Материалдар / баланың эмоциялық ерік

баланың эмоциялық ерік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тузеу жұмыстарнына көмек береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
267
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың эмоциялық ерік-жігерін зерттеу

Баланың мектепке психологиялық дайындығының маңызды бір бөлігі эмоциялық ерік-жігерінің дамуымен байланысты болып келеді.

Бала 6-7 жаста өзінің сезімдерін басқара біледі, әрекеті мен тілегін ортамен санаса отырып жүзеге асырады. Өзінің мінез-құлқын ерік-жігерінің арқасында басқаруға дағдыланады. Ерік –жігер баланың бойындағы екі қарама-қарсы қызығушылықтың бір сәтте келген кезінде анық байқалады. Мұндай сәттерде тез өкпелеп қалу, бірбеткейлік, жылау, мазасыздық, бұзақылық сияқты теріс пиғылдағы баланың эмоциялық күйзелісі пайда болады. Мұндай эмоциялық күйдегі балаларды қиын балалар тобына жатқызамыз. Оларды шартты түрде үш топқа бөліп қарастырамыз.

Ызақор балалар. Педагог-психолог баланың ызақорлық реакциясының деңгейінің ұзақтығына, ықтимал себептеріне баса мән беруі керек.

Эмоциялық қалпын ашық көрсететін балалар. Бұл түрге жататын балалар тым әсерленгіш. Ренжісе, ренішін барлығына көрсетеді, қуанышын жасыра алмайды.

Ұялшақ, жанына тым жақын қабылдайтын, өкпешіл, жасқаншақ, мазасыз балалар табиғаты. Олар өздерінің ойларын қатты айтып жеткізуге батылдары бармайды, өздерінің проблемаларын ешкіммен бөліспейді.

Мінезіндегі мұндай белгілер баланың табиғи темпераментімен байланысты десек те, баланың эмоционалдық ортасын дамытудағы қиындықтар бойынша жұмыс істейтін психолог диагностикалау кезеңінде баланың отбасы мен қоршаған ортасын, өзін-өзі бағалауын, топтағы психологиялық ахуалды ескеруі керек. Осы кезеңде психолог бақылау әдістемесін қолдана отырып, баланың ата-анасымен, мұғалімдермен әңгіме өткізеді. Балаларға жобалау әдісін қолданады (мысалы, «Отбасы» сурет бойынша, аяқталмаған сөйлем, аяқталмаған әңгіме, тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыру).

Бала мектеп пен үйде екі түрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін, сондықтан әр түрлі диагностикалық тәсілдер психологке баланың ішкі жан-дүниесіндегі проблемаларды анықтауына көмектеседі.

Ата-анамен әңгімелесу кезінде төмендегі жайттарға назар аудару керек:

  1. Баланың ұйқысы.

А) баланың ұйқыға жатуы: тез әлде баяу; ұйықтар алдында оның қасында отыруды, жарықты сөндірмеуді, т.б. сұрайды.

Ә) баланың ұйқтауы: тыныш немесе аунақшып ұйықтайды: түнде ұйқтап жатып сөйлейді;

Б) баланың оянуы: қандай көңіл күйде тұратындығы.

2. Тамаққа тәбеті: тамақты өз еркімен ішу, таңдап ішу немесе бергенді ішу;

3. Балада қандай жағдайда қорқыныш сезімі туындайды?

А) жазалау кезінде, ересектер жекігенде;

Ә) қорқынышы ересектердің мінез-құлқымен байланысты емес.

4. Қорқыныштың пайда болуы.

5. Бала неге қуанады, реніш, өкпе, риза болмау қандай жағдайда пайда болады және оның ұзақтығы?

6. Баланың жақындарына жаны ашуы.

7.Ойын сәтінде, оқу әрекетінде қандай эмоция көрсетеді және өз құрбыларына мейірімділігі.

8.Өзінің пікірін қорғап шыға ала ма және дәлелдерді табу ерекшелігі (сұрайды, талап етеді, қуланады, жылайды, т.б.).

9. Өзін бір жеткенде немесе жолы болмағанда ұстауы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ