Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты іздеу үшін емес, бақытты болу үшін өмір сүр

Материал туралы қысқаша түсінік
материал адамның бақытты болуы үшін арналған, бақытты болуға деген қадамдары туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақытты іздеу үшін емес, бақытты болу үшін өмір сүр!

Бақыт деген не? Ол қандай болады? Бақытқа бөленудің белгілі жоспары бар ма? Адам өзің бақытты сезіну үшін не істеу керек? Иә, біз бақыттың белгілі жоспарын тапсақ өмірдің соңына дейін бақытты болып өтеміз деп ойлаймыз. Осы дүниедегі әрбәр адам өмірден ләззат алуды, армандарының орындалғаның, қайғысыз, берекеде өмір сүруді қалайды. Дегенмен бақытты болу әркімнің басына жазылмаған деп өздеріне өздері шектеу қоятындар да бар. Ондай адамдар үшін бақыт деген қаражатта, белгілі бір нәрсеге мұқтаждықта, жалпы алғанда материалды тұрғыда болуы мүмкін. Иә, шынымен, барлығымыз дерлік бай отбасында дүниеге келмейміз. Сонда да, қаражатсыз адамдарға бақыт бұйырмайды деген қағида жоқ қой. Тіптен алғанда ондайлардын көбі байларға қарағанда бақытты ғұмыр кешіп жатады. Себебі ондай адамдар рухани жағынан бай болып келеді. Кез-келген нәрседен бақыт таба алатын адамдар. Ол қалай дейсіздер ғой. Негізінен біздің айналамыз бақытқа толған. Тіптен бақыттан құралған десем артық етпес. Тек оны дұрыс сезіне білу керек. Біз өзіміз бақыт деген сөзді күрделендіріп жібердік. Яғни, бақытты бір жерде бар деп іздеп жүреміз. Бұл шеңберді айналып жүрумен бірдей. Бізге сол шеңберден шығып, алдыға жүретін жолға түсу керек. Ал ол шеңберден шығу үшін өзіңізбен жұмыс жасауыныз қажет. Ол қалай дейсіздер ғой. Ең алдымен арман-мақсаттарыныздың іске асуына, қуану мен дәл осы сәттен ләззат алуды үйрену керек. Арман деген орындалмас нәрсе ғой деп айтуыныз мүмкін. Иә, келісем. Төсекте жатып алып, армандасаныз әрине орындалмайды. Ол үшін де біршама әрекет керек. Бақыттын назарын аудары деген процесс бар. Ол еңбектен тұрады . Сіздің жеткен кез-келген жетістігініз жұмыстан құралған. Яғни жетістікке жету үшін тер төгесіз. Ал сол әрекет бақытқа алып келеді. Өз басым жетістікке жетіп қайғырған адамды көргенім жоқ. Жетістікке жетпей бақытты болуға болады ма дерсіз. Осы тұрғыда сіздің әдеттерініз жеңіп кетуі мүмкін. Яғни кейбір әдетіміз жетістікке жетуге көмектессе, кейбірі шектеу қояды. Сол үшінде бөгет болатын әдеттерден арылған жөн. Ол жалқаулық болуы мүмкін, алдыға деген ұмтылыстын жоқтығы, жалпы сізді деградацияға ұшырататын әдеттер. Адам 24 сағат бойы өзің бақытты сезіне алмайды. Себебі бізде одан басқа да сезім мүшелері бар. Қайғыру, қобалжу, өкіну, көңіл-күйдің түсуі деген секілді. Сол үшін бақытты кез-келген қол жетімді әрекетпен шақырыныз. Басты назарды көңіл-күйдін жақсы болуына жұмсаныз. Ойынызда жақсы амал-ниетке толтырыныз. Себебі бақыт түңілу, мұңаю деген нәрсені жеккөреді. Қуануды үйренініз. Қазіргі таңда біз Бір жайт орын алса, бірден жаман жағын іздеуге әуес болып қалғанбыз. Осыдан арылу керек. Әрбір жасап жатқан әрекетініздің жағымды жағын ізденіз. Себебі бақытты болу, ол біздің ойымызға байланысты. Тіпті бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. Артық ойлар бақытты болуға кедергі келтіреді. Керек емес ойлардан арылу үшін өзіңіз қалайтын іске уақыт бөлініз. Ол спорт, иога болуы мүмкін, ән айту, билеу, сурет салу деген секілді.

Келесі бір принцип «Дәл осы сәтте» принципі. Бұл өткенді ойламай, болашақты болжамай өмір сүру. Бар назар дәл қазіргі сәтте болу тиіс. Өткен күн өтті, ал болашақта бәрі де мүмкін. Өткенді ойлау, кей жағымсыз ойларға алып келеді, ал болашақты болжау қорқыныш пен сенімсіздікке сеп болуы мүмкін. Жәй ғана қәзіргі сәттен ләззат алып, назардын барлығын қәзіргі жұмысынызға жұмсаныз.

Қорытындылай келе, жалпы бақытты болудын белгілі жоспары, әрекеті жоқ. Біз адам баласы болғандықтан әрдайым бақытты жүрмейміз. Дегенмен бақытты сәттін көп болуына әрекет ете аламыз. Ол ең алдымен ойымызды өзгерту. Ойдын жақсы болуы – бақытты болудын басты қадамы. Екіншіден, қуана білініз. Кез-келген әрекеттің жағымды жағын ізденіз. «Бақыттын назарын аудару» мен «Дәл қазіргі сәтте» приципін сақтаныз. Осының жолында көп еңбектену керек, тер төгу керек, жұмыс жасау керек. Жалпы өзіңізден осындай адамды құрастырыныз. Сол үшін де бақытты іздеу үшін емес, бақытты болу үшін өмір сүрініз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.07.2021
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12