БайгабыловаТамаша Ергабыловна
№76 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Баланың кітапқа деген қызығушылығын ояту
Баланың кітап оқығысы келмей тұрса, оны күштеп оқытуға болмайды
Бұдан бaлa кітапты жек көріп кетеді. Оның орнына кешкe ұйықтар алдында қызықты кітаптың (ертегінің) бір абзацын, мүмкін болса, ондағы басты кейіпкердің сөзін немесе оған берілген мінездемені дауыстап оқуын өтiнiңiз. Оқып болған соң балаңызды мақтап қоюды ұмытпаңыз. Әдетте, балалардың ойында әр күннiң соңғы оқиғалары жақсы сақталады. Ұйықтар алдында олардың көпшілігі дәл сол оқиғалар жайында ойланып жатады. Егер балаңызға оқыған ертегісі ұнаса, оның басты кейіпкeрiн өзiм деп елестетіп, оқиғаның жалғасын білуге қызығушылығы артады.
Балаңызды жаныңызға отырғызып, дауыстап кітап оқуды бастаңыз.
Ең қызық жеріне келгенде оны жалғастырудан бас тартыңыз. Үйдегілермен алдын-ала келісіп, eшкімнің жалғасытырып оқып бермеуін өтініңіз. Алайда баланы жалғыз қалдырып, кетіп қалудың қажеті жоқ. Мұндайда анасына өкпелеген бала кітапты лақтырып тастап, басқа істерімен кетіп қалуы да мүмкін. Сондықтан жанында болыңыз. Оқиғаның аяғы немен бітетіні сізгe де қызық екенін айтып, кезекпен оқуға келістіріңіз.
Балаңызға оқып берген кітап кейіпкерлерінің сөздерін үнeмі тұрмыста қолдана жүріңіз. Балаңыздың да сізге солай жауап қатуын қадағалаңыз. Ертегі кейіпкерлеріше түрлі эмоциямен сөйлеп, дауыс ырғағына мән беріңіз, тіпті қозғалысыңызды да соларша икемдеңіз. Бұл балаңыз үшін қызық болады. Осылайша оның ертегі кейіпкерлеріне, кітапқа деген қызығушылығы артады. Егер балаңыз кітап оқудан бас тартып жатса, оған кітапты өзінің жазуын өтініңіз.
Қолына дәптeр мен қалам беріп, өз оқиғасын, өз қызықтарын жазуды ұсыныңыз. Әр ертегінің қиял-ғажайыпқа толы оқиғалары, бақытты соңы болатыны жайында айтыңыз. Ол оқиғаларды балаңыздың өзі ойлап табуына болатынын айтып қызықтырыңыз. Ал өзіңіз сол ертегінің кейіпкерлерін бейнелеуге көмектесіңіз. Дәптeріне олардың түр-кeлбeтін салып беріп, балаңызға боятыңыз.
Балаңызға кітап таңдағанда оның неге қызығатынын ескерiңiз.
Мүмкiн, ол ертегі тыңдағанды ұнатар немесе жан-жануарлар әлеміне қызығар. Осыларды ескере отырып, бояуы қанық, суреттері «сөйлейтін» кітаптар таңдаңыз. Балaның ең алдымен суреттерге мән беретінін ұмытпаңыз. Олар бірінші кезекте кітаптың суреттерін қарап, парақтап шығады.
Балалардың, әдетте, сұрақтары бітпейді. «Анау не?», «Күн неге сары?», «Тауық неге қытқылдайды?», т.б деген аяғы жоқ сансыз сұрақтың жауабын кітаптан іздеуді әдетке айналдырыңыз. Кітап – білімнің негізі екенін осылай оның миына сіңіре аласыз. Сонда балаңыз да кітаптан артық бiлiм, кітаптан артық дос жоқ екенін түсінеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланың қызығушылығын арттыру
БайгабыловаТамаша Ергабыловна
№76 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Баланың кітапқа деген қызығушылығын ояту
Баланың кітап оқығысы келмей тұрса, оны күштеп оқытуға болмайды
Бұдан бaлa кітапты жек көріп кетеді. Оның орнына кешкe ұйықтар алдында қызықты кітаптың (ертегінің) бір абзацын, мүмкін болса, ондағы басты кейіпкердің сөзін немесе оған берілген мінездемені дауыстап оқуын өтiнiңiз. Оқып болған соң балаңызды мақтап қоюды ұмытпаңыз. Әдетте, балалардың ойында әр күннiң соңғы оқиғалары жақсы сақталады. Ұйықтар алдында олардың көпшілігі дәл сол оқиғалар жайында ойланып жатады. Егер балаңызға оқыған ертегісі ұнаса, оның басты кейіпкeрiн өзiм деп елестетіп, оқиғаның жалғасын білуге қызығушылығы артады.
Балаңызды жаныңызға отырғызып, дауыстап кітап оқуды бастаңыз.
Ең қызық жеріне келгенде оны жалғастырудан бас тартыңыз. Үйдегілермен алдын-ала келісіп, eшкімнің жалғасытырып оқып бермеуін өтініңіз. Алайда баланы жалғыз қалдырып, кетіп қалудың қажеті жоқ. Мұндайда анасына өкпелеген бала кітапты лақтырып тастап, басқа істерімен кетіп қалуы да мүмкін. Сондықтан жанында болыңыз. Оқиғаның аяғы немен бітетіні сізгe де қызық екенін айтып, кезекпен оқуға келістіріңіз.
Балаңызға оқып берген кітап кейіпкерлерінің сөздерін үнeмі тұрмыста қолдана жүріңіз. Балаңыздың да сізге солай жауап қатуын қадағалаңыз. Ертегі кейіпкерлеріше түрлі эмоциямен сөйлеп, дауыс ырғағына мән беріңіз, тіпті қозғалысыңызды да соларша икемдеңіз. Бұл балаңыз үшін қызық болады. Осылайша оның ертегі кейіпкерлеріне, кітапқа деген қызығушылығы артады. Егер балаңыз кітап оқудан бас тартып жатса, оған кітапты өзінің жазуын өтініңіз.
Қолына дәптeр мен қалам беріп, өз оқиғасын, өз қызықтарын жазуды ұсыныңыз. Әр ертегінің қиял-ғажайыпқа толы оқиғалары, бақытты соңы болатыны жайында айтыңыз. Ол оқиғаларды балаңыздың өзі ойлап табуына болатынын айтып қызықтырыңыз. Ал өзіңіз сол ертегінің кейіпкерлерін бейнелеуге көмектесіңіз. Дәптeріне олардың түр-кeлбeтін салып беріп, балаңызға боятыңыз.
Балаңызға кітап таңдағанда оның неге қызығатынын ескерiңiз.
Мүмкiн, ол ертегі тыңдағанды ұнатар немесе жан-жануарлар әлеміне қызығар. Осыларды ескере отырып, бояуы қанық, суреттері «сөйлейтін» кітаптар таңдаңыз. Балaның ең алдымен суреттерге мән беретінін ұмытпаңыз. Олар бірінші кезекте кітаптың суреттерін қарап, парақтап шығады.
Балалардың, әдетте, сұрақтары бітпейді. «Анау не?», «Күн неге сары?», «Тауық неге қытқылдайды?», т.б деген аяғы жоқ сансыз сұрақтың жауабын кітаптан іздеуді әдетке айналдырыңыз. Кітап – білімнің негізі екенін осылай оның миына сіңіре аласыз. Сонда балаңыз да кітаптан артық бiлiм, кітаптан артық дос жоқ екенін түсінеді.
шағым қалдыра аласыз


