Материалдар / БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚАҒИДАСЫ...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚАҒИДАСЫ...

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өзім ақын, жазушымын. Бұл мақала өзімнің авторлық туындым. Бүгінгі қоғам туралы кеңінен жазылған. Кез келген адамға ой салады. Адам бойындағы құндылықтар туралы сөз болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2020
889
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚАҒИДАСЫ немесе
САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАНАҒАТШЫЛДЫҚ БАСТЫ ҚАСИЕТ
(Бүгінгі қоғамға қарап түйген ойым)
Бұл дүние күллі адамзат баласын сынақтан өткізетін
емтихан майданы. О бастан сол майданда сынақтан
өтудің екі жолы бар. Бірі, әділетке тік қарап, тура жолмен
жорғалау, тек халалына дос болып, Алланың ақ
жолынан айнымай адал өмір сүру. Екіншісі, бес күндік
мына жалғанның алдамшы қызығымен өткінші ләззаты
жолында ар-намыс пен адами құндылықтарды құрбан
етіп, әділетке міз бақпау, харам жолмен нан тауып,
қаскүнемдік, алдау-арбаумен өмір сүру. Әрбір адамның
әуелден маңдайға жазған тағдыры бар, оны өзгертпек
жоқ. Сынақты берген ұлы Алла пендесіне ерік те қоса
берген екен. Демек сынақты Алладан деп білсек, сол
сынақтан өтуде жоғарыдағы аталған бірінші немесе
екінші жолды ұстану пендесінің еркіне берілген. Олай
болса, хакім Абай айтқандай, жақсылық-жамандықты
жаратқан Құдай, бірақ қылдырған Құдай емес, ауруды
жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес,
байлықты-кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылған,
кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұғу керек.
Кедей бай болсам, бай Құдай болсам,-дейді. Осы бір
астарлы ой Адам атаның бүгінгі ұрпағының
ұлағаттығының анық өлшем беріп тұрғандай. Тек
пенденің тәкаппарлығымен тойымсыздығы ғана оны
осындай қадамға жетелемек. Ал, бұл қиыннан қиысқан
қилы жолды басып өтуде бүгінгі күннің таптырмас
құралы, өкінішке орай, – байлық пен мансап болып тұр.


Page 2

Байлық пен мансап өз жолында адам баласын өзара
қастастырып та жатыр, достастырып та жатыр.
Біреулер байлық таласып немесе көре алмаушылықпен
күндеушілікке бой алдырып жатса, мансапқұмарлар
бақталасып бірін-бірі аяқтан шалып бағуда. Өмірдің
кереметі, осы байлық пен мансап атаулы кейде
адамдарды өзара жақындатып, дұшпанды дос, жат
кісіні туыс ететіні де бар. Оған күнделікті өмірде сіз де,
біз де куәміз. Дәулетті кісінің байлығына дос болып,
жан-дүниесіне емес көбірек мал-дүниесіне үңіліп
әлекпіз. Осыған ісім түседі-ау деп мансапты кісінің
көңілін тауып, қоғамдағы орнының көтерілуіне себі тисін
деген ойда жылпылдап-жағымсырап жүрген
жағымпаз-қулар қаншама. Шындап келгенде, өзіне емес
өтімді сөзіне, адамгершілік-ынсабына емес беделі мен
мансабына жолдас.
Дәулетті де мансапты кісінің қолы ұзын болатынын
және де көп жерде өз билігін жүргізе алатынын,
өкінішке орай, жоққа шығара алмаймыз. Дәл мына
бүгінгі таңда ақша мен биліктің күшімен көп нәрсеге қол
жеткізуге болады, сол жолда әділдіктің бұзылып
жатқанына да куә болып жатамыз. Алайда бір ақиқат
бар, бұл «күш» тек жалғанда ғана билігін жүргізіп, тек
пәниде ғана өкімін өткізе алмақ. Әттең, о дүниеде де
жауап беретін кезімізде титтей де болсын өз септігін
тигізе алса ғой, бірақ олай болмайтынын барлығымыз
бес саусағымыздай беске білеміз.
Есеп күні ақшаға сауап сатып алып, я болмаса
мал-дүниемізді айырбастау арқылы істеген
күнәларымызды жоя аламыз ба?! Мына өмірдегі


Page 3

қолайлы орыннан таңдап жүріп жер телімдерін сатып
алғанымыздай бақилық өмірде де жұмақтың төрінен
таңдап жүріп орын иелене аламыз ба?! Әсте олай емес.
Өмір бойы жинап-тергенімізді бақилыққа аттанарда
бір-ақ сәтте артқа тастап кете бармақпыз. «Аузы қисық
болса да, бай баласы сөйлесіннің» Қиямет күні өкімі
жүрмек емес. Ол Күнде дүниені билеген билер де, көк
тиынға жарымаған жалшылар да бір деңгейде болмақ.
Осылар туралы көбірек ойлану – бізге Жаратқанның
алдында мал-дүние жинағанымызбен емес
жүрегіміздегі иманымызбен дараланатынымызды,
сыртқы көрінісіміздің мінсіз бағалылығымен емес ішкі
жан-дүниеміздің тазалығымен биік тұратынымызды
түсіндіріп, бұл дүниенің жалғандығымен шын дүниенің
шынайылығын тереңірек ұғынуға бастайды.
Пенде атаулыны жүдетіп, бақытсыз бейшараның күйін
кештіретін осал тұсы – нәпсіқұмарлығы болмақ, яғни өз
нәпсісін тия білмеуі. Иә, қу нәпсінің құйтырқы
қалауымен іс тұтып, әрекет жасау барлық жамандыққа
жол ашып, адам баласының басына қасірет орнатпақ.
Бұл бақытсыздық емей немене?! Осы бақытсыздықты
болдырмау тиянақты түрдегі нәпсі тәрбиесін талап
етеді, ал нәпсіні тәрбиелеу нағыз қаймықпас тәлімгердің
тынымсыз еңбегін қажет етпек.
Кейде, біз, адамдар өзімізге ненің керек, ненің керек
еместігін айыра білмейтін сияқтымыз. Жоқ болса
жылап-сықтауды білеміз де, бар болса шүкіршілік етіп,
қанағат қылуды біле бермейтін сияқтымыз.
Қайғысымен қуанышы қатар жүретін мына өмірде
біреулер күліп, ал біреулер жылап жүр, тағы біреуі


Page 4

бақытты, екінші біреу бақытсыз, біреу бай, біреу кедей...
Әр адамның басында әр алуан машақат. Осы арада
өмірдегі бір заңды нәрсені ескеру керек сияқты, ол –
қай-қайсы заманда да қоғамның бай мен кедей, билік
өкілдері мен қарапайым халық сияқты
қарама-қайшылықтардан тұруы. Қоғамның дамуының
негізі де осылар болмақ, оған дау жоқ. Тек кедейдің
кедеймін деп жасуы мен байдың дүниені тіреп
тұрғандай тасуы барып тұрған надандық болар еді. Бұл
өмірге Адам деген атпен ендің бе, ендеше сенің де бұл
өмірден аларың мен аз ба, көп пе, берерің де бар. Сол
туралы көбірек алаңдаса , соны данышпан дер едім.
Бұрынғы өткен ғұламалар адамдардың арасындағы ең
бақыттылары деп мыналарды айтқан екен:
- Жаны білімге құмар адамдар;
- Әрқашан сабыр ете білетін адамдар;
- Қолда барға қанағат ете білетін адамдар;
Осылайша данышпан ата-бабаларымыз осыларды
ізгілік әлеміне бастайтын бақытты өмір сүрудің
қағидасына балаған екен. Ендеше мына өмір атты
майданда адамзат нәпсі атты дұшпанымен талмай
айқаса білуі үшін және де өзін әрқашан жеңіс тұғырынан
көруі үшін бойына сабыр және қанағат атты екі құнды
қасиетті сіңіріп, қандайда бір қиындыққа тап болса,
соларды қарсы құрал ретінде пайдалана білуі керек.
Сабырлылық пен қанағатшылдық. Осы екі құнды
қасиет әр адамның бойынан табылар болса, пенде
атаулы тойымсыздық пен төзімсіздіктің қалың
шырмауынан азат болмағы хақ.
Сабырлылық , бұл – адамзат баласын өмірдегі


Page 5

жақсылық пен жамандықты бір Алланың сынағы біліп,
өз тағдырына мойынсұна отырып, қандай сәтте де
төзімділік таныта білуге бастайтын тамаша қасиет.
Қанағатшылдық та Алладан үміті бар әр мұсылманның
бойынан табылуы керек болған асыл қасиеттерден
болмақ. Қу нәпсінің назына құлақ түріп, оның жетегіне
ерген тойымсыз адамзаттың көзіне бұл әлемнің бар
байлығын жинап беру де аздық етпек. Ала берсем деген
пенденің сұм нәпсісіне тоқтау қою – тұла бойынан
қанағатшылдық дейтін асыл қасиеттің ұшқыны
табылуына байланысты болмақ. Қанағат ете отырып
қана азды көптей сезініп, соның ләззатына бөлену
мүмкін. Бойдағы осы қасиет қана дүниеқор, тойымсыз
адамның көзіне түйірдейді таудай етіп, соған шүкіршілік
жасап, жан-тәнімен қуана білуге үндейді. Сол үшін де,
төбені бұлт торлап, басқа қиын күн туса, жамандыққа
бой бермей, сабырлылық таныту, қандай жағдай
болмасын қолда барға қанағат ете білу –
имандылықтың айқын белгісі болмақ.
МЕН, МЕН ДЕМЕ...
Мен, мен деме, мен деме,
Дүниеде ұлы сен бе не?!
Бұл күнде Жаратқан Иесін
Ұмытып барады-ау пенде де.
Бәрі де артта қалар-ау,
Малыңа тіпті сенбе де.
Фәниде серігің болар-ау,


Page 6

Бақиға қалар сенде не?
Жаманнан жемқор жерігін,
Жинама дүние сенделе.
Қабірде иман – серігің,
Тасисың сонша сен неге?
Аллаға жүргін сүйене,
Жан берген – Өзі кеудеңе.
Жан берген жалғыз Иеңе,
Ғибадат етпеу жөн бе, не?
Ішің бір қалды,
Сыртыңды
Сәндедің әбден рең бере.
Оданда мінез-құлқыңды
Білсеңіз екен меңгере.
Адам боп тудың, білерім,
Дүние – сынақ пендеге. 
Адам боп қалшы, тілерім,
Жан берер соңғы демде де.
                                     Санжар Ғұлама


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!