Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бақытсыз Жамал" романының көркемдік ерекшелгі, кейіпкерлер бейнесі 8-сынып ашық сабақ, қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бақытсыз Жамал" романының көркемдік ерекшелгі, кейіпкерлер бейнесі 8-сынып ашық сабақ, қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің тегі, аты: Ж.Ахметова

Күні: 23.01.2025 Сынып: 8 А Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов “Бақытсыз Жамал” романындағы кейіпкерлер бейнесі, романның көркемдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақтың мақсаты



Құндылықтарды дарыту

Романдағы көркемдік тілді талдау арқылы автордың идеясын түсінеді; Кейіпкерлердің бейнесін талдау, олардың әрекеттері мен мінез-құлқына баға береді. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды.

Шығармада қазақтың әдет-ғұрыптарын таныстыра отырып, қазіргі таңда әйел теңсіздігі жоқ екенін, еркін қоғамда өмір сүріп отырғандықтан оның қадір-қасиетін біліп, әділетсіздікке ешқашан жол бермеуге, заң тәртібін сақтап жүруге тәрбиелеу.

уақыты

Педагогтің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Бағалау

Рес


Басы

2-3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу

Рандом арқылы 3 топқа бөледі. Бүгінгі сабақта оқушылардың қалай бағаланатынымен таныстырып өту.

Құндылықтарды дарыту: Қазақ халқының ұлттық мәдениетінде «Шаңырақтың» мәні зор. Ол – ошақтың, ұрпақтың нышаны, сондықтан Елтаңбамызда шаңырақтың бейнеленуі кездейсоқ емес. Шаңырақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әулет мұрасы, әке үйі «Қара шаңырақты» ұлдары киелі мекен ретінде қастерлеген. Ендеше, мектеп те біздің екінші шаңырағымыз, бәріміз бір шаңырақтың астында отырғандықтан, ауызбіршілігіміз артып, әрдайым тәртіпті, тәрбиелі болып жүрейік, себебі “Тәртіп- тәрбие бастауы”. Міне, сондықтан да мен бүгін бағалау формасын шаңырақ үлгісінде алдым, ал уықтарын сіздерге таратып беремін, сіздер бүгінгі сабаққа жақсы қатысу арқылы сабақ соңында шаңыраққа уықты біріктіресіздер.

Оқушыларға шаңыраққа жалғанар уықтары тарқатылады.

Қызығушылықты ояту.

«Бақытсыз Жамал» романының авторы М.Дулатов қандай газетті шығаруға атсалысып еді? (-«Қазақ» газеті) -«Болмасаң да ұқсап бақ» дегендей авторға ұқсап сіздер де газет-журнал шығарып көргілеріңіз келе ме?

-Ендеше, біздер де бүгін М. Дулатов атамызға ұқсап, журнал құрастырып көрейік. «Мектеп тынысы» атты көркем журналының бүгінгі номерін М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының көркемдік әлеміне арнайық. Журналымыз мынадай айдарлардан тұрады:

1.«Сіз білесіз бе?» Үй тапсырмасы.

2. «Әдеби зерттеу» Жаңа сабақ тапсырмасы

3.«Авторға хат» Бекіту тапсырмасы

4. «Пайдалы кеңес» Үй тапсырмасы.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. “Мentimeter” цифрлы платформасы арқылы сұраймын.

Сіз білесіз бе?” айдары

  1. Автор романда кейіпкерлер мінезін, қарым-қатынасын жеткізу үшін қандай мақал-мәтелдерді қолданды?

  2. Романда көрініс тапқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар?

  3. Жамалдың жатқа білген қиссалары

  4. Романда шілдехана тойына жиналған жастардың ойыны

5.Жамал туралы пікірлеріңді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер.

6.Ғали туралы пікірлеріңді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер.

Сәлемдеседі, кезекші мәлімет береді. Топқа бөлінеді. 1-топ: Зерек, 2-топ: Батыл, 3-топ: Адал.

Бағалау үлгісімен танысады.

Берілген уықтарға өз есімдерін жазып қояды.

Сабаққа қатысымына қарай ұстаз белгілеуі бойынша уықтағы шкалаларды жоғарыға қарай жылжытып отырады. (1-10 балл арасы)






Сұрақтарға жауап беріп отырады.







Үй тапсырмасына ауызша және смартфон арқылы жазбаша да жауап беріп отырады.



Шаңырақ уықтары арқылы бағалау.







Дескриптор:

Романда кездесетін мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, ойын-сауық, қисса -дастандардың атауын тауып айтуы қажет. Дұрыс орындалған үй тапсырмасына 1ұпай

























Power Point презента-циясы






Жаңа сабақ


Ой шақыру. Қаламгердің қызы Г. Дулатованың «Ардақтап өтем әкемді» атты естелігінде (Жұлдыз, 1990, 6 сан) былай дейді: «...Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес тылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз-келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыратын. Үлкендер жағы кешкі отырыстарда «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын-тойларда кітаптағы өлең жырларды әнге қосып айтатын» делінеді.

-Ендеше, балалар, романның кең таралып, халықтың көңілінен шығуы ненің арқасында деп ойлайсыздар?

- Романның көркем тілде жазылуы да бірден-бір себепкер ендеше біз бүгінгі сабағымызда автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін, автордың қолданған көркемдеуіш құралдарын табатын боламыз.

Ой қозғау сұрағына жауап береді.

Ықтимал жауап:

-Заман шындығын жазғандықтан;

-Қарапайым қазақ әйелдері романнан өз тағдырларын көргендіктен;

-Жазушының көркем тіл шеберлігі.

Комментарий арқылы бағалау


Power Point презента-циясы

Жаңа тақырып тапсырмалары


«Әдеби зерттеу» 1-тапсырма: кейіпкерлер әлеміне саяхат.

1-топ: Шығармадан тура және жанама мінездеуді тауып кестені толтырыңыз.

Кейіпкер

Шығармадан дәлел келтіру.





ЖИ көмегімен Жамал кейпінде Жамалдың күнделігіне жазған өлеңін сөйлету арқылы шығарма кейіпкерлерінің мінезін ашу.

2-топ: Концептуалды кесте толтыру

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

Шолпан




Сәрсенбай




Байжан




Жамал




3-топ: Оқушылар екі шығарманы салыстыру арқылы кейіпкерлеріне баға береді.


«Бақытсыз Жамал» романы

Еңлік-Кебек” поэмасы

Басты кейіпкерлер



Тарихилығы



Айырмашылығы



Үндестігі




Жазушының романынның кең таралып, халыққа ұнамды шығарма болуына оның көркемдік тілі де әсер етті деген болатынбыз, ендеше бүгінгі шығаратын журналымыздың мақсаты бойынша жазушының жазу стилін анықтап, көркемдегіш құралдарды табамыз. Алдымен, параллелизм, перифраз, сатира, ирония, инверсия дегеніміздің не екенін еске түсіріп алайық.

  1. тапсырма:Жалпы сыныппен жұмыс: “LearningApps” платформасы арқылы романда кездесетін көркемдеуіш құралдарды мысалымен сәйкестендіреді.

  2. тапсырма: Жұппен жұмыс. Шығармада бір-бірін ұнатқан екі жас білімділігінің арқасында бір-бірімен хат алмасу арқылы сырласады, бүгін біз де көгершіннен келген хат арқылы білімімізді тексерейік.

  1. топ: Кейіпкердердің мінезіне қарай кесте толтырады.

  2. топ: Кейіпкерлерге сыни тұрғыда баға беріп, концептуалдық кесте толтырады.

Оқушылар ЖИ тыңдау барысында кейіпкер психологиясы мен мінезін аңғарады.

  1. топ:Екі түрлі шығарманы салыстыра отырып басты кейіпкелерге баға береді.

















Әдебиет теориясынан алған білімдерін еске түсіреді.

Өздеріне телефон арқылы жіберілген сілтемеге өтіп тапсырма орындайды.

Оқушылар көгершін әкелген хатты алып, онда шығармада берілген үзіндіден жұбымен бірлесіп көркемдеуіш құралдарды табады.

Бағалау уықтары, ұпай қою

Комментарий арқылы бағалау

























Дескриптор: -Шығармадағы перифраз, психологиялық параллелизм, иронияны табады -Үзінділердегі көркемдегіш құралдардың қолданыс ерекшелігін анықтай отырып, автор тілінің стиліне талдау жасайды.

-шығармада берілген үзіндіден жұбымен бірлесіп көркемдеуіш құралдарды табады. Комментарий арқылы бағалау


Бақытсыз Жамал” романы, үзінділер























https://learningapps.org/display?v=pz6w59jea25

Жаңа сабақты бекіту

Келесі айдарымыз: «Авторға хат» деп аталады.

Романда жазушының оқырманға тікелей назар аударатын тұстары бар. Мысалы: «Оқушылар! Хикаямыздағы оқиғалар жоғарыда айтылмыш Сәрсенбайдың кім екендігін жазамын» деп келетін тұстары бар. Демек, бұл жазушының ерекшелігі. Сол секілді «Сөз басы» деп аталатын шығарма басында «Мир-Якуб-төмендердің аласасы Сөзімнің бар ма, жоқ па тамашасы?» деген сауалдан бастайды. Ендеше жазушының осы сауалына жауап жазып көрейік? Оқушыларға екі тақырып ұсынылады:

  1. Авторға хат

  2. Мен автор болсам романды қалай аяқтар едім?


Автордың шығармада оқырманға арнап сұрақ қойған тұстарын ескере отырып, авторға хат жазады. Не болмаса өздерін автор орнына қойып, романды аяқтаудың өз нұсқасымен қысқаша таныстырып жазады.



Оқушылар сабақта алған ұпайларын белгілеп, бағалау уықтарды шаңыраққа апарып біріктіреді.

Дескриптор: -Қаламгердің жазу мәнері, стилі туралы көзқарасын жазады -Автордың сұрағына орай жауап береді.


Бағалау уықтары



Үй тапсырмасы беру



Пайдалы кеңес: Балалар, сіздер «Бақытсыз Жамал» атты қазақтың тұңғыш романы бар екенін білдіңіздер. Ал осы тақырыптың антонимі «Бақытты Жамал» деген туындылар бар екенін білдіңіздер ме? Біліп жүріңіздер үш бәйтеректің бірі І.Жансүгіровтің «Бақытты Жамал» атты әңгімесі бар, сондай-ақ Бейбіт Сарыбайдың «Бақытты Жамал» атты шағын хикаяты бар. Аталған хикаят Республикалық «Алтын тобылғы» байқауынан 135 шығарма ішінен бірінші орынды алған. Ендеше үй тапсырмасы осы екі туындының бірін оқып келуді тапсырамын. Шығарма сілтемесін оқушы чаттарына жіберемін.

Тапсырманы жазып алады.

Шығарманы оқу.


Кері байланыс

Кері байланыс: Оқушыларға сабақты меңгеруі, сабақтағы белсенділігі, сабақтағы көңіл күйі, достарына көмек беруі бойынша тақтадағы нысана шкалаларын арнайы смайлдар арқылы белгілейді.

Дескриптор: Оқушылар өздерінің сабақтағы әрекетіне кері байланыс береді.


Тексерілді: ДОІЖО

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12