Бар мейіріміміз балаларға!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бар мейіріміміз балаларға!

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой - өрісін кеңейту, өнерді сүюге тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,

Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы

168 орта мекетбінің жанындағы

«Ақниет» шағын орталығының тәрбиешісі

Карарова Жулдызай Балтакожаевна


«Бар мейіріміміз балаларға!»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,
сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой - өрісін кеңейту, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:Бақшаға біз гүл ексек,  
Балдырғаным, сен үшін,  
Бақытыңды жыр етсек,  
Балдырғаным, сен үшін  
Жігіт болар,күні ертең  
Балдырғаным, гүл еркем  
Бақытты бол,өсе бер,  
Құтты болсын мерекең!  
Арманы бір, үні бір  
Аға ардақты, іні гүл  
Бақыт туын көтерген  
Балалардың күні бұл

Жүргізуші:Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»  
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)  
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.  
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!  
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.  
«Бар мейіріміміз балаларға!» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін Ауыл әкімі:Әйтжанов Әсілбек мырзаға және мектеп директоры Тұрсынов Насыр ағайға береміз.  
Ханша: 
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік?
:

Жүргізуші: Бұл «Қожакент» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі,ақылды,білімпаз,өнерпаз балалар тұрады.

(осы сәтте бір топ бала шығады)
Қожакент ауылында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай


Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.

Арон:Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
 
Жадырайды жанымыз

Мерей
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Медина:Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Би:«Әлем көгершіндері»
Ханша:Ой,қандай керемет балалар,қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар.

Жүргізуші:Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай.Мен сізге уәде беріп едім ғой,егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.

Ханша: «Мен әлемдегі өте адал,мейрімді,өнерлі,білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді»деген тілек еді.Міне,сол тілек орындалып мен «Қожакенттің» балдырғандар еліне келіп тұрмын.

Жүргізуші: Бүгін бізде мереке,қуанышта балалар, хош келдіңдер,хош келдіңдер ата-ана,қонақтар!
Құрметті «Ақниет» шағын орталығының көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.

Құрметті Ханшаменімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:Жарайды,келісемін мен де соны қалап тұр едім
Жүргізуші: Өте,тамаша келіңіз менің қасыма.Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар .Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханша:Әрине менде құр қол келген жоқпын.

(«Бала тілегі» әнін орындайды)
Жүргізуші:
Өте тамаша ,рахмет өнеріңе.



Жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары» да келіпті,хош келдіңіздер!Төрден орын алыңыздар

Ертегілер елінде: «Қызыл телпек»

Жүргізуші: Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Періштелер» биімен
Ермұхаммед:. Отан - жерім,
Отан - суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан - ұран,
Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді!

Нұртілек:Біз бақытты баламыз,

  Ақылдымыз, данамыз

  Ертеңгі күн еліміздің

  Батырлары боламыз.


Айару:Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз.


Нұрмұхаммед:Біздің топ әдепті,
Бәріне көмек береді.
Біздің топ әрқашан
Жетістікке жетеді.
Біздің топ қашанда
Алғашқы боп жүреді.
Мұғалімдер барлығы
Бізді мақтан етеді.

Жансая:Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анам мені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.



Жүргізуші:Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамыз,- деп енді балаларымыз апайларына өз ризашылықтарын білдіреді:

Хормен:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Әдіскер Несіпкүл апайға

Риза әкем, анам да.

Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі-бәрі дап-дайын.

Қамымызды ойлаған

Директор Насыр ағайға мың алғыс!

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер Айжан апайға мың алғыс!

Тәтті тағам пісірген,

Айран, сүтін ішкізген.

Аспазшы апайлар

Сіздерге де мың алғыс!

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді танытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қатемізді кешірген.

Тәрбиеші апайларға,

Айтамыз біз мың алғыс!

Жүргізуші: Мәз-мейрам бүгін бүлдіршін,

Естисің сыңғыр күлкісін.

Естисің тәтті сөздерін,

Байқайсың жанған көздерін.

Көрсетер бүгін өнерін,

Балбұл жанған ұл-қызың.

Құтты болсын қадамың,

Мектепке басар жұлдызым!

Би: «Мектебім»

Айбек: Нағыз білім ырыс, бақ,

Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

Дария: Таудай биік талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім,

Қарындаш пен қаламым.



Жүргізуші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені

Жүргізуші: 

-Ал Ханша,қалай екен біздің балалар? Менде балалармен ойынды жалғастырғым келіп тұр. «Ия, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Мектепке біз барамыз ба?

2.Кілең бестік аламыз ба?

3.Айтқан тілді аламыз ба?

4.Ақылды бала боламыз ба?

5.Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6.Ертеңгісін ерте тұрамызба?

7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Біз оқушы боламыз ба?

9.Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

Балалардың жауабы:

-Оқып білім алу үшін!

-Еліме еңбек ету үшін!

-Білімді азамат болу үшін!

-Ер жетіп Отанымды қорғау үшін!


Ханша:

-Ой, балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке, не керек?

Жүргізуші: -Олай болса ата-аналармен де «Ия, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.Сериал көріп жатасыз ба?

5.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

6.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

7.Өзің оқы, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

Жүргізуші: -Рахмет көп-көп!

-Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер. Сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар деген сенімдемін.

Жүргізуші:

Балам дедім, ұлым дедім,

Қызым дедім сендерді.

Талай нәрсе үйрендіңдер,

Қыркүйектен келгелі.

Енді бүгін жаңа қадам

Басасыңдар мектепке.

Батылдық пен жігерлікті



Тілеймін мен сендерге.

Әдептілік, ибалылық,

Ізеттілік сақтаңдар.

Жалқаулыққа, жамандыққа

Ешбір қадам баспаңдар.

Кілең төрт пен бестік деген

Жақсы баға алыңдар.

Сәбилік таза пейілменен

Адам қалпы қалыңдар!


Ханша: Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша!

Би: «Гүлдер».

Жүргізуші: Талайлардың шырқалады жыр әні,  
Талайлардың жүрегі нұр құшады.  
Бүгінгі күн туған жер аспанында,  
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.  

Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»

Жүргізуші: Денсаулық ол – күлуің,  
Көңіл күйің жадырай.  
Денсаулық ол жүруің,  
Ешбір жерің ауырмай.  

«Спорттық би» бір топ бишілер  

Жүргізуші: Әнші болғым келеді бұлбұлдайын  
Әміредей болуды армандаймын  
Қанатымды қондырып ұшқан кезде  
Арманыма жақындап қалғандаймын.  

Ән:«Достық»

Жүргізуші:Достарымыз бар қуанып,  
Тамашалар кештерде  
Талшыбықтай бұралып,  
Биші боламыз өскенде.  
Би: «Әлем көгершіндері» бір топ бишілер  

Жүргізуші:
Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай,
Жансая мен Інжу қыздың биін-ай.
Әуеніне қол соғып,биіне қол соғың-ай.
«Шығыс» биі

Ханша: Келесі кезекте Жусіп Нұрмұхамед пен Ануарбек Қайыржанның орындауында «Қазақ қызға үйленем» әні



Жүргізуші: «Орыс биімен» бишілер тобын шақырамыз
Ханша: Енді ортаға «Стюардесса» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханша: Менің елге қайтатын уақытым болды. Маған рұқсат бересіңдер ме, балалар?
Жүргізуші:Жарайды Ханша, келіп бізбен бірге мерекені тойлағаның үшін рахмет! Жолың болсын!
Ханша: Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық.Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін,осындай ғажайып әлеммен таныстырған «Ақниет»шағын орталығына көп рахмет.
Достар хош болыңдар кездескенше күн арайлы болсын!
Жүргізуші:Қане, балалар ,жақсы әніміз бен досымызды шығарып салайық.«Мен ауылға барамын» әні

Жүргізуші:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын  
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың  
Қадамдарың сәтті болсын, балалар  
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін әдіскер Абдуллаева Несіпкүл апайға береміз.  

Тәрбиеленушілердің әжесі балаларға арнап ақ батасын береді.  !















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі