
2025 жылдың 14-25 сәуір күндерінің
аралығында "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық
ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан
«Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының
ғылыми-практикалық негіздері»
өткізіліп жатқан Түркістан қаласындағы өткізіліп отырған курсынында
4-топта Аға тренер Кудериева Гулбану Мухановнаның тобыңда оқып,
білім алып жатырмын.
Курстан алып жатқан әсерім:
1. Жаңа білім мен тәжірибе:
Курстан алған теориялық білімдер мен практикалық дағдылар мен үшін
өте құнды болды. Алған мәліметтер болашақ жұмысымда тиімді
қолдануға көмектеседі.
2. Жеке даму: Өзімді жаңа қырымнан
танып, ойлау қабілетім мен талдау жасау машығым арта түсті. Бұл
менің кәсіби және тұлғалық өсуіме серпін берді.
3. Байланыс пен ынтымақтастық:
Курста әріптестермен пікір алмасып, тәжірибе бөлісу арқылы кәсіби
ортада жаңа достар таптым. Бұл – әрі рухани, әрі кәсіби қолдау.
4. Шабыт пен мотивация: Курстан
кейін өз мамандығымды одан әрі дамытуға деген ынтам артып, жаңашыл
идеялар мен жобаларға шабыт алдым.
Тақырыбы: БАЛАНЫ ЖӘБІРЛЕУ МЕН
БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ.
Қазіргі таңда балалар арасындағы
қарым-қатынаста жиі кездесетін өзекті мәселелердің бірі – буллинг,
яғни жәбірлеу немесе әлімжеттік көрсету. Бұл құбылыс білім беру
мекемелерінде де көрініс тауып отыр және оған дер кезінде назар
аудару – ата-ана, мұғалім және бүкіл қоғамның басты міндеті болып
табылады.
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг – бір немесе бірнеше
адамның басқа балаға әдейі және қайталанып жасалатын психологиялық,
физикалық немесе әлеуметтік қысым көрсетуі. Оның салдары баланың
тұлғалық дамуына, оқу жетістіктеріне және психологиялық әл-ауқатына
кері әсер етеді.
Буллингтің негізгі түрлері:
1. Физикалық буллинг: ұру, итеру,
заттарын тартып алу;
2. Психологиялық буллинг: қорқыту,
мазақтау, келемеждеу;
3. Әлеуметтік буллинг: топтан
шеттету, оқшаулау;
4. Кибербуллинг: интернет немесе
әлеуметтік желі арқылы жәбірлеу.
Мәселенің салдары қандай болуы
мүмкін?
Баланың өз-өзіне деген сенімі
төмендейді;
Үрей, мазасыздық және депрессия
белгілері пайда болады;
Оқу процесінен шеттеп қалуы немесе
мектепке барудан бас тартуы мүмкін;
Ауыр жағдайларда өзін-өзі
зақымдауға дейін апаруы мүмкін.
Буллингтің алдын алу жолдары
қандай?
Ата-аналарға кеңес:Баламен ашық
әрі сенімді байланыс орнатыңыз;
Оның көңіл күйі мен
мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз;
Балаға қолдау көрсетіп, мәселені
елемей қалдырмаңыз.
Мектеп тарапынан:
Қауіпсіз және қолайлы орта
қалыптастыру;
Мұғалімдер мен оқушыларға
буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары мен семинарлар
өткізу;
Оқушылардың шағымын дер кезінде
қарастырып, тиісті шаралар қабылдау.
Қоғам үшін:
Төзімділік пен өзара түсіністікке
тәрбиелеу;
БАҚ пен әлеуметтік желілерде
буллингке қарсы мәдениетті қалыптастыру;
Балалар мен жасөспірімдерге
арналған психологиялық қолдау орталықтарын дамыту.
Қорытынды:
Баланы жәбірлеу мен буллинг – тек
білім беру саласының ғана емес, тұтас қоғамның маңызды мәселесі. Әр
бала – қамқорлық пен қолдауға лайық. Оның қауіпсіз әрі бақытты
балалық шақ кешуі – әрқайсымыздың қолымызда. Осы жолда бәріміз
бірігіп, болашақ ұрпаққа жарқын және қауіпсіз орта
қалыптастырайық.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
№39 "Асықата" жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің педагог-шебер, магистр, тарих және география пәнінің
мұғалімі Искакова Алия Серікбаевна.