Баланың мектепке бейімделуінің кейбір психологиялық мәселелері
Қоғамға замануи психолог мамандарын дайындауда алғашқы қара шаңырақтардың бірі - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің білімгерлері осы тақырыпты өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарында қарастырады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
Психология — адам санасы, мінез-құлқы және эмоцияларын зерттейтін ғылым. Ол адамдардың ойлау, сезіну және әрекет ету заңдылықтарын анықтайды, психикалық үдерістерді түсіндіруге тырысады. Психологияның мақсаты — адамның психикасын, тұлғалық ерекшеліктерін, әлеуметтік ортамен өзара байланысын түсіну және оның өмірін жақсартуға үлес қосу.
Осы мақсаттарды көздей отырып, қоғамдағы баланың мектепке бейімделуі — бүгінгі өзекті мәселелердің бірі екеніне көз жеткізуге тырысатын боламыз. Мектепке алғаш қадам басқан бала тек білім алумен қатар, жаңа әлеуметтік ортаға еніп, жаңа ережелер мен талаптарға үйренуі керек. Бұл процесс оңай емес және көптеген факторлармен күрделене түседі: баланың психологиялық және физикалық дайындығы, отбасылық қолдау, мұғалімнің қатынасы және мектептің атмосферасы. Баланың мектепке бейімделуі көптеген факторларға байланысты. Оларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
-
Баланың жеке ерекшеліктері
-
Жас ерекшелігі: Баланың жасына байланысты мектепке бейімделуі әртүрлі болуы мүмкін.
-
Психологиялық дайындық: Мектепке дейінгі танымдық және эмоционалдық дамуы.
-
Денсаулық жағдайы: Физикалық денсаулық пен шаршауға төзімділік деңгейі.
-
Темперамент: Сабырлы немесе эмоционалды болуы бейімделу жылдамдығына әсер етеді.
2. Отбасылық жағдай
-
Ата-ананың қолдауы: Баланың мектепке бейімделуіне ата-ананың түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуі маңызды.
-
Қаржылық жағдай: Материалдық қамтамасыз етілуі (оқуға қажетті құралдар, мектеп формасы).
-
Отбасындағы эмоционалдық ахуал: Үйде махаббат пен түсіністік болса, бала өзін қауіпсіз сезінеді.
3. Мектептің әсері
-
Мұғаліммен қарым-қатынас: Мұғалімнің мейірімділігі мен әділдігі бейімделуге ықпал етеді.
-
Сыныптағы атмосфера: Құрдастарымен достық қарым-қатынас орнату.
-
Оқу бағдарламасы: Оқыту әдістерінің баланың қабілеттеріне сай болуы.
4. Әлеуметтік және қоршаған орта факторлары
-
Достардың қолдауы: Құрдастарының қабылдауы мен қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады.
-
Әлеуметтік дағдылар: Бала басқа адамдармен тіл табыса алуы керек.
-
Мектепке дейінгі дайындық мекемелері: Балабақшада алған тәжірибесі де маңызды.
Егер бала осы факторлардың бірі бойынша қиындық көрсе, оған көмек көрсету үшін ата-аналар мен педагогтар бірге жұмыс істеуі қажет.
Қорыта айтқанда, баланың мектепке бейімделуі оның тұлғалық дамуының маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа ортаға сәтті үйрену үшін мектеп, отбасы және қоғам тарапынан кешенді қолдау қажет. Әлеуметтік және психологиялық бейімделу арқылы бала өзін қауіпсіз сезініп, оқу үдерісіне қызығушылықпен қатыса алады. Бұл мәселені шешу — ұрпақтың психологиялық саулығын және болашақта қоғамдағы үйлесімді дамуын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Ережепова А.Е.
Психология мамандығының студенті
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымының кандидаты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз