бас киімін, көйлегін киетін кездеоны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған,еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы ой жарайсың,бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орынында да сондай болады. Сондықтан ойын кезінде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек.Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды.Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендердің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.

Балабақшадағы балалардың еңбегі.

Балалардың еңбекке деген дұрыс көз- қарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Ойгап болған соң ойыншықтарын орын-орына жинауға тәрбиелеу..

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері:

1) балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту.

2) қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

3) еңбекке қызығушылығын, дербестігіе тәрбиелеу.

4) көпшілік үшін еңібек ете білугебаулу,қоғамдық бағытта еібектенуге үйрету.

Пайдаланған әдебиеттер.

1. «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы «Рауан» 2002ж

2. Қиясов. И. «Баланы адамгершілікке тәрбиелеу» ( Тәрбие құралы) 2006ж

3. Кишик.С. «Нравственные воспитание втруде» (Дошкольные воспитание 2006г)

4. Жарықбаев.Қ. Қалиев. С «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы. 1995ж

5. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы , 2003ж « Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!