БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға бірінші рет келген бүлдіршін үшін алғашқы ай бейімделу кезеңі болатыны сөзсіз. Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа немесе өзгерген жағдайға үйренуі. Кез келген балаға жаңа бөлменің, жаңа ойыншықтардың, жаңа адамдардың, жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды және мәліметтік стресс болып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР


Сисенбай Айсана Бекболатқызы

Ақтөбе қаласы, №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі

Балабақшаға бірінші рет келген бүлдіршін үшін алғашқы ай бейімделу кезеңі болатыны сөзсіз. Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа немесе өзгерген жағдайға үйренуі. Кез келген балаға жаңа бөлменің, жаңа ойыншықтардың, жаңа адамдардың, жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды және мәліметтік стресс болып келеді. Нақты күн тәртібі, ата-ананың жоқтығы, құрбыларымен қарым-қатынас, мінез-құлыққа жаңа талаптар, жалпы жаңа орта балабақшаға жаңа келген бала психикасына ауыр жүк болып, нәтижесінде ұйқысы бұзылып, тәбеті жоғалып, қорқыныштар да пайда болып, бала жиі ауырады.

Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның алғашқысы және маңыздысы баланың анасынан және жанұясынан ажырауға психологиялық дайындығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады.Баланың балабақшаға бейімделу дәрежесін оның психикалық және физикалық денсаулығы анықтайды. Бейімделу сипаты келесі факторларға байланысты:

  • Баланың жасына;

  • Баланың даму деңгейіне және денсаулық жағдайына;

  • Анасының аяғы ауыр болғандағы баланың биологиялық және әлеуметтік анамнезіне.

Жағымды бейімделу бес күннен бір айға дейін созылып, балада салмақтың түсуі, көңіл-күйдің және тәбеттің болмауы, ұйқының бұзылуы сияқты жағымсыз белгілер байқалмай, күн тәртібі сақталып, белсенді ойын, жақсы тамақтану, ұйықтау, құрбыларымен және ересектермен араласу орын алады. Егер бала аурушаң болса, жүйке-психикалық дамуы қалыс қалса (мысалы сөйлеу дамуының артта қалуы диагнозы), үй және балабақша тәртіптері арасында үлкен айырмашылық байқалса, отбасында жеткіліксіз эмоционалды қатынас жасалса, қолайсыз бейімделу өтеді. Мұндай жағымсыз психоэмоционалды жағдай үш айдан алты айға дейін созылып, бүлдіршін өзін жайсыз сезініп, жабырқаулы көңіл-күйде болып, топ балаларымен белсенді ойнамай, жылап, тәрбиеші сөзіне, балабақша ережелеріне бейжай қарауы мүмкін.

Бейімделу мәселесінде тәрбиеші ата-анаға баланың күн тәртібін балабақшаның күн тәртібіне жақындастыру керектігінен бастау керек. Әр баланың ерекшелігін ата-анасынан сұрап, оны ескеріп, қарым-қатынас жасаған жөн. «Бала жылап-жылап қояды» деген жаңсақ пікірден алшақ болып, балада балабақша туралы теріс пікір қалыптаспауын қамтамасыз ету керек. Оны болдырмау үшін:

  1. Топта эмоционалды қолайлы атмосфера тудыру керек.

  2. Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.

  3. Бейімделу кезінде ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып, «бала-ересек», «бала-бала» арасындағы эмоционалды қарым-қатынасты жақсартқан абзал.

Балабақшаға әр бала әртүрлі үйренеді. Баланың балабақшаға бейімделуінде маңызды орынды отбасы алады, себебі ата-анасына тым бағынышты балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі екіталай. Ата-ана зейін көрсетіп, қолдау жасауға, уақытында баладан алшақтай алуға, жайсыздықта керек сөзді тауып уатуға, қажет болғанда талап қойып, оны орындатуға, шыдамдылық танытып, байсалдылық көрсетуге дайын болғаны жөн.

Баланы балабақшаға, тәрбиешілерге үйрету үшін, алғашқы кездері баланы тек балалармен серуендеуге әкеліп, одан соң жарты күн, кейін күндізгі ұйқыға қалдыру қажет. Бұл жағдайға балабақша әкімшілігі түсіністікпен қараса, барлық жағдайда балаңыздың қажеттілігі ескерілетіндігін білдіреді.

Балабақшаға бейімделу – бұл баланың балабақшаға үйрену мерзімі. Бұл мерзімде балада үйден кеткісі келмеу, балабақша талаптарына қарсылық білдіру, қықырлық көрсету, ызалану немесе тұйықтық, балабақша қызметкерімен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту әсерлері байқалады. Сонымен бірге ата-анамен қоштасу кезінде анасының қолын жібермей жылаған бала, анасы кеткен соң тәртібі өзгереді- бала тынышталып анасы туралы есіне алмайды.

Бөбекжай-бақшаның педагог-психологы сәбилер тобындағы балаларды күнделікті қадағалап, бейімделу үрдісін байқайды. Барлық жастағы балаларға мектепке дейінгі мекемелерге бару өте қиын. Балалардың әрқайсысы балабақшаға бейімделу кезеңінен өтеді. Осы кезеңде оның бүкіл өмірі түбегейлі өзгереді. Баланың отбасындағы әдеттегі өміріне өзгерістер еніп кетті: туыстары мен достарының болмауы, күн тәртібінің анықтығы, басқа балалардың үнемі болуы, бейтаныс ересектерге бағыну және оларға бағыну қажеттілігі, жеке зейінінің азаюы.

Балабақша – бүлдіршін үшін ұжымдық қарым-қатынастың бірінші тәжірибесі. Әр баланың мүмкіншілігі, қабілет-қарымы әртүрлі болуына қарай бейімделуі де түрліше өтеді, сондықтан алдымен баланың жағымды ішкі эмоционалды жағдайын қолпаштау керек. Балаға жайлы және жақсы болғанда ғана ол ортаға тез үйреніседі, үйлесімді дамиды. Бүлдіршін ата-анасы сұрамай-ақ балабақшада жаттаған тақпағын көңілдене айтып берсе, күні бойы болған топ оқиғаларын өзі баяндаса – бұл оның бейімделгенінің бірінші белгісі. Ата-ана мен педагогтар бірлесіп, балаға оң психологиялық ахуал тудыра алса ғана бала тұлғасы қалыптасып, жан-жақты дамиды.

Баланың балабақшаға бейімделу мәселесі туралы анасы бала психологымен ақылдасып алғаны жақсы. Әр кез ата-ана баламен болып жатқан жағдайлардың себептерін толық талдай алмайды, бұл жерде тәрбиешіні себепсіз кінәлап, баланың психикалық жағдайына күмәнданбаған дұрыс. Бұл жерде мәселе: осы уақыттағы бала баратын балабақша талаптарына, осы уақыттағы баланың жеке дара ерекшеліктері сәйкес емес екендігі туралы сөз болуы керек. Ең бастысы, ата-ана баланың балабақшаға бейімделуіне өз ықпалы бар екенін түсінуі тиіс. Балабақшаға бейімделу мәселесі мерекеден, демалыстан және жанұяның ішкі жағдайлары өзгергенде (анасы іс-сапарға кеткенде, сәби дүниеге келгенде және т.б жағдайларда) қайта жалғасуы мүмкін. Бұл жағдайларда бала қажеттілігін жанұяда қалыптасқан тәртіпті бұзбай қанағаттандырып отыру қажет: балабақшада қалу уақытын азайтып, апта арасында үзіліс ұйымдастырумен шешуге болады. Толықтыра айта кетсек: әрбір туындаған мәселелер бірдей болуы мүмкін, бірақ одан шығу жолдары әр ата-анада өзгеше.



1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2023
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі