ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫТЫҚ
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МЕКТЕП
ИНТЕРНАТЫ
Тақырыбы:
Бақытыңды балаңнан
ізде
Орындаған: Сулейманов
Б
2017-жыл
Тақырыбы: Бақытыңды балаңнан
ізде
Сабақтың мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы
сенімді сыйластықты, бір- біріне деген сезімді нығайту, бала
тәрбиесінің
алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз
отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы
ата-ана
екенін түсіндіру, ата- ана мен баланың
арасындағы
қарым- қатынастың ерекшеліктерін
психологиялық
жаттығулар арқылы көрсету және бала мен
ата-ана
арасында жылылық
орнату.
Сабақтың әдіс-
тәсілдері: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау,
іздендіру,
ой тастау,
сурет салу.
Сабақтың
көрнекілігі: интербелсенді тақта, мальберттер, ақ және
қара
жәшіктер,
маркерлер, кеспе қағаздар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен
сәлемдесу, оларды түгелдеу;
2.Оқушылардың
назарын сабаққа аудару.
Тәрбие
сағатының жүргізілу барысы:
Құрметті
ата-аналар, қадірменді ұстаздар! «Отан отбасынан басталады»
демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп,
оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге
ата-аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары
сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай
тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай
бақытты етпек? Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан
ізде» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Біздің бүгінгі сабағымыз ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге
арналған іс-шаралармен тұспа-тұс келіп отырғандықтан, сіздерді осы
айтулы мерекелік күнмен шын жүректен
құттықтаймын!
«Отбасында адам
бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген
ыстық сезім жақындарына, туған- туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтпақшы,
еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы
отбасындағы тәрбиеге байланысты. Олай болса, назарымызды
интербелсенді тақтаға аударып, бала тәрбиесіне байланысты «Асыл
арна» телеарнасының дайындаған бейнеролигін
тамашалайық.
Бала
тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі
даналығына құлақ ассақ, «Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде»-
деген даналық сөз бар.Кез келген адам өзі жете алмайтын бақыт деген
құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән
бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші
біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның
бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты
– тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Олай болса, адам өмірінің мәні-
өз ұрпағы. Сондықтан, ата-аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар
қойғым келіп отыр:
1.Бала үшін
ата-ананың қайсысының беделі күшті деп
ұғасыз?
2. Бала
тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің
жауапкершілігі басым ба?
3. Баланың
атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына
қалай қарайсыздар?
4.Баланы еркін
тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс
па?
5. «Баланың
өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің
ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз
қалай?
«Жанұя- жақсылық ұясы» тақырыбында
оқушылардың дайындаған әдеби
монтажы
Нұрдана:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбатым,
Тәтті ұйқыңды
бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін
берді ақ сүтің
Кең құшағың
саясындай гүл- бақтың.
Мен өзіңмен
қайда болсын біргемін,
Махаббатың
жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай
жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы
ортамызда жүргенің.
Жомарт: Ұшырдың
баптап ұядан,
Кетпейсің
ойдан, қиялдан.
Арманға биік
қол созсам,
Тұрасың демеп
жиі алдан.
Адалдық әркез
көксеген,
Үйрендім әке
тек сенен.
Ардақтап өтем
мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз
жетсе дем.
Жансая: Әке мен
шеше, ата мен әже, аға мен әпке- біз жақсы көретін
ең
жақын
адамдар.
Алина: «Ата-
бәйтерек, бала- жапырақ».
Әлия: «Әкеден-
ақыл, анадан- мейір».
Жұлдыз: «Ағасы
бардың- жағасы бар, інісі бардың-тынысы бар» дейді
халық.
Гауһар: Осындай
ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-
бақыттымыз!
«Үлгілі отбасы» моделін
жасау
Балалар идеалды
отбасын қалай елестетеді? Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?
Балаларды дұрыс тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері
қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл
тақырыптарды талқылау үшін сурет түрінде бейнелеу керек. (2 ата-ана
ортаға шығып, мальбертке идеалды отбасын бейнелеу
керек)
«Сіз балаңызды
білесіз бе?» ойыны
Ата-аналар мен
балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі.Сұрақтар қойылады.
Сұрақққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал ата-аналары баласы
туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары
салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, ата-анасы
баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады. Сұрақтар
тізімі:
1. Балаңыздың
ең жақын досы...
2. Сүйікті
пәні...
3. Сүйіп
тыңдайтын әні...
4. Сүйікті
тағамы...
5. Жақсы
көретін түсі...
6. Көзінің
түсі...
7. Аяқ киімінің
өлшемі...
8. Шаршағанда
не ашуланғанда демалатын орны...
9. Жақсы
көретін мұғалімі...
«Егер мен
баламнан бақытымды көргім келсе...»
ойыны
Ортаға ақ және
қара жәшік қойылады.Ата-аналардың қолына ата-анаға қатысты жақсы,
жаман қасиеттер жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Ата-ана осы
қасеттерді іріктеп,жақсы қасиеттерді «егер мен баламнан бақытымды
көргім келсе» деп ақ жәшікке, жаман қасиеттерді қара жәшікке
салады.
«Қолынан танып
біл» ойыны
Шарты: көздері
байлаулы ата-ана баласын тауып алуы
керек.
Талдау:
1. Сізге
балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың
қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
«Міндеттемелер
таразысы»
Ортаға бір
ата-анамен бір оқушыны шақырамыз. Міндеттемелер таразысының бір
жағында «Менің балаға қатысты міндеттерім», екінші жағына «Менің
ата-анаға қатысты міндеттерім » деген парақшалар ілулі тұрады.
Ойынға қатысушы ата-ана мен оқушы өздерінің міндеттерін тақтаға
жазып шығады.
Қызықты
тапсырма. «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана» сөздері беріледі.Осы
сөздерді қолдана отырып, өлең шумағын
құрастырамыз.
Бас иеді барлық
адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол
тілейді –БАЛАҒА.
Мақсатына
жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын
теңейді ол-ДАНАҒА.
Қорытынды.Қатты
тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен
қуантады түбінде.
Бала нені білсе
жастан, ұядан-
Өле-өлгенше
соны таныр қиядан
Өнер- білім
берем десең басынан,
Бер оқуға
балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп
ұрпақ тараған
Жақсы-жаман
болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата-ананың
бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал, балалардың
өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар
сіздерге байланысты. Бүгінгі тәрбиелік шарамызды қорытындылау үшін
сөз Аудандық оқушылар үйінің басшысы Наурызбаева Нұршат
Бегежанқызына беріледі. Қонақтарға естелік сыйлықтар
тапсырылады.
Әрбір отбасына
күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш,береке,
бақыт тілей отырып, «Бақытыңды балаңнан ізде» атты тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.