Материалдар / БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРІН АРТТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың дене қимылын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2018
686
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты-өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытында бекіткен «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселесі қаралған.

Әрбір адам өзіне, халқына, Отанына көбірек пайдасын тигізу үшін дені сау, күшті, епті, қиындықтан қорықпайтын, төзімді, қабілетті болуы тиіс. Дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі –дене шынықтыруға арналған жаттығу түрлерін көбейтеді.

Күнделікті тұрмыс-тіршілікке керекті қимыл-қозғалыстарға, әскери дайындыққа қажетті спорт түріне арналған күрделі жаттығулар келіп қосылады.Уақыт өткен сайын адам өз денесін жетілдірудің мол мүмкіндіктерін біліп, дене жаттығуларымен арнайы шұғылдану жүйесі қалыптасады.

Дененің жетіліп, мүсіннің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білген абзал. Ұйқыдан оянғаннан кейінгі тіршіліктің бастамасы-таң ертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау.

Ертемен алғашқы рет бой жазғанда демді ішке алу, демді сыртқа шығару кезінде-ақ, өкпе кеңейіп оттегімен толады да, көмірқышқылы сыртқа шығарылады. Жүрек соғуы жиілеп, барлық органдарға, олардың ішінде дене шынықтыру кезінде біртіндеп қызу жұмысқа араласа бастаған бұлшық еттерге де қан жүгіре бастайды. Кеудеге, аяққа, қолға, мойынға арналған әр түрлі дене жаттығулары барлық бұлшық еттерді созылғыш, буындарды икемді етеді. Міне, сондықтан да ертеңгі дене шынықтыру жаттығуларынан кейін бүкіл дене икемді де қозғалғыш келеді. Ертеңгі дене шынықтыру міндетті түрде салқын суға жуынумен аяқталу керек. Бала неғұрлым көп қозғалса, оның бұлшық еттері соғұрлым қызу жұмыс істейді де, қан оларға оттегі мен қоректік заттарды соншалықты мол жеткізеді. Бұлшық еттермен бірге олар бекітілген сүйектер де өсіп қатаяды. Сондай- ақ бүкіл дененің бұлшық еттері неғұрлым көп, әрі жақсы жұмыс істесе, жүрек бұлшық еттері соғұрлым күшті жиырылады, қанды көп шығарады.

Бұл өкпенің көлемін ұлғайтып, оны шынықтырады,әрі жүректің өзін күштірек те төзімді етеді. Демек, дене шынықтыру жаттығулары баланың организмін тұтас қатайтады. Тек қана олар баланың жасына, күш-қуатының шамасына, денсаулығына сәйкес болуы және демалыспен алмасып отыруы жөн. Адам ағзасының қалыптасуы мен жетілуіне көптеген алғышарттар қажет. Мысалы: гимнастикамен, спорт ойындарымен үнемі және жүйелі түрде айналысқан балалардың дене жаттығуларымен айналыспаған құрдастарына қарағанда денсаулығы мықты болатынын ғылым да тәжірибе де дәлелдеп келеді. Оқушылардың денсаулығын нығайтудың табиғи жолдарының бірі – олардың дене тәрбиесін ұйымдастырғанда әр түрлі қимыл – қозғалыстарды дұрыс пайдалану. Соған орай дене тәрбиесінің сыныптан тыс жүргізілетін түрлері дене қимылының қызметін ойын арқылы ұйымдастыру. Ол үшін арнайы спорт секциялары мен үйірмелерге қатыстыру керек.

Оқушылардың қозғалмалы дағдылары мен қимыл белсенділігін қалыптастырып, арттыратын жаттығулардың негізінің бірі жылдамдыққа үйрену қасиеттерін қалыптастыру үшін жүгірудің бірнеше түрлерін пайдалану болып табылады. Мысалы, төменгі және жоғары сөреден жылдамдықпен шығу, тез жүгіріп бара жатып белгілі бір пәрменде, бағыт өзгертіп жүгіру, тез жүгіріп келе жатып кедергілерден өту т.с.с. жаттығуларды пайдалануға болады.Одан басқа да тез қозғалысты ойындарды, ұлттық ойындарды және спорттық ойындарды пайдалануға болады. Спорттық ойындардың ішіндегі жылдамдық қимыл қасиетті дамытатындардың негізгілері баскетбол, волейбол, футбол, қол добы ойындары. Мысалы, баскет- бол ойынында, ойынға қатысушылар допқа ие болыпжәне оны себетке лақтыруға, немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде кедергі жасауға тырысады. Ойын кезінде жүгіру, жүру, секіру мен лақтыру сиақты қозғалыстың табиғи түрлері қолданылады.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: « Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, банкирлермен өнер қайраткерлері, кәсіпкер, мұғалімдер мен дәрігерлер, заводтар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады » - деп атап айтқан болатын.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен болады бақытты өмір»-деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті –бастапқы білім беру мен қатар жан-жақты жарасымды, жүйелі интеллектуалды, рухани тәрбие беру және оларды денсаулығы мықты етіп өсіру болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!