Материалдар / Бақытқа бастар жол!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бақытқа бастар жол!

Материал туралы қысқаша түсінік
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

Село Маңғыстау 5

«Еркебұлан» шағын орталық балабақшасы

Әдіскер: Тампиева Айнұр Қыдырбайқызы


Бақытқа бастар жол!

Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса,

сонда ғана оның аты Адам болады.”

А. Құнанбаев


Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен  туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен ? Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,  құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені – Абай атамыздың бұл жетінші қара сөзінің түбкі бұлағы – тәрбие. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие балабақшада жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады.

Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел болашақта зор болмақ. Болашаққа жарқын жол іздеуіме Ұлы жол үйімнің табалдырығынан басталады» дегендей ұямнан алған тәрбиемнен бе , әлде табиғатым сол тірлікті керек етті ме, жасымнан ұстаз– тәрбиеші болуға аңсарым ауды. Өсе келе, тәрбиеші мамандығын игердім.
«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей тағамның беріктігінен

«Балапан» бағдарламасы негізінде 2014 жылдың жаңа оқу айында іске қосылған «Еркебұлан» жекеменшік балабақшасында тәрбиеші қызмет атқарып , ұлт болашағын тәрбиелеу жолында тынбай тер төктім. Бала тәрбиелеуде өз пікірім, өзімдік көзқарасым қалыптасты.
Бала тәрбиесінің үдерісінен шығу және көзқарастарымды толығымен жүзеге асыру үшін тек тәрбиеші немесе әдіскер болып қалу аздық ететіндей көрінді.

«Баланы жан – тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» Сол балаға деген сүйіспеншілік мәні осы мамандыққа әкелді. «Армансыз адам – қанатсыз құс» арманымды, балабақшада жинаған теориялық – практикалық қырларымды көре отырып, балабақша меңгерушісі Алима Ходжаметова Жақсылықбай қызы балабақшаға әдіскер қызметіне тағайындады. Қазіргі таңда 4 топпен оқу –тәрбие жұмыстары  жүргізіледі. Балабақшада  жас  ерекшелігіне сай,  яғни ІІ – кіші тобында 3 жастан 4 жасқа дейінгі сәбилер екі  топ, ортаңғы тобында 4 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер  бір топ, ересектер тобында 5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар бір топ бүлдіршіндері тәрбиеленуде.


Балабақшада  оқу-тәрбие  жұмысын  жүйелі, өз деңгейінде жүргізу  үшін,  арнайы  мектепке дейінгі білім беру мамандары және жеке пән мамандары  қызмет етеді. Топ  тәрбиешілерімен  қатар,  бейнелеу өнер  маманы,   ән-саз жетекшісі, ағылшын тілі маманы,  мейірбике,  бір  әдіскер  қызмет  етеді.

Жас ерекшеліктеріне сай «Алғашқы қадам»,«Зерек бала» жас ерекшеліктерін ескеріп , оқу тәрбие жұмысын балалар тәрбиесінде қолданып  келеміз. Осы бағдарламамен жұмыс барысында жақсы көрсеткіштерге жеттік. Балалар тәрбиесіне үшін бұл бағдарламалардың пайдасы зор.


Балабақшамыз алға  қойған  мақсаттар  мен міндеттерді  негізге  ала  отырып,  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен оқу-іс әрекетімен  қатар,  ойната  отырып, саналы, салауатты  және балалардың  адамгершілік- патриоттық сезімін қалыптастыру  жүзеге  асырылуда.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!