Алматы облысы, Талдықорған қалалық Білім
бөлімі, «Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта
мектеп-гимназиясы»
КММ-нің Тарих және қоғамдық пәндер
мұғалімі, Калдыбаева Алмагүл

Бар білім, ғылым -
кітапта
Адам кітап оқуын тоқтатса,
ойлауы да тоқтайды деген екен француз
философы
Д.Дидро.
Кез-келген оқыту белгілі
мөлшерде адамды дамытады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім
мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.
Себебі, қазіргі ақпараттық-технология заманда балалар ұялы
телефонға үңіліп, уақыттарының көбін интернет желісінде өткізуде.
Адамзат ұялы телефонды тиімді әрі белгілі-бір мөлшерде пайдаланса
жөн-ақ. Ал, балаларымыз керісінше зиянды, кері әсерлі сайттарға да
кіреді. Келер ұрпағымыздың қолында ұялы телефон емес, кітап болса
деген үміттеміз. Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына
ордасы – кітапхана. Мектеп кітапханасы – кітап оқу арқылы
оқушылардың жан - жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта
тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени
дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден - бір әлеуметтік орын.
Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып
отырады, білімдерін толықтырады. Біздің жауапкершілікті міндетіміз:
кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру
арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жан - жақты
дамыған баланы тәрбиелеуге жәрдемдесу. Оқушының ойлау қабілетін
қалай дамытуға болады? Оқушылардың білімге қызығушылығын оятуға не
әсер етеді? Осы сұрақтарға тек педагогтар ғана емес, сонымен қатар
кітапханашылар да ойлануда. Балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде
кітапхананың ерекше маңызды болатын себебі: бала кезде оқыған кітап
көңілге ұялап қалады, бүкіл өмір бойына өзінің ізін қалдырады.
Сондықтан ең үздік кітаптан бастап оқу керек. Яғни, балаларды кітап
оқуға баулуда ең үздік, қызықты, патриоттық ұлттық тәлім-тәрбие
беретін кітаптан бастау керек. Адам кітап оқуын тоқтатса, ойлауы да
тоқтайды деген екен француз философы Д.Дидро. Ал, қазақ халқы үшін
ең үздік кітаптар –Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр, Ахмет Б.,
І.Есенберлин, Б.Момышұлы, М.Мағауин т.б. яғни, өзіміздің ұлттық
құндылықтарымызды оқу. Себебі, бүкіл қазақ халқына, жас ұрпаққа
қажетті білім-тәрбие, өмірлік қағидаттар қазақи санада, ұлттық
нақышта жазылған. Ұлттық рухани білімді қалыптастыруда әдеби,
көркем шығармалар оқу – балалардың еркін ойлауы, қиялының дамуына,
шығармашылық, актерлық қабілеттерінің дамуында ерекше орын алады.
Оқушылардың әдеби қабілетін дамыту, оқу белсенділігін қалыптастыру,
кітап әлемін шарлай білу, оқуға арналған кітаптарды таңдау
қажеттілігі мен қабілетін айқындау біздің басты мақсатымыз. Себебі,
бар білім-ғылым кітапта. Біз мектепте оқыған кезең 90-жылдары еді.
Уақытымыздың көбі кітап оқуға, бір-бірімізге айтып талдауға,
қызықтауға кететін. Есесіне, біздің тіл байлығымыз мол, шығарма,
эссе жазуда қиналмайтынбыз және де жалпы жазуда қатесіз жазуға
тырысатын едік. Себебі кітап оқымайтын бала мен кітап көп оқитын
баланың сөйлеу сөз қорында айырмашылық
көп.