Материалдар / «Баланың балабақшаға бейімделуі» атты ата –аналарға арналған тренинг.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Баланың балабақшаға бейімделуі» атты ата –аналарға арналған тренинг.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ата-аналармен тренинг жарияланған,онда бала жанұясы мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу жолдары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Конысова Мөлдір Ғаділбекқызы тәрбиеші

Атырау қаласы

«Зейнеп Амина және балапандар» бөбекжай-балабақшасы



«Баланың балабақшаға бейімделуі» атты

ата –аналарға арналған тренинг.


Мақсаты: Бала жанұясы мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Қатысқандар: Ата- аналар,тәрбиешілер,балалар


Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология, презинтациялар.

Кіріспе сөз: Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.


І.Танысу. Амандасу

Психологиялық жаттығу : «Үй»

Қажетті құралдар : А4 парағы, қарандаш

Өтілу барысы: Ата-аналарға ақ парақ пен қарандаштар беріледі. Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларын таныстырады)

Психолог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық

ІІ. Ата-аналарға балалардың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес беру.

-Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,

балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

- Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

- Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

- Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек.Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады.Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

- Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айттыңыз ба?

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.





Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.

Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

-Балаға анық түсінік беру керек.

ІІІ. Кеңес соңында сұрақтар беріп,өзара пікірлесу.

ІҮ. Ойын « Ата- ана мейірімі». 

Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген

сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.

Ү. Жағдаят. 

Ата- аналар жағдаятты оқып, өз ойларын айтады.

І топқа: Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

ІІ топқа: Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4- 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?
ІІІ топқа: Кейбір ата- аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

ҮІ. Ойын «Балабақшаға баратын жолда»

Бала балабақша өз еркімен жыламай бару үшін балалармен балабақшаға баратын жолда ойын ойнауға болады.

1.«Барлығы дөңгелек (төртбұрыш,үшбұрыш)»

Баламен ата-ана кезекпен кезек дөңгелек,төртбұрыш,үшбұрышқа ұқсас заттарды атайды.

2. «Қызыл (жасыл) заттар»- түстерге байланысты заттарды атайды.

3. «Сиқырлы пішіндер» - баламен бірге қоянның,аюдың,түлкінің жүрістерін салады.

4. «Не өзгерді?»

Үлкендер қолғабын балаға білдіртпей шешіп тыға қояды да,баладан менде не жоқ деп сұрайды. Сонымен бірге жолда келе жатып не өзгергенін атайды.

ҮІІ. «Тілек шамы». (Қорытындылау)

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәтте жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.






Ата-аналарға ұсыныс:

1. Баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты сұрақтарға психологтан ақыл-кеңес алыңыз.

2. Баланы балабақшаға тек қана дені сау күйінде жіберіңіз.

3. Салалық дәрігерден алдын-ала біліп алыңыз: балаңызға бейімделудің қандай түрі жағымды, егерде бейімделу қиындау болса, онда уақытында барлық жағдайды жасаңыз.

4. Баланың туғаннан бейімделу механизмінің жүйесін жаттықтырыңыз.

Баланы тосын жағдайларда қимыл-әрекетін өзгерте білуге үйретіңіз.

5. Балабақшадағы күн тәртібіндегі жаңа сәтін алдын-ала біліп алып, оларды

үйдегі күн тәртібіне кіргізіңіз.

6. Сізді толғандырып жүрген балабақшаға байланысты мәселелерді баланың көзінше талқыламауға тырысыңыз.

7. Өз уақытыңызды былай жоспарлаңыз: баланың балабақшаға қатысуының алғашқы айында сіз балаңызды күні бойға қалдырмауға жағдай жасаңыз.

8. Баланы өзі жақын арада келетін топтың балаларымен және тәрбиешілерімен ертерек таныстырыңыз.

9. Үйде баланы өзіне-өзі қызмет етуге қажетті барлық дағдыларға үйретіңіз.

10. Сіздің балаңыз бәрінен бұрын сізге қымбатты және сүйікті екенін ұмытпаңыз!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!