«Өркен»
балалардың
әл-ауқатын
арттыру
ұлттық
ғылыми-практикалық
институты» КЕ АҚ президентінің м.а
Е.Сакенова
Аға
тренері
Кудериева
Гулбану Мухановнаның тобында білім алып
жатырмыз.
1. Курс тақырыбы: "Білім
беру ұйымдарында буллингтің
алдын
алу
бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері" білім беру
бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудың 80 сағаттық
курсы
2. Мерзімі: 14.04-25.04.2025
Ата-аналар
жиналысы
Тақырыбы: Балаларға қатысты
зорлық-зомбылықтың алдын алу- олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын
қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
Жиналыстың мақсат және
міндеттері
Мақсаты:
• Ата-аналарды балаларға
қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және алдын алу
жолдары туралы хабардар ету.
• Отбасында және мектепте
қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал
ету.
Міндеттері:
1. Зорлық-зомбылықтың түрлері
(физикалық, психологиялық, сексуалдық және кибербуллинг) туралы
түсінік беру.
2. Балалардың мінез-құлқындағы
өзгерістер арқылы зорлық-зомбылық белгілерін тануға
үйрету.
3. Ата-аналарға балаларымен
ашық және сенімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін
үйрету.
4. Балалардың құқықтары мен
оларды қорғау механизмдері туралы ақпарат
беру.
5. Зорлық-зомбылық жағдайында
қолданылатын ресурстар мен қолдау қызметтері туралы мәлімет
беру.
Түсінік
беру:
• Зорлық-зомбылықтың әр
түрінің анықтамасы мен ерекшеліктерін
сипаттау.
• Әр түрдің балаларға
тигізетін әсері мен салдарын талдау.
• Зорлық-зомбылықтың алдын алу
үшін ата-аналарға ұсыныстар беру.
Зорлық-зомбылықтың
түрлері
• Физикалық,
психологиялық, сексуалдық және кибербуллинг туралы қысқаша
түсінік
1. Физикалық зорлық
– дене жарақаттары мен күш
қолдану.
•
Мысалы: ұру, тепкілеу,
қылқындыру.
2. Психологиялық зорлық
– психикаға әсер ету,
қорқыту.
•
Мысалы: қорлау, кемсіту, психологиялық
қысым жасау.
3. Сексуалдық зорлық
– зорлау, жыныстық сипаттағы
қысым.
4. Экономикалық зорлық
– қаржылық тәуелділік жасау,
ресурс тарылту.
5. Әлеуметтік зорлық
– қоғамнан айыру,
оқшаулау.
Зорлық-зомбылықтың
салдары:
1. Физикалық
салдар
• Жарақаттар, денсаулыққа
зақым келтіру.
2. Психологиялық
салдар
• Депрессия, стресс,
сенімсіздік, психикалық ауытқулар.
3. Әлеуметтік
салдар
• Қоғамнан оқшаулану,
отбасының бұзылуы.
4. Құқықтық
салдар
• Құқық бұзушылықтар, сот
процестері, қылмыстық жауапкершілік.
Зорлық зомбылықтың
белгілері мен симптомдары:
1. Физикалық
белгілер
• Көк жәшіктер, жарақаттар,
көгерулер.
2. Психологиялық
белгілер
• Адамның қорқуы, тұрақты
мазасыздық.
3. Әлеуметтік
белгілер
• Қоғамнан оқшаулану,
жалғыздық.
4. Адамның мінез-құлқындағы
өзгерістер
• Басқалардан қорқу, өзіне
сенбеу.
Зорлық-зомбылықтың алдын
алу шаралары:
1. Білім беру және
ақпараттандыру
• Қоғамды зорлық-зомбылықтың
қауіптілігі мен зияны туралы
ақпараттандыру.
2. Құқықтық
шаралар
• Заңдар мен ережелерді
күшейту, құқық қорғау органдарының әрекеттерін
күшейту.
3. Психологиялық
қолдау
• Зардап шеккендерге
психологиялық көмек көрсету.
4. Қоғамдық қолдау
жүйелерін құру
• Дағдарыс орталықтарын ашу,
әйелдер мен балаларға арналған баспана
беру.
5. Жеке бастың құқықтарын
қорғау
• Отбасы мен қоғамда
зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін әлеуметтік
бағдарламалар.
Тренингтер мен
ойындар:
1. “Сенім көпірі”
жаттығуы:
•
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы
сенімділікті арттыру.
•
Өткізу
әдісі: Ата-аналар жұптасып, біреуі
көзін жұмып, екіншісі оны белгілі бір бағытта жетелейді. Бұл
жаттығу өзара сенімділікті нығайтады.
2. “Эмоцияларды тану”
ойыны:
•
Мақсаты: Балалардың эмоцияларын түсіну
және олармен дұрыс әрекет ету қабілетін
дамыту.
• Өткізу
әдісі: Ата-аналарға әртүрлі
эмоцияларды бейнелейтін суреттер көрсетіліп, олардан сол
эмоцияларды сипаттау және оларға қалай жауап беру керектігі
талқыланады.
3. “Қиын жағдайдан шығу”
рөлдік ойыны:
•
Мақсаты: Зорлық-зомбылық жағдайында
әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
•
Өткізу
әдісі: Ата-аналарға түрлі сценарийлер
ұсынылып, олардан сол жағдайларда қалай әрекет ететіндерін көрсету
сұралады.
4. “Жанұяда зорлық-зомбылық
болмасын!” тренингі:
•
Мақсаты: Отбасында зорлық-зомбылықтың
алдын алу жолдарын қарастыру.
•
Өткізу
әдісі: Топтық талқылаулар мен
ситуациялық тапсырмалар арқылы ата-аналарға ақпарат
беру.
Қорытынды:
• Ата-аналардың балаларға
қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуындағы рөлі мен маңыздылығын
атап өту.
• Жиналыс барысында алынған
білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға
шақыру.
Түркістан облысы, Жетісай
ауданы, Ынтымақ а/о, Өркенді е/м, №39 «Асықата» ЖББМ КММ
Тарих-география пәні мұғалімі, педогог-шебер Искакова Алия
Серикбаевна